Шондыбайұлы Уәйіс (1873-1923) - ақын, сазгер
Шондыбаев Уәйіс — бұрынғы Семей облысының (казір Шығыс Қазақстан) Шұбартау ауданының Баршатас ауылында туған. Уәйіс жасынан әнші, қиссаларды жатқа айтатын және дарынды ақын болған, әрі сазгер. Көрші Тобықты елімен, Қосай, Нұралы ауылдарымен, Найман руының сол кездегі алдыңғы катарлы адамдарымен жиі араласқан, тату-тәтті жолдас болған. Кезінде Абай шәкірттерінің бірі болған. Оның халық арасында кеңінен тараған «Перуайым», «Шұбартау», «Шыңғыстау» т,б. әндері бар. 1894 жылдан бастап Көкбай, Акылбай, Мағауия сияқты дарынды ақындар тобына қосылып, ұлы Абайдың ақындық мектебінен өтеді.
Ақын шығармаларының ел аузында, көшірме қолжазбаларда және архив қорында сақталып жеткендері: орыс ақыны П.П.Ершовтың (1815-1869) әйгілі ертегі-дастаны «Конек-Горбунок» оқиғасын пайдаланып жазған «Иванушка-дурачок» поэмасы, , әңгімесінен алынып жазылған атты дастаны мен бірнеше өлеңдері. Керей Уәйіс ақынның шығармаларын жинап, алғысөз, түсініктерін жазып, екі кітабын баспадан шығарған) Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, ғалым Қ.Мұхаметханов ағамыз. («Уақыт өрнегі», Алматы, «Жазушы»,1988ж. «Абайдың акын шәкірттері», Алматы, 1994 ж. 6-том)
Уәйіс ақынның 1916-1921 жылдары жазған өлең-жырлары түгелдей саяси-әлеуметтік лирика жанрында, революцияшыл рухта жазылған. атты өлеңдерінде халықты азаттық күреске үндеп, ел қамқоры болған жастарды жастарға үлгі-өнеге етіп ұсынады. Ақынның алғашқы өлеңдері Ресейдегі төңкеріс, дүрбелең, азамат соғысы күндеріндегі күпті көңіл, қатерлі қауіптен елес берсе, кейінгі өлеңдері — Қазақстанда большевиктер үстемдігі жаңа орнай бастаған, ел бүлініп, дүние құбыла бастаған кезеңге сәйкес келеді.
Ақынның замана ызғырығын айқын сезініп, нақты баға беруі, осы орайдағы күмән мен үрей — XX ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ қоғамының көңіл-күйін айқын аңғартады. Ақынның шығармалары 1987 жылы баспасынан басылып шықты.
Шондыбайұлы У. Шығармалары
Произведения Шондыбайұлы У.
Книги
Шондыбайұлы У. (1873-1925) Тәуке –Жәкібай: Поэма // Қазақ әдебиеті.- -18 желтоқсан.
Қазақ әндерінің антологиясы [Мәтін] : екі томдық. Т. I : Халық әндері мен халық композиторларының әндері / құраст. Ж. Кәрменов, 1990. - 336 б.
Литература о Шондыбайұлы У.
Шондыбайұлы У. туралы әдебиеттер
Абайдың ақын шәкірттері: (Уәйіс ақын туралы бар) // Қ. Мұхаметханов.- Алматы: Дәуір, 994.-336 б
Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін]. 2-ші кітап / Республикалық Абай қоры. - Алматы: Дәуір, 1994. - 335 б. (Введено оглавление)
Атығай Б. Қ. Абайдың ақындық мектебіндегі аудармашылық дәстүрінің қалыптасуы [Мәтін] : Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Атығай Б. Қ. - Алматы: Б.ж., 2001. - 26 б.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей: Талант, 2005. - 96 б.
Мақалалар-Статьи
Уәйіс ақын [Мәтін] : [XІX-XX ғ.Уәйіс Шондыбайұлы туралы] // Жұлдыз. - 1996. - №9.- Б.202-206
Сәменбекұлы, Н. Керей Уәйіс ақын //Дидар.-2002.-8 маусым.
Мұқашев, Е. С. Абайдың ақын шәкірті У. Шондыбайұлының өмірі жайлы [Мәтін] / Мұқашев Е. С. // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. - 2006. - №1.- Б.34-35
Мұқашев, Е. С. Уәйіс ақынның әншілік мұрасы [Мәтін] / Мұқашев Е. С. // ҚРҰҒАкад. хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. - 2006. - №1.- Б.78-81
Мұқашев, Е. Уәйіс ақын «Иванушка-дурачекты» қалай жазған // Семей таңы. — 2010. — 18 наурыз
Зүкенов, М. Абайдың шәкірттерінің бірі болған Уәйіс Шондыбайұлын ұмытып кеткен жоқпыз ба? [Мәтін] / М. Зүкенов
Алдабергенова, А. Уәйіс ақынның айтыскерлік шеберлігі [Мәтін] / А. Алдабергенова // Семей таңы . - 2014. - 28 қазан.- б.7.
Алдабергенова, А. Абайдың талантты шәкірті [Мәтін] : [Уәйіс Шондыбайұлының дүниеден өткеніне 90 жыл] / А. Алдабергенова // Ертіс өңірі . - 2015. - 24 маусым.- 12.Б.12.