Известные имена

Ұзақбаева К.

 Ұзақбаева КүләндаҰзақбаева Күләнда, жазушы ( 1926)

Ұзақбаева Күләнда Әбубайқызы 1926 жылы 23 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында туған. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін қызыл дипломмен бітірген. Университетті бітіргеннен кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер, 1951 -1986 жылдары 35 жыл бойы "Жазушы" баспасында редактор, аға редакторлық қызмет атқарған.
Негізінде көркем аударма саласында еңбек етті. Перроның «Ғажайып ертегілерін», Л. Воронкованың «Қаладан келген қыз» повесін, Д. Родаридің «Телефонмен айтылған ертегілерін», С. Алексеевтің «Суворов және орыс солдаттары» туралы әңгімелерін, С. Разияның «Суман» атты романын, балаларға арналған «Азия халықтарының ертегілерін», «Қызыл телпек» ертегілер жинағын, сондай – ақ үш көркем фильмді қазақшаға аударған.
Мұхтар Әуезовтің он екі томдығын және жиырма томдығын, Сәбит Мүқановтың он алты томдығын, Ғабит Мүсіреповтің бес томдығын, Ғабиден Мүстафиннің төрт томдығын, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романының тұңғыш басылымына редактор болған. Сонымен қатар, Т.Ахтановтың, М.Мағауиннің романдары мен повестерін де жарыққа шығарған.
1985 жылы Жазушылар Одағына мүшелікке өткен. Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің Мактау грамоталарымен, "Баспа үздігі" белгісімен марапатталған. Еңбек ардагері, майдан ардагері атақтары, медальдары бар.

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Публикации в периодических изданиях

 

Мақалалар-Статьи

 

Ұзақбаева, К. Алғашқы үш том [Мәтін] : [М.Әуезовтiң 12 томдық шығармалар жинағының алғашқы үш томының жарыққа шығуы туралы] / К. Ұзақбаева // Лениншiл жас. - 1967. - 22 октябрь. – Б. 12

Ұзақбаева, К. С.Мұқанов шығармаларының он алты томдығы [Мәтін]: [1971 жылдан бастап шығатындығы туралы] / К. Ұзақбаева // Соц. Қазақстан.- 1971.- 5 янв.

 

К. Ұзақбаева туралы әдебиеттер

Литература обК. Узакбаевой

 

Кітаптар – Книги

 

Әуезов, М. Жиырма томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 1 : әңгімелер / М. Әуезов ;  1979. - 455 б. – Ұзақбаева К. – б. :146

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – Ұзақбаева К. : б. 320.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. – Ұзақбаева К. : б. 406.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Ұзақбаева К.  : б. 772.

***

Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический словарь. - Алматы : Аруна, 2010. – Узакбаева К.: с. 487.

 

К. Ұзақбаева  аудармалары – Переводы  Узакбаевой  К.

 

Заһир, С. Р. Суман [Мәтін] : роман / С. Р. Заһир; ауд. К. Ұзақбаева. - Алматы : Жазушы, 1976. - 171 б. : сур. - 0.51 тн.

 

К. Ұзақбаеваның қатысуымен шыққан басылымдар -

Издания, вышедшие при участии Узакбаевой К.

 

Сатыбалдин, Қ. Таңдамалы шығармалар [Текст] / Қ. Сатыбалдин ; құраст.: Ж. Өмірбеков, К. Ұзақбаева, К. Ахметова.

Т. 1  : Өлеңдер мен поэмалар. - Алматы : Жазушы, 1972. - 294 с.

Жанкелдин, Т. Сын сағатында [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Т. Жанкелдин ; құраст. Б. Қазыханова ; ред. К. Узакбаева ; суретші М. Искаков. - Алматы : Жазушы, 1981. - 552 б.

Есенберлин, І.  Көшпенділер [Мәтін] : тарихи трилогия. 1 кітап. / І Есенберлин : Алмас қылыш : роман / ред. К. Узакбаева. - Алматы : Жазушы, 1976. - 309 б.

Қабышев, Ғ. Күлеміз бе, қайтеміз... [Мәтін] : сықақ әңгімелер / Ғ. Қабышев ; ред. К. Узакбаева. - Алматы : Жазушы, 1983. - 198 б.