Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Борозенец Степан Николаевич (1922 - 2016) – Кеңес Одағының Батыры.
2-ші Беларусь майданының 4-ші әуе армиясының 4-ші шабуыл авиациялық корпусының 199-шы шабуыл авиациялық дивизиясының 569-шы шабуыл авиациялық полкінің буын командирі, лейтенант.
1922 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Таврия (қазіргі Ұлан ауданы) ауданы Ақтөбе ауылында туған.
Тоғыз класты бітірген соң Семейге техникумға оқуға түседі де аэроклубпен айналыса бастайды. 1941 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылады. 1943 жылы С. Борозенец Орынбордағы ұшқыштар даярлайтын әскери-авиация мектебін бітіріп шығады.
1944 жылдан С.Борозенец майдан шебінде болады. 1-,2- Белорус майданындағы ұрыстарға қатысады. 1944 жылдың тамыз айында оларға жаңа тапсырма - неміс штабын құрту тапсырылады. Лейтенанттың звеносы тапсырманы сәтті орындап шығады. Грабау ауданы маңында өткен ұрыста С.Борозенецтің самолетін жау истребителі атып түсіреді. Басқарудың қиындығына қарамастан ұшқыш самолетті өз аэродромына қондырады.
569 шабуылшы авиаполктің (2-Белорус майданы, 4-әуе армиясы, 4-ші шабуылшы авиакорпус, 199-шабуылушы авиадивизия), звено командирі лейтенант С.Борозенец 94 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшқан. Степан Борозенец үш танкті, алты паровозды, жүз жиырмаға жуық вагонды, сексен төрт машинаны жойды, зениттік және далалық артиллерияның отыз алты батареясын атып тастады, он жанармай мен оқ-дәрі қоймаларын жарып жіберді, екі жүз елуден астам сарбаздар мен жау офицерлерін қатардан шығарды.
1945 жылдың 18 тамызында Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1956 жылы Әскери-Әуе академиясын бітіреді. Харьков қаласында тұрады. 1976 жылдан полковник С. Н. Борозенец Харьков әскери-авиация училищесінде аға оқытушы болып істеді.
Ленин, Қызыл Ту, үш рет 2-дәрежелі Отан соғысы, екі рет Қызыл Ту, «За службу Родине в ВС СССР» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1995 жылдан С.Н. Борозенец отбасымен АҚШ-тың Чикаго қаласында тұрып, 2016 жылы 26 тамызда осы қалада қайтыс болған.
С.Н. Борозенец туралы әдебиеттер
Литература о С.Н. Борозенец
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Төлепберген М. Ұшқыштар [Мәтін] / Төлепберген М. // Егемен Қазақстан. - 2005. - 16 ақпан.- Б.5
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.43.
Касаткина, О. Наш герой в Чикаго: [в США живет Герой Советского Союза С. Н. Борозенец из Усть-Каменогорска] / О. Касаткина // Устинка плюс. - 2010. - 24 июня. - С. 3.
Слямова, Зиза. Кеңес Одағының Батырымен кездесу [Мәтін] : [Таврия ауданының тумасы, чикаголық С. Борозонецпен онлайн кездесу өткізілді.] / Слямова // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2011. - N 5.- Б.11.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.278.
***
Герои Советского Союза - казахстанцы: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. – с.139.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 196.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Биографии героев и писателей СССР
Онлайн-общение с Героем Советского Союза - С.Н. Борозенцом в Восточно-Казахстанской областной библиотеке им. А.С. Пушкина (2011).