Ахаев Василий Иванович - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген педагогы, мемлекет және қоғам қайраткері.
1947 жылы 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прапорщиково ауылында дүниеге келген .
Еңбек жолын 1964 жылы «Славянский» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1965 жылдан 1968 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Демобилизациядан кейін Өскемен педагогикалық институтын бітірген (қазіргі С. Аманжолов атын.ШҚУ) және 20 жылдан астам өмірін білім беру жүйесіне арнаған.
Дене шынықтыру мұғалімі және Киров орта мектебінің директоры (Прапорщиково ауылы, қазіргі Д.Қонаев атындағы мектеп) болып жұмыс істеген. Оның басшылығымен мектеп жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ауылдық мектептерде еңбек кәсіптік оқытудың озық тәжірибесін енгізді. Бұл тәжірибе Мәскеудегі Бүкілодақтық мұғалімдер съезінде ұсынылды және КСРО ВДНХ қола медалімен марапатталды.
1988 жылы оның басшылығымен мектеп Ереванда өткен Бүкілодақтық ғылыми-практикалық конференцияда дене шынықтыру және әскери-патриоттық тәрбие тәжірибесі үшін 1 орынға ие болды.
1991 жылдан бастап мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметті бастады, облыстық билік құрылымдарында басшылық лауазымдарды атқара отырып: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы және Төрағасының орынбасары, заңдылық және құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, облыстық мәслихат аппаратының басшысы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірдің қоғамдық ұйымдарын дамытуға белсене қатысты. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрт шақырылымдағы депутаттық корпусының ардагері.
Көпжылдық және мінсіз қызметі үшін Василий Иванович бірқатар жоғары мемлекеттік және халықаралық наградалармен марапатталды: «Құрмет», «I дәрежелі Александр Невский» ордендерімен, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО Ағарту ісінің үздігі», «Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі» төсбелгілерімен, Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай медальдарымен. Сондай-ақ, ол «Алтын барыс» белгісімен және Қазақстан Республикасы Президентінің үш алғыс хатымен марапатталған.
В. А. Ахаев – Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграциялық процестерді дамытуға қосқан үлесі үшін және бірлескен экологиялық жобаларды іске асырғаны үшін Шығыс Қазақстан облысының, Ресей Федерациясының Глубокое ауданының және Алтай өлкесінің Құрметті азаматы атанды.
Осы күнге дейін Василий Иванович аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ол Шығыс Қазақстан облысы жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі және аудандық Ардагерлер Кеңесі төралқасының мүшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы полковнигі, Василий Иванович – бірқатар ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы және туған ауылы Прапорщиково туралы «Стоит село над Иртышом» кітабының тең дәрежедегі авторы.
В. И. Ахаевтың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии В. И Ахаева
Будрин, Иван. Стоит село над Иртышом : история села Прапорщиково / И. Будрин, В. Ахаев. - Усть - Каменогорск: ВКПК АРГО, 2024. - 242 с.
В. И. Ахаев туралы әдебиет
Литература о В. И Ахаеве
30 жыл қатарда : кітап - альбом. - Алматы: Ел шежіре ҚҚ, 2017. - 128 б.
***
Ахаев, В. И. Помочь людям найти себя в новой жизни : [беседа с вновь избранным секретарем обл. маслихат - собрания депутатов ...] / В.И. Ахаев // Рудный Алтай. - 1997. - 14 августа. - С.
Семенова, Л. Качество - требование времени : [очередная плановая поездка акима области В.Метте и секретаря облмаслихата В.Ахаева в Тарбагатайский район была динамичной и насыщенной встречами] / Л. Семенова // Рудный Алтай. - 2001. - 17 ноября. - С. 1,2.
Багаутдинов, Ш. "Роль представительных органов власти в жизни страны становится значительней" : этими словами открыл выездной семинар в Катон- Карагайском районе секретарь областного маслихата Василий Ахаев / Ш. Багаутдинов // Рудный Алтай. - 2006. - 20 июля. - С. 2 - 3.
Кратенко, А. Издана история села Прапорщиково / А. Кратенко // Рудный Алтай. - 2006. - 14 октября. - С. 8.
Храпунов, В. В. В Москве скончался бывший первый секретарь Восточно - Казахстанского обкома партии Александр Константинович Протозанов / В. В. Храпунов, В. И. Ахаев // Рудный Алтай. - 2006. - 4 февраля. - С. 1.
Никифоров, В. Василий Ахаев: "Сегодня мы в ответе за жизнь в родном крае" / В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2007. - 5 мая. - С. 2.
Мусин, М. Бюро райкома и пионер Ваня Ахаев : к 90 - летию "Рудного Алтая" / М. Мусин // Рудный Алтай. - 2008 - 10 янв. - 10 января. - С. 3.
Ахаев, В. И. Большие приоритеты Большого Алтая : [интервью с председателем МКС "Наш общий дом - Алтай" В. И. Ахаевым] / В. И. Ахаев ; интервью вел В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2013. - 26 марта. - С. 1, 3.
Ахаев, В. И. Василий Ахаев: "На пенсии хорошо, а работы еще больше" / В. И. Ахаев, Д. Волкоедова // Рудный Алтай. - 2017. - 11 мая. - С. 8
Пшимбаева, П. Из народа и для народа : [о семье В. И. Ахаева] / П. Пшимбаева // Ертіс алауы=Огни Прииртышья. - 2025. - 14 наурыз (№ 11). - С.1.