Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Буторин В.В.

Butorin ViktVasilБуторин Виктор Васильевич (1898-1974) - Кеңес Одағының Батыры.

1898 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Гвардия аға сержанты.

1918-24 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. Әскер қатарынан босаған соң Буторин тұтынушылар кооперативінде жұмыс істеді. 1941 жылдың қараша айында майданға шақырту алды. 16-гвардиялық кавалериялық дивизия құрамында Сталинград, Орталық майдандарында шайқасты. Үш рет жараланған. «Қызыл Ту» орденімен, «Ерлігі үшін», «Сталинградты қоғағаны үшін» медалдарымен марапатталған.

Кавалерист Буторин азамат соғысына қатысып, шираған еді. Сталинград майданына тәжірибелі, шыныққан жауынгер болып келді. Бірде взвод командирі Буторин жау тылына өтіп, олардың жолын қию туралы тапсырма алды. Взвод жол қиылысынан өтіп, тасада тығылып отырады. Көп кешікпей жаймашуақ келе жатқан бір топ гитлершілдер көрінеді. Буториннің командасымен жауынгерлер жауды тылынан тап береді. Күтпеген жерден шыға келген салт аттыларды көріп немістер бытырай қашады. Қалай қашса да оларды өткір қылыштың жүзі құтқармады.

Гвардия сержанты Буторин 1943 жылдың жазы мен күзінде талай қан майданға қатысты. Оның әскери даңқы артып, беки түсті. Виктор Васильевичті үнемі жауапты да қауіпті тапсырмаларға жіберіп отырды. 1943 жылдың күзінде Орталық майданның сол қанатының жауынгерлері 19 қыркүйекке қараған түнде Десна өзенінен өтіп, Черниговқа таяу жерде ұрысқа кірді. Жау қаланы бермеуге бар күшін салды. Жау авиациясы топтала отырып, біздің шабуылдаушы бөлімдерді бомбының астына алды. Чернигов үшін күресте 16-гв. кавалерия дивизиясының 62-гвардиялық кавалерия полкінің аға сержанты Буторин ерекше көзге түсті. Шабуылдаушы топпен бірге алға ұмтылған взвод жаудың миномет пен пулеметтен оқ жаудырған үлкен тосқауылына тап болды. Жаудың өзі жүретін «фердинанд» пушкасы жақын жерден толассыз оқ боратып, біздің бөлімдердің қозғалысын тоқтатып тастады. Әр минут сайын жағдай ушыға түсті. Тәжірибелі жауынгер Буторин дауылдай бұрқыраған оқ астында қалу мүмкін еместігін түсінді.

-Гвардияшылар алға!- деп ұран тастай, өзгелерге ержүректілік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетіп, бірінші болып орнынан көтерілді де, екпіндей келіп неміс окоптарына жетті. Жауынгерлер ұйымшылдықпен атакаға көтеріліп, алдыңғы траншеядағы дұшпандарды қуып шықты. Ұрыс кезінде Буторин жарақат алса да майдан алаңын тастап кетпеді. Жауынгерлердің алдында немістердің тірек бекінісіне айналған «1 Май» совхозы тұр еді. Буторин взводын шабуылға көтерді. Екі рет жарақат алғанына қарамастан совхозға Буторин бірінші болып кірді. Зәресі ұшқан немістер қырылған әскерлер мен офицерлерінің өліктерін тастай қашты. Осы күні, 21 қыркүйекте дивизия жауынгерлері Украинаның облыс орталығы – Черниговты фашистерден азат етті. 16-гвардиялық кавалериялық дивизияға Чернигов аты берілді.

Отан үшін күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 15 қаңтарда гвардия аға сержанты В.В.Буторинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін лейтенант В.В. Буторин запасқа шықты. Киев қаласында тұрып, жұмыс істеді. 

1974 жылы 7 наурызда Киев қаласында қайтыс болды. Киевте Лукьянов әскери зиратында жерленген.

В. В. Буториннің аты мемориалдық тақталарда, Башқұртстан Республикасының Ұлттық мұражайында (Уфа қаласы, Советская көшесі, 14) және Башқұрт кавалерия дивизиясының 112-ші (16-шы гвардиялық) мұражайында (Уфа қаласы, Левитан көшесі, 27) орнатылған. Кеңес Одағының барлық 78 Батыры 112-ші башқұрт (16-шы гвардиялық Чернигов) кавалерия дивизиясының есімдерімен бірге алтын әріптермен қашалған.

В. В. Буторин туралы әдебиеттер

Литература о В. В. Буторине

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.286-287.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С. 22.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 161-162.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 225 – Т.1

 

Интернет-ресурстар

Интернет ресурсы

Герои страны 

Интересные истории об известных личностях, биографии