Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Ландышев Иван Михайлович (1925-1945), Кеңес Одағының батыры
Иван Михайлович Ландышев 1925 жылы 18 январьда Тверь облысы, Бежецкий ауданы Роща хуторында шаруа семьясында туған. Аштық пен ұжымдастырудан қашқан отбасы Ертіс өңірін келіп паналайды. Жарма ауданының Ақжал кенішінде жеті класты бітірген соң шахтада лебедчикболып жұмыс істейді.
1943 жылы январьда Совет Армиясы қатарына шақырылып, атқыш –пулеметшілер курсын бітіріп, кіші лейтенант атаған алады. 1944 жылдың тамыз айынан бастап майдан шебінде. 1945 жылы февраль-март айларында совет әскерлері Берлин бағытындағы шешуші шайқасқа дайындалады. 1-Белорусь майданының әскерлері Штеттинск қаласы (Польша) бағытында шайқасқа кірседі. 1945 жылы 18 мартта 257 - атқыштар полкінің взвод командирі лейтенант И.Ландышев кезекті атакаға шығуға жауынгерлерін дайындауға бұйрық алады. Иван Ландышев өз взводын атакаға көтеріп, алғашқылардың бірі болып жау шебіне жетті. Рота командирі қатардан шығып қалған кезде, оның орнын басып, ұрысты шебер ұйымдастыра білді. Қояма-қолтық ұрыс кезінде жақыннан атылған автомат оғынан жараланғанына қарамастан командир ұрыс алаңын тастап кеткен жоқ. Жауынгерлер нық шыққан командир даусын естді. Офицер Ландышев дәл лақтырылған гранатамен дұшпанның пулемет расчетының үнін өшіреді. Сөйтіп, ротаға жол ашылады.
Фашистер соңғы күштерін жинап, шешуші шабуылға шығады. Артиллерия мен минометтен жаяу әскерлерге оқ боратады. Танктердің артына жасырынған фашистер біздің әскери бөлімшелерге келіп тіреледі. Жаудың контратакасын қайтарған атқыштар қайыра алға жылжиды. Лейтенант, 185- Панкратов-Прага атқыштар дивизиясы 257- Варшава атқыштар полкі атқыштар взводының командирі И.М. Ландышев 1945 жылы 18 наурызда И.Ландышев екінші рет ауыр жараланып қайтыс болады. Померанияның Клебов деревнясында (Польша) жерленген. Әскери тапсырманы орындау кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін 1945 жылғы 31 майда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша лейтенант И.М. Ландышевқа Совет Одағының батыры атағы берілді.
И. М. Ландышев туралы әдебиеттер
Литература о И. М. Ландышеве
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 674 – Т.2
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 347-348.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.117
Отан батырларын мадақтайды: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы