Нұрбаев Мұхтархан (1898-1972) – соғыс ардагері
1898 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылында дүниеге келген. Уфа қаласындағы «Ғалия» атты медреседе білім алған. Кейін соғыс басталғанға дейін колхозда қызмет атқарады.
1942 жылы маусым айында соғысқа аттанады. Қызыл әскер Нұрбаев Мұхтархан 2-Украина майданында 167-атқыштар дивизиясы құрамында пулеметші болған. Сол жылы желтоқсан айында Житомир қаласы үшін шайқаста қолынан ауыр жарақат алып, 2-топ мүгедегі болған.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Соғыстан кейін мүгедектігіне қарамастан колхозда бірнеше жыл жұмыс істейді.
1972 жылы өмірден озған.