Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Геологтар

Адрышев А. К.

1234

Адрышев Айтқазы Қалиолдаұлы (1942) - техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының және Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.

Адрышев Айтқазы Қалиолдаұлы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің тау-кен металлургия факультетінің деканы.

Профессор Адрышев Айтқазы Қалиолдаұлы 1942 жылы 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Камышенка ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Серебрянск қаласындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, ВЛКСМ жолдамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма ГЭС Бүкілодақтық комсомол құрылысына жіберілді, ол жерден 1962 жылдың қазан айында Кеңес Әскері қатарына шақырылады. 1964 жылы Өскемен Жол-құрылыс институтының 1 курсына оқуға түсіп, оны 1969 жылы бітіріп, осы оқу орнының жолдамасы бойынша еңбекті қорғау кафедрасының ассистенті болып қалады. 1972 жылы Қазақ политехникалық институтының (қаз.ПТИ) пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру кафедрасына оқуға түсіп, оны 1975 жылы қорғауға диссертациясын ұсынумен аяқтады. Осы уақытта аталған кафедраның кіші ғылыми қызметкері қызметін қоса атқарады. Кандидаттық диссертацияны қорғау 1976 жылы Мәскеу тау-кен институтының Мамандандырылған Кеңесінде өтті. Аспирантураны бітірген соң, ЖҚИ-ға оралып, 1996 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) болып қайта құрылған осы ЖОО-ның аға оқытушысы, доценті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. 2000 жылдың наурыз айынан бастап жаңадан құрылған Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанындағы тау-кен металлургия институтын басқарады. А. К. Адрышевке 1982 жылы доцент ғылыми атағы, 1997 жылы - Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ профессоры академиялық атағы берілді.

1999 жылы 11.00.11 – «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2000 жылы ҚР ЖАК профессор ғылыми атағын берді. Ол ҚР минералды ресурстар академиясы мен ҚР Жаратылыстану Ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. А. К. Адрышев тау-кен өнеркәсібінде, түсті металлургияда, құрылыс материалдары өнеркәсібінде еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетекші ғалымдардың бірі болып табылады. Ол қазақстандық инженер-экологтар мектебінің қалыптасуы мен дамуына, еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мен сауықтырылуына елеулі үлес қосты. Минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласында қоршаған ортаны қорғаудың және еңбек қауіпсіздігінің инженерлік әдістері мәселелерімен 30 жылға жуық жұмыс істейді. Ол тау-кен өнеркәсібіндегі ұнтақтау-сұрыптау және байыту кешендерінің аспирациялық және желдету жүйелерінің теориялық негіздері мен есептеу, жобалау және қайта құру әдістемесін әзірледі және енгізді; қорғасын-мырыш өндірісінің құрамында күшала бар қалдықтарын, титан-магний өндірісінің шлам жинағыштарының қалдықтарын қайта өңдеу және залалсыздандыру тәсілдерін жасады. Оның ғылыми басшылығымен түсті металлургия және тау-кен өнеркәсібі объектілері орналасқан аудандардағы қоршаған ортаның жай-күйін кешенді бағалау әдістері әзірленіп, енгізілді. 133 ғылыми жұмыстың авторы. Шетелде басылымдары бар. Көптеген Бүкілодақтық және халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы.

 

А. К. Адрышевтің монографиялары

Монографии А. К. Адрышева

 

Адрышев, А. К. Актуальные проблемы экологической безопасности и пути их решения в Казахстане / А. К. Адрышев. - Усть-Каменогорск : ВКГТУ, 2008. - 515 с.

Инновационные разработки для горно-металлургической промышленности : сборник научных трудов / Министерство индустрии и торговли РК, РГП "Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья РК", ВНИИцветмет. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2008. - 174 с

Золотой фонд доктора наук и профессора университета / Министерство образования и науки Республики Казахстан, Восточно-Казахстанский технический университет им. Д. Серикбаева. - Усть-Каменогорск : ВКГТУ, 2008. - 240 с.

Адрышев А. К., Исследование новых наноструктурированных комплексных сорбентов для очистки сточных вод предприятий металлообрабатывающей промышленности [Text] / Адрышев А. К. Серая Н. В., Хайруллина А. А. // Қазақстан Респ. Ұлттық инженерлік академиясының Хабаршысы= Вестник Нац. инженерной академии РК. - 2015. - № 3(57). - С. 64-69.

 

А. К. Адрышевтің мерзімді басылымдағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях А. К. Адрышева

 

Адрышев, А.Кафедра расширяет деятельность : [О работе лабораторий охраны окружающей среды и труда УКСДИ] / А. Адрышев - Текст // Рудный Алтай. - 1995. - 18 июля.

Адрышев, А. К. Горно-металлургический институт живет и развивается : [В марте 2000 года в составе ВКТУ им. Д.Серикбаева организован горно-металлургический институт] / А.К. Адрышев - Текст // Вестник Восточно-Казахстанского технического университета. - 2000. - №3. - С. 11-12.

 

А. К. Адрышев туралы әдебиет 

Литература об А. К. Адрышеве

 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Адрышев А. К.: б. 137.

Маутканов, Г. Айтказы Адрышев: "Я не боюсь календаря" : [Директору горно-металлургического института государственного технического университета им.Д.Серикбаева исполняется 60 лет] / Г. Маутканов - Текст // Рудный Алтай. - 2002. - 12 сент. - С. 3.

Антонов В. А.

Антонов Валерий Александрович (1937) – техника ғылымдарының кандидаты, профессор

1937 жылы Днепропетровск облысының Кривой Рог қаласында дүниеге келген.

1955 жылы Өскемен қаласының № 4 мектебін аяқтайды.

1955-1960 жж. - Алматы қаласындағы Қазақ тау-кен металлургия институтының студенті болған.

1960-1963 жылдары - Өскемен қаласындағы ҚазКСР Ғылым Академиясының Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді.

1963-1971 жж. - ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімінің «Тау геометриясы және кеніштік геология», «Геологиядағы математикалық әдістер» зертханаларында жұмыс істейді.

1970 ж. - Қазақ политехникалық институтының Кеңесінде кандидаттық диссертация қорғайды.

1971-1977 жж. – Өскемен Құрылыс-жол институтының «Инженерлік геодезия» кафедрасының аға оқытушысы, доценті, меңгерушісі болады.

1974 ж. - доцент ғылыми атағы беріледі.

1977-1980 жж. – Өскемен қаласы ЖҚИ-дың «Орта арнаулы оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру» факультетінің деканы.

1978-1979 жж. - ҒДҚ Дрезден техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

1980-1988 жж. - Өскемен қаласы ЖҚИ-дың «Жол құрылысы» факультетінің деканы.

1988-1990 жж. - Өскемен қаласы ЖҚИ-дың «Жол-механикалық» факультетінің деканы.

1990-2000 жж. - Өскемен қаласы ЖҚИ, ШҚТУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры болады.

1992 ж. - ЖАК-пен «Инженерлік геодезия» кафедрасының профессоры атағы беріледі.

1997 ж. - Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланады.

1998 ж. - Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланады.

2000 ж. - Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және жаңа білім беру технологиялары институтының директоры, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ проректоры қызметтерін атқарған.

«Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.


В. А. Антоновтың ғылыми еңбектері

 

Научные труды В. А. Антонова

 

Антонов Валерий Александрович [Электронный ресурс] [биография] : [Труды ученых] //Официальный сайт ВКТУ им. Д. Серикбаева. - Режим доступа : https://www.ektu.kz/1815.aspx?lang=cn

Бубличенко Н. Л.

78

Бубличенко Н. Л. (1899-1990 жж.) – геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор (1940), Қаз КСР ҒА корреспондент-мүшесі (1958), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

1899 жылы 9 қазанда Харьков қаласында медицина қызметкері отбасында дүниеге келген. 1924 жылы Ленинград тау-кен институтын (қазіргі Санкт-Петербург тау-кен университеті) бітірген. Алтайда, Қаратауда және Балқашта геолог болып жұмыс істейді. 1939-1950 жылдары - Қазақ КСР ҒА Геология секторының бас қызметкері, 1951-1969 жылдары - Өскемен қаласының Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1963-1973 жылдары - Қазақстан Геология институтының Алтай бөлімінің ғылыми жетекшісі; 1973-1982 жылдары - осы институттың ғылыми қызметкері әрі кеңесшісі болған.

Палеозойдың стратиграфиясы мен палеонтологиясы бойынша ғылыми еңбектер жазған. Қазақстан аумағында төмен-жоғарғы девонның, ал Кузбасста — жоғарғы силурдың шөгінділері бар екенін бірінші болып дәлелдеген.

2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

1990 жылы 2 шілдеде Ленинград қаласында (қазіргі Санкт-Петербург) қайтыс болған.

 

Н. Л. Бубличенконың ғылыми еңбектері 

Научные труды Бубличенко Н. Л.

 

Бубличенко, Н. Л. Брахноноды нижнего карбона Рудного Алтая (тарханская свита) [Текст] / Н. Л. Бубличенко. – Алма-Ата, 1971.

Бубличенко, Н. Л Принципы и методы прогнозирования медно-колчеданного полиметаллического оруденения, [Текст] / Н. Л. Бубличенко. - Москва, 1972.

Бубличенко, Н. Л. Брахноподы среднего и верхнего девона Рудного Алтая, [Текст] / Н. Л. Бубличенко. – Алма-Ата, 1974.

Бубличенко, Н. Л Геологическая изученность СССР, [Текст] / Н. Л. Бубличенко. - Москва, 1983.

 

 Н. Л. Бубличенко туралы әдебиет

Литература о Н. Л. Бубличенко

 

Бубличенко, Николай Лазаревич // Казахстан. Национальная энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. - Т. I. 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бубличенко Николай Лазаревич: б. 284.

Беспаев Х. А.

bespaev

Беспаев Х. А. (1933) – кеңес және қазақ геологиялық-геохимигі, геология-минералдық ғылымдарының докторы (1985), профессор (1994).

1933 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауылында дүниеге келген.

1955 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын (Қазіргі ҚазҰТУ) тәмамдайды. 1955-1957 жылдары – «Казолово» кен басқармасының аға геологы, 1957-1964 жылдары - Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Алтай бөлімі, Өскемен қаласы) ғылыми қызметкері, 1964-1971 жылдары - бөлімнің ғылыми хатшысы, академик-хатшының орынбасары, төрағаның орынбасары, Қазақстан ҒА Төралқасының ғылыми хатшысы болған. 1971-1995 жылдары зертхана меңгерушісі, 1995 жылдан Геология ғылымдары институтының директоры.

Негізгі ғылыми еңбектері кен орындарының геохимиясына арналған. Кен орындарының пайда болуының геологиялық жағдайларын, кен элементтерінің таралу заңдылықтарын зерттеген. Риддер-Соколов кен орнында алтын кен орнын ашып, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізген (1997).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1995)

 Х. А. Беспаевтың ғылыми еңбектері 

Научные труды Х. А. Беспаева

 

Беспаев, Х.А. Геохимическая эволюция магматических формации Рудного Алтая, Проблемы петрологии Казахстана, т. 2, [Текст] / Х.А. Беспаев. – Алма-Ата, 1975

Беспаев, Х.А. Колчеданно-полиметаллические месторождения Прииртышского района, [Текст] / Х.А. Беспаев. – Алма-Ата, 1988 (соавт.).

 Х. А. Беспаев туралы әдебиет

Литература о Х.А. Беспаеве

 

Беспаев, Халел Абдулхакович // Казахстан. Национальная энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004.- Т. I. 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Беспаев Халел: б. 270.

Буктуков Н. С.

buktukov

Буктуков Николай Сәдуақасұлы (1948) – жер қойнауын ашық игеру саласы бойынша кеңестік және қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.

1948 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (Қазіргі Күршім) ауданының Уранхайка ауылында дүниеге келген.

1971 жылы Қазақ политехникалық институтын үздік бітіргеннен кейін 1972 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының тау-кен ісі институтына аға инженер болып жұмысқа түседі, ал 1975 жылы «Жер қойнауын ашық игеру» зертханасының кіші ғылыми қызметкері лауазымына ауыстырылады. 1976 жылы Кузпиде «Көлденең жатқан күрделі кен орындарын селективті игерудің технологиясы мен экономикалық тиімділігін зерттеу» атты кандидаттық диссертация қорғады. 1978 жылы Н.С. Буктуков кен орындарын игеру зертханасына аға ғылыми қызметкер болып сайланады. 1986 ж. «Көмір сапасының біркелкілігін қалыптастырудың ағымдық технологиясын жасау» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

1986-1987 жылдары көмір кен орындарын ашық тәсілмен игеру зертханасының меңгерушісі, 1987-1989 жылдары жетекші ғылыми қызметкер, 1989-1994 жылдары кен орындарын аралас игеру зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1994 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясында бөлім бастығы, 1994-1996 ж. ҚР ҰҒА Президентінің инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары, 1989-1997 ж. «Кен орындарын аралас игеру» зертханасының меңгерушісі, 1997-2001  ж. «Жер қойнауын ашық игеру» зертханасының бас ғылыми қызметкері, 2001 ж. директордың экономика және ғылымды коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, сонымен қатар «Жер қойнауын ашық игеру» зертханасының бас ғылыми қызметкері. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы болып тағайындалды.

Бұл лауазымда ҚР ҰҒА таратылғанға дейін 2003 жылғы желтоқсанға дейін жұмыс істеді, 2004 жылдан бастап 2006 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Химия-технологиялық зерттеулер орталығы» РМК бас директорының орынбасары, сонымен бірге кен орындарын игерудің физика-техникалық проблемалары зертханасының меңгерушісі, 2007 жылдан бастап жер қойнауын кешенді игерудің физика-техникалық проблемалары бөлімінің меңгерушісі болған. 27 тамыз 2010 ж. Буктуков Н. С. –«ҚР МШКҰЖ ҰО» РМК «Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты» ЕМК директоры болған.

Н.С. Буктуков ашық тау-кен жұмыстарында технологияларды әзірлеу саласындағы жетекші ғалым болып табылады. 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монография мен 20-дан астам өнертабыстың авторы, бірқатар өнертабыстар Жапония, Оңтүстік Корея, ГФР патенттерімен қорғалған.

Н.С. Буктуковтың ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметтегі еңбегін ғылыми қоғам мен Үкімет жоғары бағалады. Оның есімі Комсомол даңқы шежіресіне енгізілген, ол БЛКЖО ОК Құрмет Грамотасымен, КСРО ХШЖК қола медалімен және «КСРО өнертапқышы» белгісімен, ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және ҚР ИЖТМ «Кенші даңқы» төсбелгілерімен, ҚазКСР ҒА Президиумының Құрмет грамоталарымен, КОКП ОК, КСРО Жоғарғы Кеңесінің және БЛКЖО ОК Құрмет грамотасымен марапатталған. Ол Қ. И. Сатпаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 2003 жылы институттың Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде тау-кен ғылымын дамытудағы көп жылғы және жемісті еңбегі үшін оған «Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтының құрметті ғылыми қызметкері» атағы берілген.

Н. С. Буктуковтың ғылыми еңбектері мен өнертабыстары

Научные труды и изобретения Н. С. Буктукова

Буктуков Н. С. База патентов: https://kzpatents.com/patents/buktukov-nikolajj-sadvakasovich

Н. С. Буктуков туралы әдебиет

Литература о Н. С. Буктукове

 

Буктуков Николай Садвакасович НАН РК. Энциклопедический справочник. — Алматы, 2016. — 186 с.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Буктуков Николай Садвокасович: б. 285.

Буктуков Николай Садвакасович [Электронный ресурс]: [Биография и научная деятельность]// https://centrasia.org/person2.php?st=1072876647