Кобзев Юрий Михайлович (18.02.1947 ж.) – журналист, ақын.
1947 жылы 18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында дүниеге келген. 1966 жылы мектепті алтын медальмен аяқтап, сол жылы «Ленинское знамя» аудандық газеті редакциясына жұмысқа орналасады және С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ға (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) сырттай оқуға түседі. Аталған университетті 1972 жылы жақсы аяқтайды. Студент кезінде-ақ, КСРО Журналистер одағына енген. Юрий Михайловичтің қысқа ғана еңбек жолы журналистика саласымен тығыз байланысты. «Ленинское знамя» аудандық газеті редакциясының ақпарат бөлімінде, кейін 1970 ж. редакцияның өнеркәсіп бөлімін басқарған, ал 1972 ж. қаңтардан – «Ленинское знамя» газеті редакторының орынбасары қызметін атқарған. Оқырмандар Юрий Михайловичтің әр мақаласын асыға күтетін, себебі олар жарқын, образды әрі қызықты болып келетін. Өлеңді мектеп қабырғасынан бастап жаза бастаған, олар газет беттерінде де жарық көрген, тіпті Менделеев кестесін де өлең ұйқастарына қосқан. Құрдастарының естеліктеріне сүйенсек, бұл жүректен шыққан шынайы өлең жолдары екен. Алайда өте қарапайым әрі маңыздылығымен бағалы болған. Көптеген өлеңдері Нелли Рау және өзге де музыканттардың әндеріне арқау болған. Ю.М. Кобзев КСРО Журналистер одағының белсенді мүшесі болған. 1975 ж. 9 желтоқсанда 28 жасында ұзақ аурудан кейін қайтыс болады.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Кобзев Ю.М. [Электронный ресурс] [биография] // официальный сайт Шемонаихинской центральной районной библиотеки - Режим доступа http://shemlibrary.kz/index.php/novosti/8-shemonaikha-literaturnaya/12-kobzev-yurij-mikhajlovich