Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Хасенов М.

Хасенов М. ҰОс ардагеріХасенов Мешітбай (1914-1980) - Ұлы Отан соғысының қатысушы, партизан.

1914 ж. 14 желтоқсанда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Үржар ауылында дүниеге келген. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. Үздік қызметі үшін Ташкент қ. Хасенов М. партизанкіші командирлер мектебіне оқуға қабылданады, кейін өз еркімен Карелияға ақ финдерге қарсы соғысқа аттанады. Ұлы Отан соғысына Новоград-Волын жерінде кіріп, қолбасшы К.Рокоссовскийдің 9-шы механикаландырылған корпусының 35- мотоатқыштар ротасының саяси жетекшісі болады. Ол соғыстың алғашқы күнінен 1941 ж. қыркүйегіне дейін Украинаның Луцк, Ровно, Коростень, Чернигов қалаларын қорғауға қатысты. 1941 ж. Переяславль қоршауынан шығу кезінде М. Хасенов серіктерімен тұтқынға түседі. Ол сол күні қашып шығысымен ұсталып Борисполь қаласындағы әскери тұтқындар лагеріне қамалады. Бірнеше күннен кейін екінші рет тұтқыннан қашады, дегенмен, тағы да ұсталып Хорол қаласындағы лагерьге қамалады. 1942 ж. көктемде тұтқындарды Германияға көшіру кезінде Демблин қаласында (Польша) сегіз адам, соның ішінде, М. Хасенов та бар эшелоннан қашып шығып, мамырдың аяғында Брест облысы аумағындағы К. Е. Ворошилов атындағы партизан отрядына қосылады. Отрядта Мешітбай Хасенов топ командирі болады.

Соғыстан кейін М.Хасенов Үржар ауданында тұрып, КПСС 20-сьезі атындағы колхоздың озық бригадасын басқарды.

Қызыл жұлдыз, Октябрь революциясы ордендері, 1-дәрежелі «Партизану Отечественной войны», «За победу над Германией», «20 лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945» медальдарымен марапатталды.

1969 ж. Мешітбай Хасенов есімі Қазақ ССР-інің құрметті Алтын Кітабына енгізілген.

1980 ж. 14 сәуірде қайтыс болды.

1994 ж. Үржар ауылында М. Хасенов тұрған үйде мұражай ашылды. Үржар ауылындағы бір көше және Бестерек орта мектеп-балабағы партизан есімімен аталады. М.Хасеновтың «Болотные волки» атты естеліктер жинағы (2011 ж.) жеке кітап болып басылып шықты.

 

Деректер

Источники

 

Хасенов, М. Болотные волки [Текст] : записки командира партизанского отряда / М. Хасенов. - Дауир : Алматы, 2001. - 359 с.

Наумов, Д. Ф. Лесная война [Текст] / Д. Ф. Наумов. - Алма-Ата, 1971. - С.119-120.

Жеңіс деп соққан жүректер [Мәтін]. - Өскемен : Рекламный дайджест, 2015. - Хасенов Мешітбай: б. 396.

Қоршаудан шығу [Мәтін] : [М. Хасенов туралы] // Ақжелкен. 1996. - № 5/6. - Б. 20-23.

Шака, А. Его называли «белорусский казах» [Текст] : в Бестерекской средней школе им. М. Хасенова прошел торжественный вечер, посвященный столетию со дня рождения человека, чье имя носит школа / А. Шака // Рудный Алтай. - 2014. - 24 дек. - С. 5.

Буланов, Е. Партизанский «Концерт» [Электронный ресурс] : [о Хасенове Мешитбае] / Е. Буланов // КГУ «Государственный архив Урджарского района» управления культуры, архивов и документации ВКО : сайт. – Режим доступа : http://cultura-arhiv.vko.gov.kz/ru/591_02a.htm?mode=print (11.04.2017)

Даирбек, А. Ветераны войны, воевавшие на разных фронтах и эпизодах Второй мировой войны [Электронный ресурс] / А. Даирбек // Сарбаз : сайт. – Режим доступа :https://sarbaz.kz/ru/history/veterany-voyny-voevavshih-na-raznyh-frontah-i-epizodah-vtoroy-mirovoy-voyny-161331150 (12.04.2017)

Интересная судьба Мешитбая Хасенова [Электронный ресурс] // Сарбаз : сайт. – Режим доступа : https://sarbaz.kz/ru/history/veterany-voyny-voevavshih-na-raznyh-frontah-i-epizodah-vtoroy-mirovoy-voyny-161331150 (12.04.2017)

Платунов, Е. Политруки Чарышского района на дорогах войны [Электронный ресурс] / Е. Платунов // Безформат.ru: сайт. – Режим доступа : http://barnaul.bezformata.ru/listnews/charishskogo-rajona-na-dorogah-vojni/31035999 (12.04.2017)