Звание
"Герой Советского Союза"

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Полынин Федор Петрович (1906-1981) – Кеңес Одағының Батыры.
Қытайдағы бомбалаушы авиация тобының командирі, авиация генерал-полковнигі.
Федор Полынин 1906 жылы Саратов облысы Балаковский ауданы Сухой Отрог ауылында дүниеге келген. 1907 жылы отбасымен бірге Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылына қоныс аударған. Балалық шағы Самар ауылында өткен. Қызыл Армия қатарына шақырылған соң алдымен Вольский, сосын Орынбор ұшқыштар мектебіне жіберілген. Екі жылдан кейін ол өз еркімен Қытай-Жапон соғысына кеткен.
Қызыл Армия қатарында 1928 жылдан бері. 1929 жылы біріктірілген Әскери Әуе Күштерінің Вольск ұшқыш-техникалық мектебін бітірген. 1933 жылы Орынбордағы 3-ші ұшқыштар мектебін ұшқыш-бақылаушы болып бітірген. 1931-1933 жылдары – Н. Е. Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясының ұшқыш-инструкторы. 1933-34 жылдары қытай авиация мамандарын даярлайтын Синьцзян (Қытай) авиация мектебінің аға кеңесшісі. 1933 жылы Н. Е. Жуковский атындағы Әскери-Әуе академиясының командалық құрамды жетілдіру курсын бітірген. Әскери-Әуе күштерінің бөлімшелерінде (Мәскеу әскери округі), корабль және авиациялық отряд командирі қызметін атқарған. 1935 жылы Н. Е. Жуковский атындағы Әскери Әуе академиясы командирлер дайындайтын жедел курсын бітірген.
1937 жылдың қарашасынан 1938 жылдың сәуірі аралығында Қытайда жапон агрессорларына қарсы ұрыстарға қатысып, бомбалайтын авиатопқа жетекшілік жасаған. Кеңес шабуылшыларынң Формоз аралында (Тайвань) жапон аэродромын бомбалаған авиа шабуылына қатысып, 40 жапон самолетінің көзін құртқан.
Әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1938 жылғы 14 қарашадағы Жарлығымен полковник Полынин Федор Петровичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1938-1939 жылдары Қызыл Армияның ұшу техникасының аға инспекторы қызметін атқарған. 1939 жылдан Әуе Қарулы Күштерінің Киев ерекше әскери округі бастығының орынбасары. 1939-1940 жылдардағы Совет-Фин соғысына қатысушы, 1939 жылдың желтоқсан айынан Әскери әуе күштері 13-ші армия қолбасшысы. 1940 жылдың тамызынан Белорус ерекше әскери округінің 13-бомбалау авиация дивизиясының командирі. Авиация генерал-майоры (04.06.1940) 1941 жылдың тамызы-1942 жылдың мамыры аралығында Брянск майданы Әскери әуе күштерінің қолбасшысы. Мамыр айынан 2-әуе армиясының қолбасшысының орынбасары, 1942 жылдың қыркүйегінен 6- әуе күштері қолбасшысының орынбасары. Генерал–лейтенант (28.05.1943)
1943 жылдың тамызынан 1944 жылдың қыркүйегінен 6-шы әуе армиясының қолбасшысы. 1944 жылдың қазан айынан Польша Әскери Әуе күштерінің қолбасшысы. Батыс, Брянск, Солтүстік батыс, Калинин, 2-1- Белорус майдандарында шайқасқан. Шекара ұрыстарында, Мәскеу түбіндегі шайқастарға, 1942 жылғы Брянск, Воронеж бағытындағы, Демян шабуылы операцияларына қатысқан. 1943 жылы Невельск-Городок, Полесья, Белорус, Варшава-Познань, Берлин операцияларына қатысқан. Соғыстан кейін 1947 жылдың шілде айына дейін Польша Әскери Әуе күштеріне қолбасшылық жасаған. Одан кейін Кеңес әскери әуе күштерінде қызмет еткен.
1947-1950 –13-ші ( 1949 – 76-) әскери әуе (Ленинград әскери округі), 1950-1953 жылдары – 30-әскери әуе (Прибалтика әскери округі) қолбасшысы.
1955 жылы К. Е. Ворошилов атындағы Жоғарғы Әскери Академияны бітірген. 1956-1959 жылдары 57- әуе армиясына (Прикарпат әскери округі) басшылық жасаған. 1959-1971 жылдары – Әскери Әуе Күштері тыл бастығы. 1971 жылдан–запаста. Мәскеу қаласында тұрған. Орталық авиация және космонавтика үйінде қызмет еткен. 1981 жылы 21 қарашада қайтыс болып, Мәскеудің Кунцево зиратында жерленген (участок 9-3).
Авиация генерал-полковнигі (11.07.1946). 2 мәрте Ленин , Октябрь Революциясы (20.10.1976), 5 мәрте Қызыл Ту, 2 мәрте – 1-Дәрежелі Кутузов, 2-дәрежелі Кутузов орденімен , Еңбек Қызыл Ту орденімен, медалдармен, шетел наградаларымен (7 орден, 9 медаль Польша, Монголия) марапатталған.
Книги Полынина Ф. П.
Полынин, Ф. П. Боевые маршруты [Электронный ресурс] / Ф. П. Полынин. - М.: Воениздат, 1972.
Ф. П. Полынин туралы әдебиет
Литература о Полынине Ф. П.
Мусин, М. Ш. Полынин Федор Петрович / М. Ш. Мусин // От Толагая до Сарыбеля. - Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2005. - С. 97. (Венок славы)
Полынин Федор Петрович // Кеңес Одағының батырлары – шығысқазақстандықтар: Мағлұматнама = Герои Советского Союза – восточноказахстанцы: Справочник. - Өскемен: ШҚМУ, 2005. - Б. 91-92.
Полынин Федор Петрович // Отан батырларын мадақтайды: Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары = Родина награждает отважных: Восточноказахстанцы – Герой Советского Союза: фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай- қорығы / құрастырушы: Н. В. Крутова. - Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. - Б. 203-204.
***
Черных, С. Біздің даңқты жерлесіміз / Черных С. // Коммунизм туы. - 1976. - 18 ноябрь
Полынин Федор Петрович [Электронный ресурс]. - Герои страны: сайт. - Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=593 (дата обращения: 17.09.2021)