Гүлнұр Зұлқаршынқызы (1979) – ақын, ҚР мәдениет саласының үздігі.
1979 жылы 10 қазанда ҚХР Алтай аймағында дүниеге келген. 10 жасынан бастап Қытайдағы меншікті газет-журналдарда өлеңдері жариялана бастаған.
ҚХР-да республикалық, облыстық, аймақтық, аудандық ақындар айтысының, жыр мүшайраларының жүлдегері. Осы жылдары «Жарма ақындары» атты жыр жинағында өлеңдері жарияланды. 2009-2010 жж. Жарма аудандық «Ауылың қалай, ақыным?» атты ақындар айтысының екі дүркін бас жүлдегері.
А.С. Пушкинның 210 жылдығы, С.Сейфулинның 105 жылдығы, Қазақстандағы «Отбасы жылына» арналған «Свободной музы произношенье» Облыстық 5-ші өңірлік поэзия байқауларының лауреаты.
2010 жылы Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған Облыстық жыр-мүшайрасының 1-орын иегері.
2010 жылы Абай Құнанбаевтың 165 жылдығына, П. Васильевтің 100 жылдығына арналған Облыстық жыр-мүшайрасының 1-орын жүлдегері.
2013-жылдан бастап Обылыстық Мәдениет басқармасына қарасты «Ертіс концерт» мекемесінде жұмыс істеді.
2014-жылы Облыстық «Елім деп соққан жүрегім» атты ақындар айтысының «Қалихан Ысқақов» атындағы жүлденің жеңімпазы.
2019-жылы «Күздей күрең тағдырым» атты жыр жинағының авторы. Көптеген жылдар Гүлнұр А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында қызмет етті. Бүгінде ол Алматыдағы Алатау кітапханасында қызмет атқарады.
Г. Зұлқаршынның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Зулкаршын Г. в периодических изданиях и сборниках
Зұлқаршын, Г. Кірпікке іліп мұнарлы мұңның моншағын / Г. Зұлқаршын // Қазақ әдебиеті. - 2019. - 29 қараша. - Б. 17.
Зұлқаршын, Г. Ару дүние маған үнсіз қарайды: өлеңдер / Г. Зұлқаршын // Тәңіртау. - 2024. - N1. - Б. 54-63
Зұлқаршын, Г. Өлеңдер / Г. Зұлқаршын // Сана мен сала. - 2026. - №7-8. - Б. 28-29.
Зұлқаршын туралы әдебиет
Литература о Зулкаршын Г.
Есімханов, Ә. Ералының ертегілері ерекше: Өскеменде тоғыз жасар Ералы Пазылбекұлының кітабы жарыққа шықты / Ә. Есімханов // Менің өлкем. - 2023. - 9 наурыз. - Б. 5.
Зұлқаршын Гүлнұр [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия - ашық энциклопедиясы : сайт. - Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%97%D2%B1%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D1%80%D1%88%D1%8B%D0%BD_%D0%93%D2%AF%D0%BB%D0%BD%D2%B1%D1%80 (22.06.2017)