Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Назырбаев Қ.

Назырбаев ҚайырдыНазырбаев Қайырды (1947), журналист, ақын, баспагер.
Назырбаев Қайырды 1947 жылы 2 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Таңба (қазіргі Еңбек) ауылында колхозшы-шаруаның отбасында дүниеге келді.
1963 жылы Қ. Назырбаев Еңбек сегіз жылдық мектебін, 1966 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы (қазіргі Әбдікерім атындағы) Шыңғыстай орта мектебін бітірді. Өлең жазуды Қайырды мектеп қабырғасында жүргенде бастаған. Оның өлеңдері мен әңгімелері аудандық «Еңбек туы», «Арай», Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», республикалық «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз» журналдарында жарияланды.
Орта мектептен соң Қайырды Назырбаев «Өрел» совхозында шопан, мәдениет қызметкері, Еңбек сегіз жылдық мектебінде мұғалім болып істеді. Ол 1968 жылдан бастап журналистік жұмысқа бірыңғай бет бұрып, Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, Катонқарағай, Үлкен-Нарын және Зырян аудандары бойынша меншікті тілші, 1969 жылы Күршім аудандық «Коммунистік еңбек» (Коммунистический труд) газетінде аудармашы болды. Одан кейін Қ.Назырбаев Шығыс Қазақстан облыстық теледидар және радио хабарын тарату комитетінде облыстық радионың редакторы, осы комитетке қарасты шекаралық Катонқарағай радиоредакциясында 1971-1980 жылдары жауапты редактор болып істеді. Қ. Назырбаев 1974-1980 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін өндірістен қол үзбей сырттай оқып бітірген.
1980–1990 жылдары Қ.Назырбаев Катонқарағай аудандық «Арай» (Луч) газетінде редактордың орынбасары, 1991 – 1997 жылдары осы газеттің редакторы қызметін атқарды. 1997 жылы Катонқарағай және Үлкен-Нарын аудандары біріктірілген соң, 2000 жылғы қараша айына дейін Қ.Назырбаев «Арай» (Луч) газеті редакторының орынбасары лауазымында Катонқарағай аймағында жұмыс істеді.
2000-2002 жылдары Қайырды Назырбаев Астанадағы мемлекеттік «Елорда» баспасының редакторы, 2002–2008 жылдары «Аударма» баспасының бас редакторы, директоры міндетін атқарса, ал 2009 жылдан бері «Нұра-Астана» баспасының директоры болып істеп келеді.
Қайырды Назырбаевтың өлеңдері 1999 жылы Астанадан шыққан «Ағажай Алтайдай жер қайда» атты топтама жинақта басылды.
Қайырды Назырбаев Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одақтарының мүшесі. Ол Қазақстан Журналистер Одағының 7 съезінің» (Алматы,1987), газет шығарушылар Ассоциясы Бүкілодақтық съезінің (Мәскеу,1991), республикалық «Қазақ тілі» қоғамы құрылтайының (Алматы,1992) делегаты. Тәжірибелі журналист, баспагер-жазушы, ақын Қайырды Назырбаев – «Қазақстан Республикасы Баспа және Полиграфия ісінің қайраткері» және «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен және «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Назырбаев Қайырды «Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы» (2007).

Қ. Назырбаев шығармалары
Произведения Назырбаева К.
Кітаптар - Книги

Ағажай, Алтайдай жер қайда : Өлеңдер жинағы. - А. : Полиграфия, 1999. - 303 б.

Алпысқызы, Зәбилә. Ұстаз тағылымы / З. Алпысқызы. - Астана : [б.ж.], 2003. - 244 б.

Назырбаев, Қайырды. Таудағы таңба : өлеңдер, мақалалар, ел ішіндегі бірқақпайлар, әңгімелер, новеллалар, аудармалар, әріптестер лебізі / Қ. Назырбаев. - Астана : Фолиант, 2007. - 320 б.

Назырбаев, Қайырды. Қаратай баба зираты / Қ. Назырбаев. - Астана : Нұра-Астана, 2010. - 36 б. Назырбаев, Қайырды. Катонқарағай [Мәтін] / Қ. Назырбаев. - Астана : Фолиант, 2011. - 280 б.

Мақалалар - Статьи

Назырбаев, Қ. Алтайдың аңыз адамы : [Бошай Кітапбаевтың 100 жылдығына орай] / Қ. Назырбаев. - Мәтін // Жас алаш. - 2023. - 2 наурыз. - Б. 4.

Қ. Назырбаев туралы әдебиет
Литература о Назырбаеве К.
Кітаптар - Книги

Қапанов, Болатбек. Анамдай әлпештеген Асқар Алтай / Б. Қапанов. - Өскемен : [б. ж.], 2011. - 566 б. (Введено оглавление)

Мақалалар - Статьи

Қаңтарбаев Ә. Өткен ғасырлардан жеткен сарын / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2006. - 14 ақпан.- Б. 6

Қызыр, Ж. Өр Алтайға кіндігімен байланған журналист-жазушы: катонқарағайлық жазушы Қайырды Назырбаев туралы / Ж. Қызыр. - Мәтін (визуалды) // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 28 маусым (N26). - Б. 4.