Известные имена

Мұқышева Р. З.

Мұқышева Раушангүл Зақанқызы  ақын, аудармашыМұқышева Раушангүл Зақанқызы (1971 ж.) – ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты.

1971 жылы 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан обысында туган.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті факультетін(1993), Қазақстан Ұлттық Академиясы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (2000), Сегед университетінің Сыртқы экономикалық байланыстар мамандығын (2013) аяқтаған.

Филология ғылымдарының кандидатығылыми атағы бар.

1993-1996 жж. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарған. 1998-2014 жж. бүгінге дейін Сегед университеті Алтаистика кафедрасында қазақ тілінен дәріс оқиды (Мажарстан).

2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін халықаралық отырыстар мен университеттерде баяндамалар мен дәрістер оқиды:

2003 жылы Мандоки Қоңырға арналған конференцияда (Будапешт) „Қазақ-мажар мақал- мәтелдері” aтты баяндама жасады (мажар тілінде).

2008 ж. Әзербайжан елшілігі (Будапешт) ұйымдастырған ғылыми конференцияда „Взаимосвязь азербайджанской и казахской литературы в свете творчеств Низами и Абая” деген баяндама жасады (орыс тілінде).

2009 ж. Әзербайжан елшілігі (Будапешт) ұйымдастырған ғылыми конференцияда „Әзербайжан мақалдары” (түркі халықтары жане мажар мақалдарымен сылыстыру) атты ғылыми баяндама жасады (мажар тілінде).

2010 жылы қыркүйекте Хаджеттепе университетінде (Анкара) Мажарстандағы қыпшақ мәдениеті туралы дәрістер оқыды (түрік тілінде).

2011 ж. қыркүйекте Кембридж университеті (Англия) Орта Азия форумының (ESCAS) конференциясында „Қазақ және мажар фольклорындағы шамандықтың көрінісін зерттеу” атты тақырыпта баяндама жасады (ағылшын тілінде).

2013 қазанында Сегед университетінде өткен халықаралық конферeнцияда Lifelong Education in Kazakhstan деген тақырыпта баяндама жасады (ағылшын тілінде).

2013 жылы қарашада Ньиредхаза институтында Тамырымызды тануға мұқтажбыз деген тақырыпта баяндама жасады (мажар тілінде).

2015 жылы қыркүйекте Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырған Абайдың 170 жылдығына арналған конференцияда Мажарстандағы Абайдын зерттелуі деген баяндама жасады.

2016 The Fourth International Congress of Turkology: Turkic Peoples Through the Ages and Lands. Thesis: Hungarian Scholars on the Features of Kazakh Culture (XIX ‒ the beginning of XX century).

2017 ж. ІІ Халықаралық гуманитарлық ғалымдар форумы. Thesis: Turanism in Hungarian Literature. Мажар әдебиетіндегі тұраншылдық (Astana).

Алғашқы өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланған. Орыс және мажар поэзиясынан аудармалары республикалық басылымдарда жарық көрген. 1998-2005 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің Мажарстандағы меншікті тілшісі болды. Осы газетте мажардың тарихи аңыздары мен Мажарстан мәдениеті, тарихына қатысты мақалалар мен сұхбаттары жарияланған. 2007 жылдан бүгінге дейін «Айқын» газетінің Мажарстандағы меншікті тілшісі.

Р. Мұқышеваның «Қазығұрт-жүрек» атты өлеңдер жинағы баспаға әзірленуде.

2014 жылы ҚР Премьер-министр Кәрім Мәсімов Мажарстанда іс-сапарда болғанда аудармашысы болған, Будапешт қаласында Абайға арналған ескерткіштің ашылуын жүргізген. Ашылу барысында орындалған Абайдың 2 әнін мажар тіліне аударған.

Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты – «Жалын» журналының сыйлығы, «Ана тілі» газеті мен жариялаған «Замана» бәйгесінің жүлдегері.