Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Аухадиев Қойгелді (1907-1943) - Кеңес Одағының Батыры.
1907 жылы Семей облысы Көкпекті ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін «Талапкер» ауыл шаруашылық артелінде төраға болып қызмет істеген.
1942 жылдан армия қатарында болды, танкіге қарсы 10-гвардиялық атқыштар полкінің командирі, 6-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 60-армия, Орталық майдан/, гвардия кіші сержанты Аухадиев 1943 жылы 23-24 қыркүйек ұрыстарында ерекше көзге түсті: оның жауынгерлік тобы Нижние Жары ауылы маңындағы Днепрден/ Гомель облысы, Брагин ауданы/ өтіп, жаудың бірнеше танкісін жойып, соғыс құралдарын істен шығарды. Батыл әрі ержүрек Қ. Аухадиев арғы жағалауға бірінші болып өтіп, негізгі күштің өтуіне жол ашып берді. Оның жауынгерлік есебінде 3 қираған және 2 өртенген танк, 3 оқ-дәрі тиелген жүк машинасы, «Фердинанц» өздігінен жүретін зеңбірек және 5 станокты пулемет. 1943 жылы 29 қыркүйекте сұрапыл шайқаста қаза тапты. Киев облысы Чернобыль ауданы Паришев ауылында жерленген.
Кеңес Одағының батыры атағы 1943 жылы 16 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен қаза тапқан соң берілді. Қойгелді Аухадиев Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. А.К. Гордиенко «Днпровские были» (М.Воениздат,1967) кітабында Припять өзенінен (Белорусь пен Украинадағы өзен, Днепрдің оң саласы) өту кезіндегі Қ. Аухадиевтік көрсеткен айрықша ерлігін суреттейді.
Көкпекті ауданының Үлкен Бөкен ауданында батырға мүсін, ал Көкпекті ауданы Теректі ауылында ескерткіш орнатылған. Колхоз атаулары, Көкпекті ауылында көше, Теректі ауылында мектеп Қойгелді Аухадиев есімімен аталады.
Аухадиев К. туралы әдебиеттер
Литература об Аухадиеве К.
Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - С. 44.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.7
Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б. – С. 25.
Мақалалар-Статьи
Битин, Н. Подвиг Героя бессмертен: к 100-летию Героя Советского Союза Койгельды Аухадиева /Н. Битин // Новая жизнь. - 2007. - 13 окт. - С. 2.
Каир, К. Юбилей героя [Текст] / К. Каир // Рудный Алтай. - 2007. - 30 окт. - С. 1.
Кудайбергенов К. Благородный жест благодарных потомков [Текст] / Кудайбергенов К. // Рудный Алтай. - 2007. - 22 ноября. - С. 4.
Мухамадиева, Л. Путь в бессмертие [Текст] / Л. Мухамадиева // Новая жизнь. - 2004. - 3 июня. - С. 1
Давайте, люди, никогда об этом не забудем ! [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 10 февраля. - С. 4
Малгаждаров, К. Одно из ярких созвездий [Текст] / К. Малгаждаров // Вести Семей. - 2015. - 6 октября. - С. 4
Бердюгин, Г. Героизм земляков живет в сердцах односельчан [Текст] : [об участнике ВОВ Федоре Кузмиче Гарганове (участие в освобождении Украины), Герое Советского Союза Койгельды Аухадиеве, и его внуке Ержане Койгельдине и Таисии Васильевне Шнайдер - руководителе Центра памяти села Преображенка] / Г. Бердюгин // Рудный Алтай. - 2018. - 16 января. - С. 3
Интернет - ресурстар
Интернет-ресурсы