Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Зүкенұлы М.

Зүкенұлы Мәуітқазы журналист, айтыскер ақын Зүкенұлы Мәуітқазы (1938) – журналист, айтыскер ақын. 

1933 жылы 10 тамызда (құжат бойынша 1938 жыл деп көрсетілген)Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы)Жарма ауданы «Қызылағаш» ауылдық округіне қарасты Құсмұрын тауының бөктеріндегі «Ақбұлақ» атты бұлақ бойында туған. Анасы - Нұршағи Нұрпейісқызы сауатты, ақынжанды адам болған.

1955 жылы Көкпекті ауданындағы Биғаш ауылының «Маяковский» атындағы орта мектепті өте жақсы бітіріп, Алматыдағы № 1 байланыс училищесіне оқуға түсіп, 1958 жылы радиотехник мамандығын алып шығады. Мамандығыбойынша біраз жыл жұмыс істеген соң, 1960 жылы мұғалімдік қызметке ауысады. 1965 жылы Алматы қаласындағы ҚазПИ- дің (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) қазақ тілі мен әдебиеті факультетін сырттай оқып бітіреді. 1958 жылдардан бастап аудандық, облыстық газеттерге әртүрлі тақырыптағы ауыл өмірінен сыр шертетін мақалалары, әңгіме-очерктері шыға бастайды.

1964 жылы тұңғыш рет аудандық ақындар айтысына қатысып, аягөздік Қабыш Исмаиловпен айтысады. Бірнеше дүркін аудандық, облыстық айтыстардың жүлдегері атанған. Жармалық Сәдуақас Берденов, шарлық Кеңесбек Қалиев, аягөздік Ғаббас Шөкімұлы сияқты ақындармен сөз таластырған. Жарма ауданында драма үйірмесін құрып, 1972 жылы «Халық театры» атағын қорғаған. Жеті-сегіз жылдай осы театрдың қоғамдық негіздегі режиссері қызметін атқарған.

25 жыл орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарып, 1980 жылдан Жарма аудандық «Рауан» газетінің редакторының орынбасары болып істеген. Аудандық, облыстық газеттердің тұрақты штаттан тыс тілшісі болып, аудан, облыс өмірінің тыныс-тіршілігі туралы жазып тұрған. Мәуітқазы Зүкенұлының «Бел- белес» (1998), «Дала қырандары» (2000), «Қасен қажы әулеті» (2002), «Темір жол тарланы» (2004), «Айналайын ауылым» (2005), «Өмір өрнектері» (2006), «Сұрапыл соғыс тарландары» (2010) т.б. жинақтары жарық көрген.

Бірнеше дүркін облыстық, республикалық мақтау қағаздарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Бүгінгі күні Өскемен қаласында тұрады, әлі де шығармашылықтан қол үзген жоқ.

 

 

 

 

М. Зүкенов (Зүкенұлы) шығармалары

Произведения М. Зукенова

 

Кітаптар – Книги

 

Зүкенұлы (Зүкенов), М. Күлейік те ойнайық [Электрондық ресурс] : [кітапта автордың әзіл-сықақтары, пьесалары берілген] / М. Зүкенұлы. - Семей : Үш биік, 2007. - 100 б.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Айналайын, ауылым [Мәтін] : [жинаққа Жарма ауданында болған елеулі оқиғалар мен Отан үшін от кешкен жауынгерлер және еңбек адамдары туралы материалдар енгізілген] / М. Зүкенов. - Семей : 2005. - 384 б.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Әлемнің құдірет күші-аналар [Мәтін]. 1-ші кітап. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2012.- 312 б.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Сұрапыл соғыс сарбаздарына 66 жыл [Электрондық ресурс] : [Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандықтар туралы және жеңіске арналған өлең естеліктер топтастырылған.] / М. Зүкенов. - 240 б.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Әлемнің құдірет күші-аналар [Электрондық ресурс]. 2-ші кітап. - Алматы : Қазақ университеті, 2015. - 312 б.

Зүкенұлы (Зүкенов), М. Ер жігіттің үш жұрты [Электрондық ресурс] : [кітаптың мақсаты әйгілі өнер иелерін, жырау - дүлділдерді, ел басқарған ақылшы азаматтарды оқырман қауымға таныстыру] / М. Зүкенұлы. - 2010. - 117 б.

Зүкенұлы (Зүкенов), М. Бес белес [Электрондық ресурс] : [өлеңдер, дастандар, айтыстар.] / М. Зүкенұлы. - 1998. - 80 б.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Қасен қажы әулеті [Электрондық ресурс] : [Жарма ауданының тумасы Тұрлыхановтар әулеті туралы] / М. Зүкенов. - Семей , 2002. - 107 б.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Теміржол тарланы [Электрондық ресурс] : [теміржолшы Төкіш әулеті туралы айта келе автор Қазақстан теміржолының тарихын да әңгімеге арқау етеді] / М. Зүкенов. - Семипалатинск : Тенгри, 2004. - 85 б.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Өмір өрнектері [Электрондық ресурс] : [жинаққа ауыл өміріне арналған өлеңдер, пьеса, скетч енгізілген] / М. Зүкенов . - Өскемен, 2006. - 222 б..

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Айналайын анашым [Электрондық ресурс] : [жармалық тыл ардагері М. Сәдуақасқызының өмірі арқылы бүкіл бір кезең суреттелген] / М. Зүкенов. - Семей, 2006. - 80 б.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Айналайын, ауылым [Мәтін] : [жинаққа Жарма ауданында болған елеулі оқиғалар мен Отан үшін от кешкен жауынгерлер және еңбек адамдары туралы материалдар енгізілген] / М. Зүкенов. - Семей , 2005. - 384 б.

Зүкенов (Зүкенұлы), Мәуітқазы. Өмір өрнектері [Электрондық ресурс] : [Жинаққа ауыл өміріне арналған өлеңдер, пьеса, скетч енгізілген] / М. Зүкенов. - Өскемен, 2006. - 222 б.

 

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар 

Публикации в периодических изданиях

 

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Тұрмысы түзу ауыл [Мәтін] / М. Зүкенов // Дидар. - 1998. - 6 маусым. - Б. 5.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. "Жас дарын" мектебі [Мәтін] : [Жарма ауданы Қызылағаш орта мектебінің жұмысы жайында] / М. Зүкенов // Рауан - Восход. - 1999. - 19 наурыз.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Тойтөбенің баурайындағы той- думан [Мәтін] : [халық ақыны Т.Көбдіковтың туғанына 125 жыл] / М. Зүкенов // Семей таңы. - 1999. - 30 маусым. - Б. 4.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Алынбайтын қамал аспайтын асу жоқ [Мәтін] / М. Зүкенов // Рауан- Восход. - 2000. - 2 маусым. - Б. 4.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Киелі өнер иесі [Мәтін] : [Абай атындағы музыкалық драма театрдың актрисасы Ш. Бахтинова туралы] / М. Зүкенов // Семей таңы. - 2000. - 22-28 желтоқсан. - Б. 10.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Өнердің өріне жүзе білген [Мәтін] : [Семей өңірінің атақты актрисасы Шайзат Бақтинова туралы] / М. Зүкенов // Дидар. - 2001. - 16қаңтар. - Б. 4.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Төлеу ақын ақ батасын беріпті [Мәтін] / М. Зүкенов // Семей таңы. - 2004. - 27 тамыз. - Б. 3.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Абай еліне саяхат [Мәтін] / М. Зүкенов // Семей таңы. - 2005. - 8 шілде. - Б. 4.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Ақын тойынан тәбәрік [Мәтін] / М. Зүкенов // Дидар. - 2008. - 11 қараша. - Б. 4.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Полигон зардаптарын жою шаралары [Мәтін] / М. Зүкенов // Семей таңы. - 2009. - 12 наурыз. - Б. 4.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Аға өнегесі [Мәтін] : [ұлы Отан соғысының ардагері Т. Жұмабекұлы жайлы] / М. Зүкенов // Семей таңы. - 2010. - 4 ақпан. - Б. 4.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Абылай ханның мұғалім ұрпағы [Мәтін] / М. Зүкенов // Ертіс өңірі. - 2010. - 6 қазан. - Б. 13.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Ғасырлар пернесінен сыр шертіп жүр [Мәтін] / М. Зүкенов // Дидар. - 2010. - 15 қазан. - Б. 7.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Қасірет алаңынан құтылғанымызға - 20 жыл [Мәтін] / М. Зүкенов // Алдаспан. - 2011. - 24 тамыз. - Б. 2.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Дәмештің ақындық мектебінен шыққан талант көп [Мәтін] : [жерлес ақын Д. Омарбаеваның шығармашылығы туралы] / М. Зүкенов // Дидар. - 2011. - 14 қазан. - Б. 7.

Зүкенұлы(Зүкенов), М. Тарихта тек шындық қана айтылуға тиіс [Мәтін] : [жазушы М. Сәрсекемен кездесу Өскемен облыстық кітапханасында өтт] / М. Зүкенұлы // Семей таңы. - 2012. - 15 мамыр. - Б. 2.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Қайым Мұхамедханов алаш арыстарының суретін қалай сақтады? [Мәтін] / М. Зүкенов // Дидар. - 2012. - 22 маусым. - Б. 21.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Асау айғырды қобыз үнімен киіз үйге енгізген біздің өңірдің бақсы- балгерлері туралы не білеміз? [Мәтін] / М. Зүкенов // Дидар. - 2012. - 22 қараша. - Б. 23.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Ауылға Әди Шәріпұлының аты берілді [Мәтін] : [партизан жазушы Ә. Шәріповтың 100 жылдық мерейтойы туған жерінде аталып өтті] / М. Зүкенов // Дидар. - 2012. - 15 желтоқсан. - Б. 1.

Зүкенұлы (Зүкенов), М. Атағы аймағына әйгілі ардагер [Мәтін] : [ардагер ақсақал Омар Есімбекұлы туралы] / М. Зүкенұлы // Алдаспан. - 2013. - 18 сәуір. - Б. 6.

Зүкенұлы (Зүкенов), М. Сабырбайдың ақындық өнері әкесі Ақтайлақ биден кем болмаған [Мәтін] : [Ақын Сабырбай Ақтайлақұлы туралы] / М. Зүкенұлы // Дидар. - 2013. - 19 сәуір. - Б. 10.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Тәрбиесімен де, өнерімен де ұлы Абайды тәнті еткен [Мәтін] : [Ақын Қуандық Сабырбайқызы туралы.] / М. Зүкенов // Дидар. - 2013. - 3 мамыр. - Б. 13.

Зүкенұлы (Зүкенов), М. Еліне еңбегі сіңген Меңтай ата [Мәтін] : [тыл ардагер М. Мұқышев туралы] / А. Орсаринова // Алдаспан. - 2013. - 9 мамыр. - Б. 5.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Сөз өнері Нұрғалиға арғы аталары Бұлғақ серіден тараған [Мәтін] : [Қалба өңірінің түлегі, суырып салма, төкпе ақын Нұрғали Түнқатарұлының   туғанына 130 жыл] / М. Зүкенов // Дидар. - 2013. - 31 мамыр. - Б. 13.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Жарманың жыр жұлдызы Сапарғали еді ғой... [Мәтін] : [Абай мектебінен нәр алған ақын Сапарғали Әлімбетовтың туғанына 125 жыл толды] / М. Зүкенов // Дидар. - 2013. - 14 маусым. - Б. 15.

Зүкенұлы (Зүкенов), М. Әзілхан Нұршайықовпен үш жүздесу [Мәтін] / М. Зүкенұлы // Дидар. - 2013. - 21 маусым. - Б.13.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Махаббат емені [Мәтін] : ["Көкжайдақ" жайлауында өсіп тұрған жалғыз емен туралы] / М. Зүкенов // Менің өлкем. - 2013. - 10 қазан. - Б. 21.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Абайды тәнті еткен [Мәтін] : [ақын Қуандық Сабырбайқызы туралы] / М. Зүкенов // Отүкен. - 2014. - № 1. - Б. 246-247.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Сәдір әйгілі Әріппен де сөз таластырған. [Мәтін] : [Ақын Сәдір Жәпекұлы туралы] / М. Зүкенов // Дидар. - 2013. - 31 қазан. - Б. 15; Өтікен. - 2015. - № 1. - Б. 184-186.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Көкпектіден жеткен хат [Мәтін] : [ақын Салық Өскенбайұлы туралы тың дерек] / М. Зүкенов // Дидар. - 2014. - 13 қаңтар. - Б. 7.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Екі қабырғасы сынса да, бас жүлдені жеңіп алған кездері болыпты [Мәтін] : [Балуан Амангелді Мұсылманқұлов туралы] / М. Зүкенов // Дидар. - 2014. - 5 мамыр. - Б. 26.

Зүкенов (Зүкенұлы), М. Тылда да, майданда да ерен ерлік көрсеткен. [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагері Б. Сағындықов туралы] / М. Зүкенов // Дидар. - 2015. - 21 қаңтар. - Б. 21.

Зүкенұлы (Зүкенов), М. Жиырма бір жасында жау қолынан қаза тапқан Бекжан батыр [Мәтін] / М. Зүкенұлы // Дидар. - 2015. - 19 қараша. - Б. 25.

Зүкенұлы, М. Өнерге кеш келсе де дес бермеген [Мәтін] : [Ақын Омар Есімбекұлы туралы] / М. Зүкенұлы // Дидар. - 2016. - 12 ақпан. - Б. 20.

 

 

М. Зүкенов (Зүкенұлы) туралы әдебиеттер

Литература о М. Зукенове

 

Мақалалар - Статьи

 

Ақынға арналған кеш [Мәтін] : [жармалық, жерлес ақынымыз М. Зүкенұлының жаңадан шыққан "Бел-белес" жыр - жинағының   тұсаукесер рәсімінен] // Рауан- Восход. - 1999. - 5 ақпан. - Б. 4

Қалқашбаев, Т. Арнау [Мәтін] : [ақын М. Зүкенұлына арналған] / Т. Қалқашбаев // Рауан- Восход. - 1999. - 5 ақпан. - Б. 5.

Ақынға арналған кеш [Текст] [Мәтін] : [Жармалық, жерлес ақынымыз М. Зүкенұлының жаңадан шыққан "Бел-белес" жыр - жинағының   тұсаукесер рәсімінен] // Рауан- Восход. - 1999. - 5 ақпан.

Тәкиев, Т. Мәуітқызы Зүкенұлына [Мәтін] : [ақынға арнау өлең] / Т. Тәкиев // Рауан- Восход. - 1999. - 5 ақпан. - Б. 6

Иманғали, М. Аналар есімін ардақтаған еңбек оқырманға жол тартты [Мәтін] : [журналист Мәуітқазы Зүкеновтың жаңа кітабы туралы] / М. Иманғали // Дидар. - 2015. - 6 наурыз. - Б. 18.

 

 

М. Зүкеновтың (Зүкенұлының) қатысуымен шыққан басылымдар

Издания, вышедшие при участии М. Зүкенова

 

Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құраст.: М. Иманжапаров, М. Зүкенұлы. - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б.

Машраб, Ж. Халық ұланы Машрап Баяділұлы [Мәтін] : [1912-1914 жж. Қиыр Шығыс теміржолын салуға қатысушы, Алаш партиясының белсенді мүшесі Машрап Баяділұлы туралы.] / Ж. Машраб, М. Зүкено. - Семей, 2006. - 107 б.