Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Окунев Григорий Селиверстович (1923-2002) - Кеңес Одағының Батыры.
Григорий Селиверстович Окунев - 966 – артиллериялық зеңбірек полкы командирі (383- атқыштар дивизиясы, 33-армия, 1- Белорус майданы).
1923 жылы 25 наурызда Семипалатинск қаласында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.) қаласында дүниеге келген. Балалық және жасөспірім шағы Солтүстік Кавказда өтті. 10 жасында жетім қалып, Пятигорск, Георгиевка, Орджоникидзе, Грозный балалар үйлерінде тәрбиеленді. 1937 жылдан Ольгинское(Солтүстік Осетия) селосындағы үлкен әпкесінің қолында тұрды. Мұнда 7 сыныпты бітіріп, тракторшыларға көмектесе жүріп өзі де техника тілін меңгерді. Жазғы каникул кезінде тіркеуші /прицепщик/ болып жұмыс істеді.
Курстан кейін, Нартовск машина-трактор станциясында тракторшы болды. Соғыс басталысымен майданға сұранды. МТС директорына, аудандық әскери комитетіне өтініш жазғанымен, сәтсіз болды. Тек 1942 жылдың жазында, соғыс Солтүстік Осетияға жақын қалған кезде ғана Г.С.Окуневтің өтініші қабылданды.
1942 жылы тамызда Окунев Солтүстік Осетия аудандық Правобережный әскери комитеті армия қатарына шақырып, Махачкалаға 337-атқыштар дивизиясына жіберілді. Ол қысқа мерзімде әскери жаттығудан өтіп, танкке қарсы қарудың (ПТР) бірінші нөмірі болды. Сол жылы қазан айында Владикавказ түбінде алғаш рет ұрысқа қатысып, Терск үстіртіндегі шайқаста оң аяғынан жараланған соң Махачкала госпиталіне жіберілді.
Жазылып шыққан соң Кубаньді жаудан азат ету ұрыстарына қатысты. 1943 жылы сәуірде теңіз жаяу әскерінің 164-бригадасы құрамында Краснодар өлкесінің Красноармейская станицасы түбінде жаумен айқасты. 1943 жылы сәуірдің соңында 383-атқыштар дивизиясының 966-артиллериялық полкына жіберіледі. Жаумен шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы, Тамань түбегін азат етуде көрсеткен артиллериялық шеберлігі үшін екі мәрте «За отвагу» медалімен марапатталды.
1943 жылы күзде және 1944 жылдың басында кіші сержант Окунев 4-Украина майданының Жеке Приморск армиясы құрамында Қырымды жаудан азат етуге қатысты. Аджимушкая ауданындағы кескілескен ұрыста Окунев тобы гитлершілерге тойтарыс беруде ерекше көзге түсіп, «2-дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталды. 1944 жылы мамырда Окунев өзінің зеңбірекшілер тобымен, жаяу әскермен бірге Сапун-тауында жауға күйрете соққы берді. Севастопольдегі фашистер гарнизонына шабуылға қатысты.
1944 жылы қыркүйекте 383 атқыштар дивизиясы 1-Белоруссия майданына жеткізіліп, 33-армия құрамына кірді. Кіші сержант Окунев зеңбірек тобы командирі ретінде Польшаны жаудан азат етуге, Пулавск плацдармын ұстауға қатысты. Ол соғыста көрсеткен ерлігі үшін екінші рет «2-дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталды. 1945 жылы қаңтарда Висла-Одер шабуылдары кезінде ерекше көзге түсті.
1945 жылы 23 қаңтарда атқыштар ротасының қатарында, кіші сержант Окунев өз әскери тобымен Калиш (Польша) қаласы маңында шегінген фашистердің жолын кесіп, алдыңғы танкті жойды. Қиын сәтте зеңбірек жанында қалып, жау танктері мен өздігінен жүретін зеңбіректі құртты. Гитлершілердің шабуылы іске аспады.
1945 жылғы 31 мамырда СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен әскери тапсырманы үздік орындап, неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін, кіші сержант Окунев Григорий Селиверстовичке Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.
Окунев Жеңісті Эльба жағасында қарсы алып, әскери қызметін жалғады. 1945 жылы 7 қарашада сержант Окунев Германиядағы әскери Топ штабына шақырылып, маршал Г.К. Жуковтың қолынан Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалін алды.
1947 жылы әскер қатарынан босатылды. Солтүстік Осетияға оралып, МТС-те тракторшы болып жұмыс істеді. 1949-1961 жылдары Беслан қаласында аудандық байланыс конторының басшысы қызметін атқарды. 1961 жылы Правобережный ауданының «Сельхозтехника» басқармасында экскаваторшы болды. КПСС-тің Солтүстік-Осетия обкомының мүшесі болып сайланды. 1983 жылы құрметті демалысқа шықты.
Өмірінің соңғы жылдары Орджоникидзе(Владикавказ) қаласында тұрды . 2002 жылы 22 сәуірде қайтыс болды. Владикавказда Қызылгвардия саябағының Даңқ аллеясында жерленген.
Ленин ордені (31.05.45), 1-дәрежелі Отан соғысы (06.04.85), екі 2-дәрежелі Отан соғысы ордені (17.06.44; 03.06.45), Қызыл Жұлдыз орденімен (16.12.43), медальдармен, соның ішінде екі «За отвагу» медалімен марапатталған.
Г. С. Окунев туралы әдебиет
Литература о Г. С. Окуневе
Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.587.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.197.Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
Интернет-ресурстар
Интернет ресурсы