Известные имена

Мағзұмов Т.

Мағзұмов ТоқтарбекМағзұмов Тоқтар (1958 ж.) - жазушы, зерттеуші, Қазақстан Журналистер Одағының (2003) және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (2008 ж.), TURKSOY Жазушылар Одағының мүшесі (2026 ж.)

Тоқтар Нұржақыпұлы - Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылында 1958 жылы 6 наурызда дүниеге келді.
Мектепті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында оқыды. Кейіннен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің филология факультетін бітірген.
1982-1992 ж.ж. Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық басқармасында, 1992-1997 ж.ж. Шығыс Қазақстан аймақтық жекешелендіру комитетінде бөлім бастығы, 1997- 2001 ж.ж. Шығыс Қазақстан облыстық мекемелерді қайта құру, жабу басқармасының бастығы, 2001-2002 ж.ж. Өскемен қаласының жиһаз жасау комбинаты бойынша конкурстық басқарушы, Өскемен қаласы әкімшілігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы және Өскемен қаласының мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастығы қызметтерін атқарды.
Әдебиетте алғашқы қадамын әңгіме, новеллалар жазудан бастаған. Тұңғыш туындылары 1982 жылдан бастап облыстық Дидар (Коммунизм туы), «Ақ Ертіс» журналы мен Лениншіл жас (қазіргі Жас Алаш) газеттерінде жарияланды. Кейін әңгіме, хикаяттары республикалық «Жұлдыз» журналы мен «Жас Алаш» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, облыстық орыс тілінде шығатын «Изумрудный Алтай» журналында романы жарық көрді.
Шығармалары:
«Қыз суреті» (2003), «Алтай әуендері» (2005), «Байберді асуы» (2007) «Райыстан -Оралханға дейін» (2014), «Құзғынды қырғыны» (2015), «Жазушы жолы» (2015), «Әбдікерім және Алаш» (2016), «Алтай өрнектері» (2022), «Судьбы и тревоги Алтая» - орыс тілінде (2023), «Тень Байтерека» - орыс тілінде (2023) «Алтай Алашы» (2023) тарихи роман.
2006 жылы Оралхан Бөкейдің әңгіме желісімен түсірілген «Бес тиын» көркем фильміне продюссер болды.

2023 жылы Тоқтар Мағзұмов "Алтай өрнектері" кітабы үшін Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты атанды. 

 

 Т. Мағзұмовтың шығармалары

Произведения Магзумова Т.

 Кітаптар-Книги

 

Мағзұмов, Т. Қыз суреті: әңгімелер мен новеллалар / Т. Мағзұмов. - Өскемен, 2003. - 79 б.
Мағзұмов, Т. Байберді асуы / Т. Мағзұмов. - Өскемен: Медиа-Альянс, 2007. - 212 б.
Мағзұмов, Т. Алтайдағы алтын ұя. Райыстан - Оралханға дейін / Т. Мағзұмов. - Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2013. - 124 б.
Мағзұмов, Т. О. Бөкей әлемі. Райыстан - Оралханға дейін: эссе-эллегия / Т. Мағзұмов. - Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2014. - 148 б.
Мағзұмов, Т. Алтай алашы / Т. Мағзұмов. - Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2014. - 260 б.
Мағзұмов, Т. Алтай алашы / Т. Мағзұмов. - Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2015. - 332 б.
Мағзұмов, Т. Жазушы жолы: ғұмырнамалық дерек / Т. Мағзұмов. - Өскемен: Шығыс ақпарат, 2015. - 164 б. - (О.Бөкей әлемі).
Мағзұмов, Т. Әбдікерім және Алаш: эссе-хикаят / Т. Мағзұмов. - Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2016. - 94 б.
Мағзұмов, Т. Алтай өрнектері: естелік-эссе, тарихи хикаят пен аңыздар / Т. Мағзұмов. - Астана: Фолиант, 2022. - 312 б.(Абай әлемі).
Мағзұмов, Т. Алтай Алашы: роман / Т. Мағзұмов. - Алматы: Қазығұрт, 2023. - 320 б.
Мағзұмов Т. Алтай аңыздары / Т. Мағзұмов. - Астана: Фолиант, 2026. - 376 б.

***

Магзумов, Т. Судьбы и тревоги Алтая / Т. Магзумов. - Т. 1. - Усть-Каменогорск: ВКПК АРГО, 2023. - 324 с.
Магзумов, Т. Тень байтерека / Т. Магзумов. - Т. 2. - Усть-Каменогорск: ВКПК АРГО, 2023. - 324 с.

 Т. Мағзұмовтың мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары

Статьи Магзумова Т., опубликованные на страницах периодической печати

Мағзұмов, Т. Орны бөлек Оралхан: [эссе] / Т. Мағзұмов // Дидар. - 2012. - 18 мамыр. - Б.12.
Мағзұмов, Т. Алтайдағы алтын ұя / Т. Мағзұмов // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 28 ақпан. - Б.14.
Мағзұмов, Т. Әбдікерім болыстың жасын әлі білмейміз бе? / Т. Мағзұмов // Дидар. - 2017. - 6 шілде. - Б.27.
Мағзұмов, Т. Бұл өлкенің тарихы әріде жатыр: [Катонқарағай ауданына 90 жыл.] / Т. Мағзұмов // Дидар . - 2018. - 4 қыркүйек. - Б.5.
Мағзұмов, Т. Алтайдың тарихын зерттегеніме он бес жылдай болды / сұхб. М. Иманғали // Дидар. - 2023. - 19 қазан. - Б.9.
Мағзұмов, Т. Алтай аңыздары: [Тоқтар Мағзұмовтың "Алтай аңыздары" атты көлемді мақаласында Өр Алтайды жайлаған қалың қазақ жұртының арасында тарап кеткен әңгімелер мен ғибратты оқиғалардың ел аузында қаз-қалпында сақталған нұсқалары баян етілген] / Т. Мағзұмов // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 19 шілде (N29). - Б. 6-7.
Мағзұмов, Т. Біз білмейтін Барақ батыр өткелі / Т. Мағзұмов // Дидар. - 2024. - 21 қараша (N45). - Б.18.; Дидар. - 2024. - 28 қараша (N46). - Б.18
Мағзұмов, Т. Ғұмырнамалық өкініш (Ақталмаған үміт) / Т. Мағзұмов) // Қазақ әдебиеті. - 2025. - 28 наурыз (№12). - Б. 14-15
Мағзұмов, Т. "Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі": [Катонқарағайда өткен дүбірлі той туралы] / Т. Мағзұмов // Қазақ әдебиеті. - 2025. - 20 маусым (№24). - Б.12
Мағзұмов, Т. Байберді асуы: [хикаят] / Т. Мағзұмов // Тәңіртау. - 2026. - №1. - Б. 14-35.; №2. - Б. 20-52.

Литература о Магзумове Т.

Кітаптар-Книги

Назырбаев, Қ. Катонқарағай қаламгерлері / Қ. Назырбаев. - Астана: Нұра-Астана, 2017. - 176 б.
Наймандар / құраст.: Нұрғайни Мұқанова. - Алматы: Қазақ кітабы, 2021. - 584 б.

 

Мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар
Статьи опубликованные на страницах периодической печати

Қайран, Ә. Алтай өрнектерінің айтары көп: [жазушы Т. Мағзұмовтың шығармашылығы туралы] / Ә. Қайран // Дидар. - 2023. - 28 қаңтар. - Б. 3.
Жайлыбай, Ғ. Алтай жайлы айтылады бір аңыз: [жазушы Тоқтар Мағзұмов туралы] / Ғ. Жайлыбай // Ана тілі. - 2023. - 9-15 ақпан. - Б.9.
Иманғали, М. Төр Алтайдың тарихын зерделеген: [жазушы Т. Мағзұмовтың шығармашылығы туралы] / М. Иманғали // Дидар. - 2023. - 16 наурыз. - Б. 6.
Қайран, Ә. Оралхан мен өр Алтай / С. Қайран Ә. // Қазақ әдебиеті. - 2023. - 19 мамыр. - Б. 10-11.

***

Каланчина, Ирина. С любовью к книге: [в т. ч. есть информация о Т. Магзумове] / И. Каланчина // 7 дней. - 2014. - 30 октября. - С. 3 : фот.