Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Мұхамадиев Хамза Мүрсәлімұлы (1907-1997) - Кеңес Одағының Батыры.
Орталық майданның 13-ші армиясы 70-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 205-ші гвардиялық атқыштар полкінің взвод командирі көмекшісі, гвардияның аға сержанты.
1907 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылында дүниеге келген. Ұлты-татар.Томск қаласында жеті жылдықты бітірген. 1924-1927 жылдары Томск темір жолының «Тайга» станциясында сатушы болып жұмыс істеген. 1928-1929 жылдары Қызыл Армия қатарында болған. 1930 жылы Кемеров облысындағы Анжеро-Судженск шахтасында, 1932 жылы Коммунар шахтасында кен қазушы болып еңбек етті. 1938 жылы Шығыс Қазақстан облысына қайтып оралды.
1941 жылы 26 шілдеде әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың мамыр айынан 70-гвардиялық Қызыл Ту атқыштар дивизиясының 205-гвардиялық атқыштар полкінің атқыштар взводы командирінің көмекшісі болады.
1943 жылы Курск шайқасында ерекше көзге түскен. 205 гвардия атқыштар полкінің (70-гвардиялық атқыштар дивизиясы 13- армия, Орталық майдан) взвод командирінің көмекшісі, гвардия аға сержанты Хамза Мұхамадиев қаза тапқан взвод командирінің орнын басып, команданы өз қолына алады.
Аға сержант Хамза Мұхамадиев жарақаттанғанына қарамастан, жетекшілік етуді жалғастыра берді. 15-шілдеде жаудың тағы екі танкісін құртады. Ал 6-15 шілде аралығында Мұхамадиев қарсыласының үш «тигрін», бес танкісі мен 60-тан астам жауынгер мен офицерлерін құртқан. Сондай-ақ, марапаттау парағында оның взводы 397 гитлершіл мен 27 танкіні жойғандығы көрсетілген.
1943 жылы 27 тамызда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Х.М.Мұхамадиев «Алтын Жұлдыз» медалімен және Ленин орденімен марапатталған.
1945 жылы старшина Х.М.Мұхамадиев демобилизацияланды. Кемеров облысы Прокопьевск қаласында кенші болып жұмыс істейді. Новосібір қаласында тұрады. 1997 жылы 8-қыркүйекте қайтыс болады. Новосібірдің Заельцовск (татар) зираты, 72-кварталында жерленген.
Х. М. Мұхамадиев туралы әдебиет
Литература о Х. М. Мухамадиеве
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.185.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 553 б.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы