Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Новиков Василий Корнеевич (1907-1981) - Кеңес Одағының батыры.
Украина майданы 2-армия, 4-гвардия полкі 438-танкіге қарсы қарудың артиллериялық полк командирі, подполковник.
Василий Корнеевич Новиков 1907 жылы 15 (28) тамызда Тверь облысының Пеновск ауданының Наумов селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1919 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Бородулиха ауданы, Бородулиха селосына қоныс аударып, тас қашаушы болып жұмыс істеген. 1930 жылдан Коммунистік партия мүшесі. Білімі – жетікластық.
1929 жылы Кеңес әскері қатарына қабылданды.1933 жылы артиллериялық училищені бітірген. 1941 жылдың шілде айынан майданда болған. Оңтүстік Батыс, Карелия, 2-ші Украина майданы 2-армия, 4-гвардия полкі 438- танкіге қарсы қарудың артиллериялық полк құрамында ұрыстарға қатысқан. Соғыстың басында Котовский атындағы атты дивизияда командирдің орынбасары болған. Соғыста ерен ерлік көрсетіп, қатты жараланып, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.
1944 жылы 17 ақпанда Черкасск облысы Лысянск ауданы Журжинца селосы маңында 1500 неміс әскері автомат-пулеметтен оқ жаудырып, полктың қорғанысын бұзып, қоршаудан шығуға әрекет жасады. Фашистер қатары азайғанмен шабуылды тоқтатпады. 300 гитлершілдер атыс позициясына өте жақын келген кезде подполковник В.К. Новиков «Оқты тоқтатпаңдар, қарудың жанына екі адамнан қалдырып, қалғандарың шабуылды қолдағы қарумен тоқтатыңдар!» -деп бұйрық берді. Ызаланған фашистер тобы бұзып-жарып қаруға жетті. Қояма-қолтық айқас басталды. Кейінірек артиллеристердің атыс позициясынан 40 немістің өлігін санады. Айқас кешке дейін созылды. Снарядтар бітті. Қауіпті сейілту үшін полк командирі шабуылды өзі ұйымдастыруды шешті. Барлық барлаушылар, байланысшылар, жүргізушілер, оқтары таусылған батарея жауынгерлерін жинап алып, «Шабуылға дайындалыңдар! Соңымнан еріңдер! Ура-аа! » -деп окоптан бірінші болып атып шықты. Бүйірдегі батареялар шабуылды қолдады. Тау бөктерінде қояма - қолтық ұрыс басталды. Мұндай қысымға дұшпандар шыдай алмай кері шегінді. Осы уақытта біздің танктер де келіп жеткен еді. Осы ұрыста В.К. Новиков екінші рет жараланса да қатардан шықпады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен әскери тапсырманы шебер орындап, ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін подполковник Василий Корнеевич Новиковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин және «Алтын Жұлдыз» ордендерімен марапатталды.
1955 жылы полковник В. К. Новиков құрметті демалысқа шығып, Ташкент қаласында тұрды. 1981 жылы 20 қаңтарда өмірден өтті. Ташкент қаласында жерленген.
В.К. Новиков екі рет Қызыл Ту, Ленин, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
В. К. Новиков туралы әдебиет
Литература о В. К. Новикове
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.570 .
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.193
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы