Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Мыза Владимир Иванович (1915-1944) - Кеңес Одағының Батыры
185-ші гвардиялық атқыштар полкі командирінің орынбасары (60-ші гвардиялық Павлоградтық Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы, 6-шы әскер, 3-ші Украин майданы), гвардия капитаны.
1915 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ұлты-орыс. 1932 жылдан бастап отбасымен бірге Кемерово және Новокузнецск Новосібір облысында (қазіргі Кемерово) тұрған. Осыдан орта мектепті және ФЗО-ны бітірген. Новокузнецк қаласындағы Кузнецк металлургиялық комбинатында құрылысшы болып жұмыс істеді. Омск көркем техникумының 3 курсын бітірген.
1937-1939 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Кеңес əскері қатарына 1937 жылы шақырылып, өз борышын өтеді.
1941 жылы Кемерово жаяу əскерлер училищесін бітірген. 1942 жылы 185-гвардия атқыштар полкі құрамында (3-Украина майданы 6-армия 60-гвардия атқыштар дивизиясы) ұрыстарға қатысты.
Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың 3 маусымынан бастап қатысты. Оңтүстік-Батыс майданының 6-армиясының 309-атқыштар дивизиясының 957-ші атқыштар полкінде рота командирінің орынбасары қызметін атқарды. 1942 жылдың жазы мен күзіндегі кеңес-герман майданының оңтүстік қапталындағы ең қиын қорғаныс шайқастарына, соның ішінде Воронеж-Ворошиловград қорғаныс операциясына қатысушы. 1942 жылы үш рет жараланған.
1942 жылы күзде Коротояк қаласының жанындағы Дон плацдармында соңғы жарақатын алып, госпитальда емделгеннен кейін 1942 жылы қарашада әскери училищеге мұғалім болып жіберілді. 1943 жылдың қаңтар айынан бастап аға лейтенант В.И.Мыза (1942 жылы 11 қарашада берілген әскери атақ) 6-армияның кіші лейтенанттары курстарында оқытушы, 1943 жылдың мамырынан осы курстарда пулемет ротасының командирі. Ол дайындаған жауынгерлердің ішінен 153 тамаша пулеметші шықты. 1943 жылы наурызда Харьков қорғаныс операциясы кезінде ұрысқа кіріскен қиын сәтте атыс жүйесін сауатты ұйымдастырып, фашистердің бірнеше шабуылын шебер тойтарып берді.
1943 жылдың қарашасынан - 185-гвардиялық атқыштар полкі (60-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 6-армия, 3-Украина майданы) батальон командирінің орынбасары.
Днепр шайқасында ерекше көзге түсті (Днепропетровск шабуыл операциясы. 1943 ж.). 1943 жылдың 25 қарашасына қараған түні 185-атқыштар полкінің батальоны Днепр өзенінен өтіп, Разумовка селосы маңындағы (Запорожье облысы Запорожье ауданы) плацдармға бекініс құрды. Осы уақыт ішінде Мыза Владимир Иванович батальоны 13 қарсы шабуылды тойтарып, оларға ауыр соққы берді. 1944 жылы 30 қаңтарда 3-Украина майданы жауынгерлері шабуылға шығып, Никопольск-Кривой Рог операциясы басталды. 1944 жылы 30 қаңтарда 3-ші Украин майданының әскерлері шабуылға шықты - Никополь-Кривой Рог операциясы басталды. Бұл күндері гвардия капитаны В.И. Мыза науқас батальон командирін ауыстырды. Миролюбово ауданында - Красиндорфта неміс қорғанысын серпіліс кезінде батальонды батыл басқарды. Днепропетровск облысы, Никополь ауданы, Новоивановка селосы ауданында 1944 жылы 5 ақпанда минометпен шабуыл кезінде неміс минасы жақын жерде жарылып, көптеген ауыр жарақаттар алды. Капитан медициналық батальонға эвакуацияланып, келесі күні алған жарақатынан қайтыс болды. Новоивановка селосында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Мыза Владимир Ивановичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өскемен қаласында Мыза атындағы көше бар, өзі оқыған мектепке мемориалдық тақта орнатылған.
Гвардия капитаны (29.06.1943). Ленин орденімен (22.02.1944), 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен (4.03.1944 ж., қайтыс болғаннан кейін), «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен (16.06.1943) марапатталған.
Батырдың есімі Өскемендегі мектеп пен Новокузнецк қаласындағы №11 кәсіптік лицейге берілді. Бұл кәсіптік лицей ғимаратына 2011 жылы мемориалдық тақта орнатылды. Сондай-ақ, Кемероводағы Кино үйінде мемориалдық тақта орнатылды, сол қалада оның есімі бір көшеге берілді.
Соғыс кезіндегі көптеген құжаттарда Батырдың тегі «Мызо» деп қате берілген.
В.И. Мызы туралы әдебиет
Литература о Мызы В.И.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 115 б.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – 290 б.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 558 б.
***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627 - Т.2
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
В.И.Мыза [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=9603 (11.07.2019)
В.И.Мыза (Мызо)* [Электронный ресурс] : [документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза] // Подвиг народа : сайт. – Режим доступа :http://www.podvignaroda.ru/?#tab=navPeople_search (11.07.2019)
В.И.Мыза (Мызо)* [Электронный ресурс] : [документы о выбытии] // Герои страны : сайт. – Режим доступа:https://obdmemorial.ru/html/search.htmf=%D0%BC%D1%8B%D0%B7%D0%BE&n=
%D0%B2%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80&s=
%D0%B8%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87&y=&r= (11.07.2019)