Известные имена

Құдайбердиев А.

shakarimulyҚұдайбердиев Ахат Шәкәрімұлы (1900-1984) - ақын, фольклоршы, шежіреші, ұстаз.

1900 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Шәкәрім Құдайбердіұлының кенже ұлы. Семейдің педагогикалық техникумын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Туған ауылында, Шымкент қаласындағы орта мектепте, Жамбыл облысында аудандық мектептерде мұғалім болды. 1969-1984 жылдары Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі, одан кейін Абайдың Семейдегі қорық - мұражайының ғылыми қызметкері болды. Құнанбай мен Абайдың, Шәкәрімнің өміріне қатысты орасан мол деректер жинастырып, Абай мұражайының ғылыми қорына тапсырды. Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Ахат Шәкәрімұлының туып өскен ортасы - үлкен ақындар отаны. Ол ұлы Абайдан бастап, Абай балалары, Көкбай, әкесі Шәкәрім және өзі тұстас ақындар отаны. Осындай ортада өскен Ахат та ақындықтан құралақан емес еді. Өмір бойы шығармашылықпен айналысқан Ахат Шәкәрімұлының үлкен ақындық талантын халық көзі тірі кезінде мойындаған еді, бірақ ол өз шығармаларын жарыққа шығаруға көңіл бөлмеген.

Ахат Шәкәрімұлы 1968 жылы туған жеріне қайтып келген соң Жидебайдағы Абайдың музей-үйінің меңгерушісі қызметін атқарды, кейіннен Семей қаласына көшіп келіп, Абай музейіне ғылыми қызметкер болып орналасады. Музейде жұмыс жасаған жылдары қорда сақталған араб графикасындағы көптеген қолжазба, естеліктер, кітаптарды қазіргі қазақ графикасына аударып, өлшеусіз еңбек етті.

1984 жылы Ахат Шәкәрімұлы қайтыс болғаннан кейін артында қалған шығармашылық мұрасын, жеке архивін музей қорына қабылдау жұмыстары қолға алынып, әкесі Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы айтуға болмағандықтан, Ахат Құдайбердиевтің өзінің ақындығын алдыға тартып, 1986 жылы Мәдениет министрлігінің арнайы шешімімен Ахат Құдайбердиевтің жеке архиві (барлығы 153 дана сақталым даралығы) зайыбы Бәтима Жәкеновадан қабылданады. Олар: қолжазбалар, жеке қолданыста болған заттары, құжаттары, фотосуреттер және кітаптар еді.

Абай музейі қорында сақтаулы Ахат Шәкәрімұлы коллекциясы Шәкәрім шығармашылығына байланысты жәдігерлер топтамасының негізін құрады. Қазіргі уақытта Шәкәрім Құдайбердіұлына қатысты жәдігерлер қатары жылдан жылға жаңа жәдігерлермен толығып, молайып келеді. Ахат Құдайбердиев коллекциясының да уақыт өткен сайын маңызы арта бермек.

А. Шәкәрімұлы шығармалары

Произведения А. Шакаримулы

Кітаптар - Книги

Шәкәрімтану мәселелері [Мәтін]. - Алматы : Раритет, 2007. - 448 б. - Шәкәрiмұлы А. Менiң әкем, халық ұлы – Шәкәрiм: б. 145-245

Абай туралы естеліктер [Мәтін]. - Семей : [б. ж.], 2013. - 260 б. – Шәкәрімұлы А. Құнанбай туралы: б. 200-260.

Абай [Мәтін] : Әдеби-көркем тәуелсіз журнал. -2014. - №2. - 96 б. -Алматы : Дәуір, 1992. - 96 б. - Шәкәрімұлы А. Акм-Акм: б. 48-60.

Абай [Мәтін] : республикалық фольклорлық-этнографиялық әдеби- көркем журнал. -2016. - №3. - 94 б. - Шәкәрімұлы Ахат Құдайбердиевтің қолжазбасы: б. 5-6

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Публикации в периодических изданиях

Өлеңдер – Стихи

Шәкәрiмұлы, А. Жас ұлан тiлегi [Мәтін] : [өлең]/ А. Шәкәрімұлы // Социалистік Қазақстан.- 1959. - 31 май. - Б. 4 .

Шәкәрiмұлы, А. Дән мен тер[Мәтін] : өлең / А. Шәкәрімұлы // Социалистік Қазақстан.- 1959. - 21 июнь. –Б. 4 .

Мақалалар – Статьи

1991

Шәкәрiмұлы, А. Кешегi өткен Құнанбай [Мәтін] / дайындаған А.Сопыбеков/ / А. Шәкәрімұлы // Ленин жолы. - 1991. - 30 мамыр. - Б. 6.

Шәкәрiмұлы, А. Құнанбай[Мәтін] : [Абайдың әкесi туралы деректерден] / А. Шәкәрімұлы // Жас алаш. - 1991. - 17 қыркүйек. - Б. 4.

1992

Шәкәрiмұлы, А. "Акм-Акм"[Мәтін] : [Әнет бабаң би, Қазыбек би, Қараменде би туралы] / А. Шәкәрімұлы // Абай. - 1992. - N 2. - Б. 92-93.

1995

Шәкәрiмұлы, А. Құнанбай - Абайдың әкесi [Мәтін] / А. Шәкәрімұлы // Ұлан. - 1995. - 11 шiлде. - Б. 10.

2004

Шәкәрiмұлы, А. Құнанбай туралы / А. Шәкәрімұлы// Абай. - 2004. - N 1. - Б. 2-12.

Шәкәрiмұлы, А. Ақырғы аманат: Ш.Құдайбердиев ұлының естелiгiнен // Дала. - 2004. - N 5. - Б. 21-22.

2007

Шәкәрiмұлы, А. Қазақтың асқазаны[Мәтін] / А. Шәкәрімұлы // Үш қиян. - 2007. - 20 желтоқсан. - Б. 9.

2008

Шәкәрiмұлы А. Қарт өлiмi. Құдық. Жан толғанысы. Қалмақ қызы қаракөз айымның зары [Мәтін]: өлеңдер / жазып алған Б. Кiтапбаев / А. Шәкәрімұлы // Қазақ. - 2008. -2 мамыр. - Б. 4.

2009

Шәкәрiмұлы, А. Менiң әкем - Шәкәрiм[Мәтін]: [ақынның асыл қасиеттерi, шығыс әдебиетiн зерттеуi және М.О.Әуезовпен кездесуi туралы.] /А. Шәкәрімұлы // Үш қиян. - 2009. - 3 желтоқсан. - Б. 6-7.

2015

Шәкәрiмұлы, А. Құнанбай туралы [Мәтін] / А. Шәкәрімұлы // Аңыз адам. - 2015. - № 13. - Б. 5.

А. Шәкәрімұлы туралы әдебиеттер

Произведения о А. Шакаримулы

Әлиакпаров М.Т Ахат [Мәтін] / М. Т. Әлиакпаров. - Қарағанды : Қазақстан, 1997. - 170 б.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана, 2005. - 96 б.

Сейсенұлы, Д. Шәкәрім [Мәтін] : ғұмырнамалық баян / Д. Сейсенұлы ; жауапты ред. Е. Сыдықов ; Семей мемлекеттік педагогикалық институты. - Астана : Фолиант, 2008. - 264 б.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Шәкәрімұлы Ахат: б. 804

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. – Шәкәрімұлы Ахат: б. 169

Абай [Мәтін] : республикалық фольклорлық-этнографиялық әдеби- көркем журнал . - 2018. - №2. - 95 б.

Мақалалар - Статьи

1998

Сағатбекқызы, А. Өшпестей белгі қалдырған [Мәтін] : [Ш.Құдайбердиевтің ұлы Ахат Құдайбердиевтің өмірі мен қызметі туралы] / А. Сағатбекқызы// Семей таңы. - 1998. - 6-12 тамыз. - Б. 4-5.

Ахметжанов, А. Ахат Құдайбердиевтің Қиясбай туралы естелігі [Мәтін] : / А. Ахметжанов // Үш анық. - 1998. - қазан. - Б. 6.

2000

Сағатбекқызы, А. Тұлпардың тұяғы [Мәтін] : [Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиевтің туғанына 100 жыл ] / А. Сағатбекқызы // Үш анық. - 2000. - қаңтар. - Б. 6.

Ахметжанов, А. Ахат аға [Мәтін] : [Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ] /А. Ахметжанов // Семей таңы. - 2000. - 21 шілде. - Б. 4.

2004

Сейсенұлы, Д. Шәкәрімнің ұлы [Мәтін] : Ахат Құдайбердиев туралы не білеміз? /Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2004. - 29 қыркүйек. - Б. 8.

Әлжанова, Л. Шыңғысқа саяхат [Мәтін] / Л. Әлжанова // Ертіс өңірі. - 2004. - 25 қараша.- Б. 4.

2006

Сағатбекқызы, А. Өшпестей белгі қалдырған [Мәтін] / А. Сағатбекқызы // Шәкәрім әлемі. - 2006. - №1.- Б. 38-42.

Әлиакпаров, М. Т. Бірге өткізген шуақты шақтар-ай [Мәтін] / М. Т. Әлиакпаров // Шәкәрім әлемі. - 2006. - №4. - Б.11-14.

2007

Өмірбекова, Н. Ахат Шәкәрімұлының естеліктері [Мәтін] / Н. С. Өмірбекова // Шәкәрім әлемі. - 2007. - №1. - Б. 87-91.

2008

Жанаева, Ш. Ахат жайлы ақиқат [Мәтін] / Ш. Жанаева // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 5 қыркүйек. - Б. 6.

Момынғазин, Б. Ұлылардың ізі қалған Шыңғыс төрі [Мәтін] / Б. Момынғазин // Дидар. - 2008. - 6 қыркүйек. - Б. 2.

Жанаева, Ш. Ахат жайлы ақиқат [Мәтін] / Ш. Жанаева // Ертіс өңірі. - 2008. - 1 қазан. - Б. 13.

2009

Құдайбердиев, А. Әкемнің шығармалары жайында [Мәтін] / А. Құдайбердиев // Шәкәрім. - 2009. - N 1. - Б. 76-86.

Жармұхамедұлы, М. Әке аманатын ақтаған [Мәтін] /М. Жармұхамедұлы // Қазақстан мектебі. - 2009. - N 3.- Б. 3-8.

Казезова, М. Қазақтан мендей ұл туса, осындай түзу жол қуса... [Мәтін] / М. Казезова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2009. - N 7. - Б. 21-25

2010

Ахметжанов, А. Бізге қымбат дауыстар [Мәтін] : Шәкәрім ұлы Ахат Құдайбердиевтің туғанына 110 жыл / А. Ахметжанов // Семей таңы. - 2010. - 22 шілде.- Б. 3. ; 29 шілде. - Б. 3. ; 12 тамыз. - Б. 3.

Әбеуханова, С. Ахат Шәкәрімұлының әдеби мұрасы [Мәтін] / С. Әбеуханова // Қазақстан мектебі. - 2010. - N 10. - Б.77 - 80.

2011

Сейсенұлы, Д. Ұмытылмас есімдер [Мәтін] : [абайтану мен шәкәрімтануға үлес қосқан Әрхам Ысқақов пен Ахат Құдайбердиевтер туралы] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 2 наурыз. - Б. 10.

2012

Оралбекқызы, С. Ахат Шәкәрімұлының әдеби мұрасының жариялануы, зерттелуі [Мәтін] / С. Оралбекқызы // Ұлағат. - 2012. - №6 . - Б. 121-130.

2013

Құдайбердиев, А. Жидебайдағы Абайдың үй-жайының салынуы жайында [Мәтін] // А. Құдайбердиев // Асыл қазына. - 2013. - №1-2. - Б. 6.

Жанаева, Ш. Ахат Шәкәрімұлы жайында бір дерек [Мәтін] / Ш. Жанаева // Дидар. - 2013. - 27 мамыр. - Б. 5.

2015

Мағжан, А. Ахат ақынның алғашқы жинағы [Мәтін] : [Ахат Шәкәрімұлының тұңғыш шығармаларының толық жинағы жарық көрді. ] / А. Мағжан // Ертіс өңірі . - 2015. - 27 мамыр.- Б. 2.

Қадырова, Л. Туған елдің өз баласы бола алсам! [Мәтін] : А. Шәкәрімұлының туғанына 115 жыл. / Л. Қадырова // Семей таңы . - 2015. - 29 қыркүйек. - Б. 6.