Известные имена

Достоевский Ф. М.

Достоевский Фёдор Михайлович – жазушы, орыс әдебиетінің классигі, ойшыл.Достоевский Фёдор Михайлович (1821–1881) – жазушы, орыс әдебиетінің классигі, ойшыл.

1821 ж. 30 қазанда (жаңа стиль бойынша 11 қараша) Мәскеуде дворян отбасында дүниеге келген. 1837 ж. әкесі үлкен ұлдарын К. Ф. Костомаров пансионына жібереді. Осы кезден бастап ағалы-інілі Михаил және Федор Достоевский Санкт-Петербургте тұрды. Осы жылы Ф. М. Достоевский әскери-инженерлік училищеге оқуға түседі.

Оқуда жүрген кезде Достоевский шетел ақындары  –  Гомер, Корнель, Бальзак, Гюго, Гёте, Гофман, Шиллер, Шекспир, Байронмен қатар, орыс ақын-жазушылары – Державин, Лермонтов, Гоголь және  Пушкин шығармаларын оқыды.

1843 жылы автор Бальзактың «Евгения Гранде» шығармасын аударып, шығаруды қолға алды.

1844 жылы Федор Михайлович өзінің алғашқы «Бедные люди» 1844-1845) атты шығармасын жазады. Соңынан бұл шығармасы авторға үлкен даңқ әкеледі. Достоевскийдің «Бедные люди» романына В.Белинский және Н.Некрасов жоғары баға берді. «Бедные люди» романының мазмұнын халық жақсы қабылдады, дегенмен, келесі шығармасы түсінбеушілікке әкелді. «Двойник» (1845-1846) повесі ешқандай әсерсіз жазылып, тіпті сын айтылмайды.

1846 ж. қаңтар-ақпан айларында Достоевский сыншы Н. А. Майковтың әдеби ұйымында Иван Гончаровпен танысады.

1849 ж. 22 желтоқсанда Ф. М. Достоевский «Петрашевский ісіне» байланысты өлім жазасына кесіледі. Дегенмен, соңғы сәтте үкім өзгеріп, каторгалық жұмысқа жіберіледі. Достоевский өз сезімдерін «Идиот» романындағы князь Мышкиннің монологы арқылы жеткізген.     

1850-1854 жж. жазушы Омскіге жер аударылып, жазасын өтейді. Кейін 1854 ж. Достоевскийді жетінші сібір батальонына қатардағы жауынгер етіп жібереді. Мұнда ол Шоқан Уәлиханов (белгілі саяхатшы және этнограф) және Мария Дмитриевна Исаевамен (бұрнғы шенеуніктің әйелі) танысып, ұнатады.

1857 ж. Мария Дмитриевнаның күйеуі қайтыс болған соң, Достоевский оған үйленеді. Достоевский отбасы Семейге (қазір Семей, Шығыс Қазақстан облысы) көшіп келеді. 

Семейде (қазір Семей, Шығыс Қазақстан облысы) Достоевскийдің әдебиетке оралу мүмкіндігі пайда болады. Каторгадан кейін суреткер ретінде сынбаған жазушы, өзінің жазушылық тағдырына үлкен сенім артады.

Жазушының Семей кезеңі шығармашылығының ең биік шыңы болды. Оған алғаш рет белгілі әдебиеттанушы М.М. Бахтин назар аударды. Достоевскийдің Семейде жазған шығармаларында жаңа образдар, тақырыптар мен идеялар пайда болып, ол жазушының кемелді шығармашылық кезеңінде  дами түседі.   

Бірінші кезекте қағаз бетіне каторгада көрген бейнеті жайында «Заметки о погибшем народе» тараулары («Записки из Мертвого дома» романы) жазылды.

1859 ж. қаңтарда  Достоевский «Дядюшкин сон» повесін аяқтайды. Онда ол жаңа «провинциалды тақырыпты» қозғайды. Омбы, Семей, Кузнецк, Барнаул  – бұл қалалардың бір-бірінен айырмасы аз. Олардың өсек-аяңы, жанжалдары повесть оқиғалары өтетін  Мордасов қаласын еске түсіреді. Повестің сюжеті  адам намысын аяққа таптау және қорлауды суреттейтін күлкілі және ажуа-сықақ, үрей мен абыржуға құрылған.  

Семейдегі повесі «Село Степанчиково и его обитатели» цензураға қарайлап жазылған шығарманың бірі. Бұл шығармасын көпшілік халық немқұрайлы қабылдады.

1859 ж. Достоевский отбасымен Семейден Петербургке көшеді. Соңынан бейресми бақылау қойылады.

1860-1866 жж. Петербургте ағасы Михаилмен бірге «Время», кейін «Эпоха» журналында жұмыс істейді. Осы кезеңде Федор Михайлович Достоевский «Записки из мертвого дома», «Записки из подполья», «Униженные и оскорблённые», «Зимние заметки о летних впечатлениях» шығармаларын жазады. 1864 ж. ағасы Михаил және әйелі қайтыс болады. Ол рулетка ойынынан ұтылып, қарызға батады. Жазушы өмірінің қиын кезеңдері басталады. Осы кезде Достоевский «Преступление и наказание» / «Қылмыс пен жаза» атты романын жазып, журналға жіберіп отырады. Өзі жазған шығармасына құқығын (баспагер Ф. Т. Стелловский пайдасына) жоғалтпау үшін, Федор Михайлович «Игрок» романын жазуға мәжбүр болады. Бірақ шама-шарқы азайған соң, стенографистка Анна Григорьевна Сниткинаны көмекке шақырады. Сонымен 1866 ж. «Игрок» романын 21 күнде жазып шығады. 1867 ж. Ф. М. Достоевский А. Г. Сниткинамен некелеседі. Олар «Преступление и наказание» романы үшін алған ақшаны жоғалтпау үшін шетелге шығады. Әйелі бірге шыққан саяхат туралы күнделік жүргізіп, оның қаржылық жағдайын жақсартуға көмек береді.    

Өмірінің осы бір кезеңі Достоевский шығармашылығы үшін өте баянды болды. Достоевский әйелімен Новогород губерниясының Старая Русса қаласына көшіп келеді. Осы жылы  «Бесы» романын жазады. Бір жылдан кейін «Дневник писателя»,  1875 ж. – «Подросток» романын, 1876 ж. – «Кроткая» әңгімесін жазады. 1878 ж. Достоевский өмірінде ерекше оқиға болады, император Александр ІІ шақырып отбасымен таныстырады. Өмірінің соңғы екі жылында (1879-1880) жазушы ең үздік және негізгі шығармасы – «Братья Карамазовы» романын жазады.

1881 ж. 28 қаңтарда (жаңаша – 9 ақпан) Ф. М. Достоевский ұзаққа созылған науқастан қайтыс болады.

Федор Достоевскийдің ғұмырнамалық өмірбаяны оның көзі тірісінде танымал болғандығын көрсетті. Дегенмен, жазушы шығармалары қайтыс болғаннан кейін барынша  жетістікпен кеңінен таралды.

1971 ж. 7 мамырда Семей қаласында Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музей-үйі ашылды. 

1977 ж. музейдің жанына Д. Элбакидзенің  «Ф. М. Достоевский и Ч. Ч. Валиханов» атты қола мүсіні орнатылды.

Жазушының көптеген шығармалары экрандалған.   

 

 

 

Ф. М. Достоевскийдің Семей қаласында тұрған кезендегі жазған шығармалары

Произведения Достоевского Ф. М., написанные во время пребывания в Семее

 

Достоевский, Ф. М.Село Степанчиково и его обитатели [Текст] : [сборник] / Ф. М. Достоевский ; сост. Н. П. Утехин. - М. : Советская Россия, 1986. - 560 с. - Дядюшкин сон: с. 33 ; Село Степанчиково и его обитатели: с 157.

Достоевский, Ф. М. Полное собрание сочинений [Текст] : в 30 т. / Ф. М. Достоевский ; [Акад. наук СССР, Ин-т рус. лит. (Пушк. Дом) ; редкол.: В. Г. Базанов (гл. ред.) и др.]. - Л. : Наука, 1972 - 1990.

Т. 4 : Записки из Мертвого дома / [текст подгот. и примеч. сост.: И. Д. Якубович и др. ; ред. Ф. Я. Прийма]. - 1972. - 324 с.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Память о Федоре Достоевском [Электронный ресурс] : [сведения об увековечивании памяти русского писателя Фёдора Михайловича Достоевского] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа :  https://ru.wikipedia.org/wiki/Память_о_Фёдоре_Достоевском (18.01.2018)

Федор Михайлович Достоевский [Электронный ресурс]: [биография] // Образовака : сайт. – Режим доступа :http://obrazovaka.ru/alpha/d/dostoevskij-fyodor-mixajlovich-dostoevsky-fyodor-mikhailovich#ixzz54WaL3xPK (18.01.2018)

Федор Михайлович Достоевский [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа :  https://ru.wikipedia.org/wiki/Достоевский,_Фёдор_Михайлович (18.01.2018)

Федор Михайлович Достоевский [Электронный ресурс] // Мемориальный дом-музей Ф. М. Достоевского : сайт. – Режим доступа : http://dostoevsky.kz/fyodor-mihailovich-dostoevskii (18.01.2018)