Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Сабырбайқызы Қ.

Сабырбайқызы Қуандық ақын (1843-1928)

Қуандық Сабырбайқызы - ақын әрі әнші. Сыбанның он жеті ақыны шыққан ақындар әулетінде дүниеге келген. Айтыс өнерінің шебері Сабырбай қызын жас күнінен сөз өнеріне баулып есірген. Қуандық шаршы топта жыр додасына тұсіп, әншілік, ақындық өнерімен ел қүрметіне бөлеңген. Қара өлеңге ете жүйрік болған. Абайдың Қуандық пен көздесуі оның жан дүниесінде үлкен серпіліс туғызған. Талантты ақын қыз Абай назарына ілігіп, тіл табысқан.
Қуандық ақындық дәстүр бойынша өткір тілмен міней сөйлеп, Абаймен айтысуға дейін барған. Көлемі 2-3 шумақтан аспайтын бұл сөз қағысулары зілсіз әзілмен бір-біріне сәлем жолдау ғана. Екі жастың жарасқан көңлін байқаған Сабырбай ақын оларға өлеңмен басу айтқан. Ел аузындағы естеліктерге қарағанда Абай Қуандыққа ұйленбекші де болған. Бірақ Абайдың ата-анасы Ділдәға құда тұсіп, сөз байласып қойғандықтан, оның бұл тілегі орындалмаған.
Қуандық ақын замандасының өлеңдері мен әндерін халық арасына таратуға көп еңбек сіңірген. Қуандықтың Абай шығармаларын сақтап, насихаттаудағы еңбегіне М. О. Әуезов жоғары баға берген. Абайдың Сабырбаймен және оның қызы Қуандық пен кездесуі туралы М. Әуезов орыстың белгілі жазушысы П. Кузнецовқа жазған хатында айтқан.
Қуандықтың Абай және әкесі Сабырбаймен т. б. ақындармен айтыстары Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның орталық ғылыми кітапханасы қорында сақтаулы.

 

Қ. Сабырбайқызының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер - Литература о жизни и творчестве Сабырбайкызы К.

 

Кітаптар - Книги

 

Абай [Мәтін] : энциклопедия / ред. Р. Н. Нұрғалиев. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы ; Алматы : Атамұра, 1995. - 720 б. - Сабырбайқызы Қуандық: б. 365.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Сабырбайқызы Қуандық: б. 336.

Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құраст.: М. Иманжапаров, М. Зүкенұлы. - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б. - Сабырбайқызы Қуандық: б. 35-39.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. - Сабырбайқызы Қуандық: б. 144.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Сабырбайқызы Қуандық: б. 474.

 

***

Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна; Қазығұрт, 2010. - 528 с. - Сабырбайкызы Куандык: с. 300.

 

Мақалалар - Статьи

 

Алдажаров , Н. Абай туралы әңгімелер [Мәтін] : ақын Қуандық Сабырбайқызы туралы / Н. Алдажаров // Жұлдыз . - 1992. - № 1. - Б. 80.

Зүкенов, М. Тәрбиесімен де, өнерімен де ұлы Абайды тәнті еткен [Мәтін] : ақын Қуандық Сабырбайқызы туралы / М. Зүкенов // Дидар. - 2013. - 3 мамыр. - Б.13.

Зүкенов, М. Абайды тәнті еткен [Мәтін] : ақын Қуандық Сабырбайқызы туралы / М. Зүкенов // Отүкен. - 2014. - № 1. - Б. 246-247.

Абай мен Қуандық қыз [Мәтін] : Абайдың ақын қыз Қуандық Сабырбайқызымен кездесуі туралы / әзірлеген: А. Бисенғалиева // Ертіс өңірі. - 2015. - 18 тамыз. - Б. 11.