Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Сафиуллин Ғани Бекінұлы (1905-1973) - Кеңес Одағының Батыры.
Дала майданы, 7-гвардиялық армияның 25-атқыштар корпусының командирі, гвардия генерал-майоры.
Ғани Бекінұлы Сафиуллин 1905 жылы 1 шілдеде Старый Кашир қазіргі Сарманов ауданы (Татарстан) шаруа отбасында дүниеге келген. Ауылдық медреседе оқыған. 20-жылдары ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, жетім бала ел аралап кетеді. Ол 1922 жылы тағдыр айдап Қазақстанның Торғай даласына келіп, мал бағуға жалданады. 1923-26 жылдары өлкелік совпартшколада оқиды. Оны бітірген соң Семей қаласының Бұқтырма уездік комсомол комитетіне нұсқаушы болып жіберіледі.
1927 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1-кавалериялық дивизияның 1-Советтік Казак полкында: бөлімше командирі, взвод командирінің көмекшісі қызмет етті. 1928 жылы Прокуров қаласында запастағы командирлер құрамын әзірлеу Курсынан өткен.
1930 жылдың наурыз айынан СССР ОГПУ Шекара әскерінде қызмет етіп, Могилев-Подольскі қаласының 24-шекара отряды командирінің көмекшісі болды. 1931 жылы қараша айында – Түркістан ОГПУ-нің 114-жеке дивизиясы взводының командирі.
1932 жылдың желтоқсан айынан СССР ОГПУ Ішкі әскерінде қызмет етті – адьютант, 1933 жылдың қарашасынан – ОГПУ Горький оқу дивизионы 5-жеке штабының бастығы. 1934 жылдың маусым айынан – ОГПУ 37-полкының сап бөлімі жөніндегі дивизионы командирінің көмекшісі, 1935 жылдың сәуірінен – Иваново қ. НКВД дивизионы 9-штабының бастығы. 1937 жылдың ақпан айынан НКВД-нің Сормоводағы 185- әскери полк командирінің көмекшісі. 1938 жылдың мамыр айынан – штаб бастығы, соңынан НКВД 178-әскери полкының командирі. 1939 жылдың сәуірінен – өнеркәсіптің аса маңызды кәсіпорындарын күзету жөніндегі НКВД-нің 103-жеке батальонының командирі. 1941 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның кешкі факультетін бітірген.
Неміс-фашист басқыншыларымен шайқасқа соғыс басталған күннен қатысты. 1941 жылдың маусымынан – Батыс майданның 22-армиясы 256 атқыштар дивизиясының 930-атқыштар полкының командирі, Смоленск қорғаныс шайқасы мен Великие Луки бағытындағы қорғаныс ұрыстарына қатысты. 1941 жылдың қазанынан – 30-Калининград майданы 178-атқыштар дивизиясының 709-атқыштар полкының командирі.
1942 жылдың сәуірінен – командирдің орынбасары, 1942 жылдың маусымынан – Оңтүстік-батыс майданы 28- армиясы 38-атқыштар дивизиясының 38-атқыштар дивизиясының командирі, 1942 жылы Харьков және Донбасс қорғаныс шабуылдарына қатысқан, соңынан Сталинград майданы 64-армиясының 21-құрамында Сталинград шайқасына қатысты. 1943 жылы ақпанда дивизия Воронеж майданының 64-құрамында Харьков қорғаныс шабуылына, Белгород түбіндегі Северский Донец өзені үшін ұрысқа қатысты.
1943 жылдың сәуірінен - Воронеж, Степной, 2-Украина майданы 7- гвардиялық армияның 25-гвардиялық атқыштар полкының командирі, ол Белгород-Харьков шабуылы және Днепр үшін ұрысқа қатысқан. 25-гвардиялық атқыштар корпусы командирі кезінде (Дала майданы, 7-гвардиялық армия) Украинаны азат етуге қатысты. 1943 жылы 25 қыркүйекте оның қолбасшылығымен әскери корпус Украинаның Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданының Бородаевка және Домоткань селолары маңында Днепрден өтті. Әскери корпустың полк және дивизия артиллериясы жаудың бірнеше мәрте жасаған шабуылын тойтарып, 5 күнде майдан плацдармын 25-ке, тереңдігін 15-километрге дейін кеңейтіп, сонда мықтап бекінді.
1943 жылғы 26 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен әскер құрамаларына табысты басшылық жасап, көрсеткен жеке ерлігі мен батырлығы үшін гвардия генерал-майоры Сафиуллин Ғани Бекінұлына Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» (№ 1342) медалімен марапатталды.
Соңынан корпус қолбасшысы ретінде Нижнеднепровск, Кировоград, Уман-Ботошанск, Ясско-Кишинев, Дебреценск, Будапешт шабуылдарына қатысты.
1945 жылдың наурызынан – 2-Украина майданы 53-армияның 57-гвардиялық атқыштар корпусының командирі, Братислав-Брнов және Прага шабуылдарына қатысқан. 1945 жылдың жазында әскери корпус армия құрамында Қиыр Шығысқа жіберілді. 1945 жылы тамызда Забайкалье майданы құрамында совет-жапон соғысының Хинган-Мукден ұрысына қатысты. Жапонияны жеңгеннен кейін 1945 жылдың қарашасына дейін корпусқа қолбасшылық жасады.
1947 жылы К.Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академия жанындағы Жоғары академиялық курсты бітірді. 1947 жылдың сәуірінен – 38-гвардиялық әуе-десанттық корпусы командирінің орынбасары. 1949 жылдың шілдесінен – Прибалтика әскери округі 11-гвардиялық армиясының 36-гвардиялық атқыштар корпусының 10-гвардиялық атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары. 1950 жылдың қарашасынан – Прибалтика әскери округінің 16-гвардиялық атқыштар корпусы командирінің орынбасары. 1956 жылдың тамызынан –Солтүстік-Кавказ әскери округінің 112-атқыштар корпусы командирінің орынбасары.
1957 жылдың маусымынан генерал-лейтенант Ғ. Б. Сафиуллин– запаста. Татар АССР-і астанасында тұрып, қызмет істеді. 1973 жылы 14 қазанда қайтыс болды. Қазан қаласының Арск зиратында жерленген.
Генерал-лейтенант (2.11.1944). 2 Ленин, 3 Қызыл Ту, 2 2-дәрежелі Суворов, Қызыл Жұлдыз ордендері және медальдармен марапатталды. Қазан қаласының бір көшесі Батыр есімімен аталады.
Ғ. Б. Сафиуллин шығармалары
Произведения Г. Б. Сафиуллина
Сафиуллин, Ғ. Б. Жеңіс жолында : [Мәтін] / Ғ. Б. Сафиуллин. - Алматы : Қазақстан, 1969. - 264 б. : портр.
Ғ. Б. Сафиуллин туралы әдебиеттер
Литература о Сафиуллине Г. Б.
Отан батырларын мадақтайды: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных: Восточноказахстанцы - Герой Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник.- Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Ғани Бекінұлы Сафиуллин [Электронды ресурс]: [өмірбаяны] // Кеңес Одағының батырлары: [сайт]: http://veteran-vko.kz/kz/heroes.htm?id=118
Гани Бекинович Сафиуллин [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : [сайт] : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=457 (дата обращения 15.06.2020)
Гани Бекинович Сафиуллин [Электронный ресурс] : [биография] // Биографии Героев и писателей СССР : [сайт] : http://pavelskaz.ru/343.html (дата обращения 15.06.2020)