Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Клиновицкий Клим Тимофеевич (1924-1944) –Кеңес Одағының Батыры
52-гв. Кавалерия полкінің (Мозыр Қызыл Тулы дивизиясының 14 гв.кавалериясы, 7-ші гв. Кавалериялық корпус, 1-Белорус майданы) пулемет расчетінің командирі, гвардия сержанты.
1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Малоубинка селосында шаруа отбасында туған. Білімі-орта. Әскерге шақырылғанға дейін колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы Шемонаиха әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылған.
1942 жылдың соңғы айларынан майдан шебінде. 21-ші (1943 ж.14 ақпаны-14 гвардиялық) кавалериялық дивизияның 8- кавалериялық (14 ақпан 1943 - 7-гвардиялық) корпусының құрамында Оңтүстік Батыс, Орталық, Белорусс, 2-ші, 1-ші Белорус майдандарында шайқастарға қатысқан.
Польша аймағындағы Люблин-Брест шабуыл операциясы кезінде ерекше көзге түскен.
1944 жылы 26 шілдеде Вильколаз Первши елді мекені, Красницкий повят Люблинск воеводствасы (Красник қаласынан 10 км солт. шығысқа, Люблиннің оңт.- батысы) елді мекені жанында оның эскадроны қоршауға түскенде, пулеметтен оқ жаудырып, эскадронның қоршауды бұзып шығуына жағдай жасап, фашистердің екі ротасының шабуылына тойтарыс берді. 27 шілдеде қасындағы пулеметші қаза тапқан соң, жалғыз өзі пулеметтен оқ жаудырды. Жараланғанына қарамастан тағы да екі контратаканың бетін қайтарды. Шегініс кезінде танк десантының қоршауында қалды. Тағы да пулеметтен оқ жаудырып, босап шығуға әрекеттенеді. Патроны таусылған кезде танкке қарсы қолданатын екі бірдей гранатамен танктің астына кіріп, жарады. Сөйтіп өзі ерлікпен қаза табады.
Польша жерін жаудан тазарту кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 1945 жылы 24 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Клиновицкий Клим Тимофеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы (қаза тапқаннан кейін) беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
К.Т. Клиновицкий Вильколаз-Первши поселкасында жерленген. Батырдың туған жері Малоубинка селосында Батырға ескерткіш орнатылған, бір көшеге батырдың есімі берілген.
Әдебиеттер:
Интернет –ресурстар: