Гнидин Григорий Алексеевич (1920-1988) – Ұлы Отан соғыс және еңбек ардагері, партизан, барлау командирі.
1920 ж. 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Раздольное ауылында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Қызыл Армия қатарында болып, полк мектебін бітірген соң кіші сержант атағын алады. Белорусияның Гродно қаласында ұрысқа кіреді. 37-атқыштар дивизиясының 170-артиллерялық полкы құрамында Минскі үшін шайқасады. Ұрыс кезінде қоршауға түсіп, жарақат алады. Кейін В. И. Чапаев атындағы партизан отрядына кіреді. Барлау взводы командирі болады. Отряд кеңейіп, құрамында бірнеше отряды бар В. Куйбышев атындағы партизан бригадасы болып құрылады. Григорий Гнидин В. И. Чапаев атындағы отряд командирі болып тағайындалады. Ол төрт рет жарақат алады. Жау гарнизондарын талқандау, теміржолдарды істен шығару операцияларына қатысқан.
Минскіні жаудан азат еткеннен кейін партизандар парадына қатысады. Кейін Борисов қаласына соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмысына аттанады. 1945 жылдың қаңтарында армияға кетіп, 1945 жылдың желтоқсан айында Самар ауданының Раздольное ауылына оралады. Соңынан Алтай қаласына (бұрынғы Зырян) көшіп келіп, «Зыряновскстрой» тресінде товаровед, бетон зауытында директор болып қызмет істейді. 1964 ж. Раздольное ауылына қайта оралып, зейнетке шыққанға дейін (1974 ж.) күзет қызметінде еңбек етеді.
Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендері және 1-дәрежелі «Партизану Отечественной войны» медалімен марапатталған.
1988 ж. 3 қазанда қайтыс болды.
Г. А. Гнидин туралы әдебиеттер
Литература о Г. А. Гнидине
Мақалалар-Статьи
Партизан қозғалыстары // Семей таңы. - 2011. - 3 мамыр. - Б. 3
***
Гриша - «Сибиряк» : [о Г. А. Гнидине] // Рудный Алтай. - 1966. - 26 августа.
Всенародное партизанской движение в Белоруcсии в годы Великой Отечественной войны : Т. 1. - Белорусь : Минск, 1967. - [о Г. А. Гнидине]: с. 585-586.
Алибаева, А. Партизанскими тропами : [о Г. А. Гнидине] // Новая жизнь. - 1968. - 9 мая.
Мачульский, Р. Вечный огонь / Р. Мачульский. – Белорусь : Минск, 1969. - [о Г. А. Гнидине]: с. 53-54.
Потапов, А. Родом из Прииртышья : [о Г. А. Гнидине] / А. Потапов // Шла война народная : партизаны ВОВ - казахстанцы. - Алма-Ата : Казахстан, 1985. - С. 302-309.