Құрман Әбішев (1911 - 1972) – Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1911 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында (қазіргі Алтай қаласы) дүниеге келген. 15 жасында Құрман Әбішев еңбек жолын қарапайым от жағушы, содан кейін «Алтай-алтын» Зырян трестінің кен қазушысы болып жұмыс істейді. 1942 жылы 16 наурызда Кеңес Армиясының қатарына шақырылады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жас сарбаз Бірінші Беларусь майданының 239 атқыштар полкінің бөлімшесінің командирі болып тағайындалады.
1943 жылы 13 шілдеде Хмелевая ауылының астында шабуылға қатысып, Құрман Әбішев 2 неміс солдатын қоян-қолтық ұрыста жойып, ауыр жараланған батальон-гвардия командирі майор Греховты шайқас даласынан алып шығады. Гомель облысы Калинкович ауданы Голевичи разъезінің батысында қоршалған қорғанысты анықтау кезінде барлауға батыл қатысады. 1943 жылы 2 желтоқсанда жаудың қарсы шабуылдарын тойтаруға қатысып, 1943 жылдың 3 желтоқсанына қараған түні қоршаудан шыққан кезде жылжымалы жасақ қолбасшылығына озық барлауда белсенді көмек көрсетеді.
1944 жылдың жазында Припять өзеніндегі жаудың қорғанысын бұзу және Батыс Буг өзенінен өту шайқастарының бірінде жас командир командалық жауынгерлік тапсырманы орындау үшін рота құрамын жұмылдыра алды. Ол өз бөлімшесімен батыл шабуылдап, траншеяларды және жаудың бір ДЗОТЫН басып алды. Фашистік басқыншыларға қарсы осы жауынгерліквигіктері үшін Құрман Әбішев «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» екі медалімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталады.
Соғыстан кейінгі жылдары «Еңбек айбыны» медалімен марапатталған.
Соғыстан кейін майдангер бейбіт өмір сүру үшін үйіне оралады. Біраз уақыт «Алтайзолото» Зырян трестінің шаруашылық блогының меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ал 1947 жылы Самар ауданы «Қызыл» кенішіне көшеді. Еңбекқор жұмысшы өндірістік тапсырмаларды 130 пайызға, ал 1954 жылы 142 пайызға орындады. Табандылығы және адал еңбегімен ұжымның құрметіне бөленген. Кеніштің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, өзінің біліктілігін арттырып, жас қызметкерлерді оқытқан. Кеніш жабылғаннан кейін Мамайка ауылына көшіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін ПМК-2405-те жұмыс істейді. 1950-1969 жылдары ШҚО Самар ауданы еңбекшілер депутаттарының Палатцы кенттік Кеңесінің депутаты болып сайланды. Самар ауданы Мариногор сайлау округінің 115 еңбеккерлері Әбішев Құрманды Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты етіп сайлады. 1956 жылы Қазақстан КП VIII съезінің делегаты болды. Депутат бола отырып, кент пен ауданды дамыту бойынша шешімдер қабылдауға қатысты. Әйелімен бірге 8 бала тәрбиелеп өсірді.
1972 жылы қайтыс болды.
Қ. Әбішев туралы әдебиеттер
Литература о К. Абышеве
Апсадыкова, К. Горжусь своим отцом : [участник ВОВ Курман Абышев] / К. Апсадыкова // SAMAR tynysy. - 2024. - 20 қыркүйек (№ 38). - C. 5.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Курман Абышев [Электронный ресурс]: [Память народа] : сайт. - Режим доступа : https://pamyat-naroda.ru/heroes/person