Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Мұқанова Р.

Мұқанова Роза – жазушы, драматург.Мұқанова Роза (1964 ж.) – жазушы, драматург.

1964 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылында дүниеге келген.

1987 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірді. Осы жылы Орталық мұражайдың әдебиет және өнер бөлімінде жұмыс істеді.

1989 жылы Қазақстан жазушылар одағының Аударма коллегиясында бас редактор болды.

2007 жылы ҚР ақпарат министрлігінде жауапты қызметкер, ҚР Парламенті Сенаты Хатшылығында бас талдаушы қызметін атқарды.

Қазіргі кезде Өнер университетінде драматургиядан сабақ береді.

«Жарық дүние» (1994), «Дүние кезек» (1997), «Құдірет-Кие» (2000) әңгімелер жинағы мен драмалық повестер авторы.

2001 жылы Роза Мұқанова Рабғұзидың «Қисса-сүл-Әнбий-я» кітабын қазақ тіліне аударды.

1996 жылы М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық театрда «Мәңгілік бала бейне» атты пьесасы қойылды.

1997 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында М. Әуезовтың «Қаралы сұлу» әңгімесінің ізімен драмалық қойылымы болды.

2001 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қыз жылаған» әңгімесінің ізімен кинофильм түсірілді.

Қазақстан жастар одағы, Қазақстан жазушылар одағы, «Жалын» журналының Т. Айбергенов атындағы сыйлығы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (2002, «Құдірет-Кие»). «Мысықтар патшалығы» пьесасы үшін «Самсунг» компаниясының «Современная драматургия» номинациясының жүлдегері. «Шатыр астындағы Мен» (2008) пьесасы үшін мемлекеттік грант иегері.

2011 жылы Прагада Еуропа қоғамдастығының шешімі бойынша Р. Мұқановаға әдебиетке сіңірген еңбегі үшін Франц Кафка атындағы медаль тапсырылды.

Р. Мұқанованың шығармалары

Произведения Р. Мукановой

Кітаптар – Книги

Мұқанова, Р. Жарық дүние [Мәтін] : әңгімелер / Р. Мұқанова - Алматы : Жалын, 1994. - 208 б.

Мұқанова, Р. Дүние кезек [Мәтін] : әңгімелер / Р. Мұқанова. - Алматы : Жазушы, 1997. - 208 б.

Мұқанова, Р. Құдірет-Кие [Мәтін] : әңгімелер, драмалық хикаяттар / Р. Мұқанова. - Алматы : Сөздік-словарь, 2001. - 320 б.

Мұқанова, Р. Муза [Мәтін] : әңгімелер мен драмалық хикаяттар / Р. Мұқанова - Алматы, 2004. - 326 б.

Мұқанова, Р. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Р. Мұқанова. - Алматы : Қазығұрт, 2007. - 304 б.

Мұқанова, Р. Шатыр астындағы Мен [Мәтін] : әңгімелер мен драма / Р. Мұқанова. - Алматы : жазушы, 2008. - 285 б.

Мұқанова, Р. Шығармалары [Мәтін] : әңгімелер, драмалар, сұхбаттар. Т. 1 / Р. Мұқанова. - Алматы : Арда+7, 2014. - 320 б.

Мұқанова, Р. Шығармалары [Мәтін] : драмалар, аударма, көсемсөздер. Т. 2 / Р. Мұқанова. - Алматы : Арда+7, 2014. - 320 б.

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

Мұқанова, Р. Тұлға [Мәтін] / Р. Мұқанова // Егемен Қазақстан. - 2013. - 14 мамыр. - Б. 5.

Мұқанова, Р. Адамзаттың тағдыры алаңдатқан [Мәтін] / Р. Мұқанова // Егемен Қазақстан. - 2016.- 1 қыркүйек. - Б. 5.

Мұқанова, Р. Классик [Мәтін] / Р. Мұқанова // Егемен Қазақстан. - 2016.- 24 тамыз. - Б. 7-8.

Мұқанова, Р. Сөйлемді құрау - жанның үні, жүректің лүпілі [Мәтін] / Р. Мұқанова // Түркістан. - 2016.- 16 маусым. - Б.11.

Мұқанова, Р. Шаһарлар анасы - Мекке [Текст] / Мұқанова Роза // Егемен Қазақстан . - 2017.- 25 қазан (№ 205). - 7

Мұқанова, Р. Әр адам құндылықты өзі іздеп табуы керек [Текст] / Мұқанова Роза // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 7 - 13 шілде (№ 28). - 5

Р. Мұқанова туралы әдебиеттер

Литература о Мукановой Р.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Мұқанова Роза : б. 378-379.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Мұқанова Роза: б. 546.  

***

Литература Казахстана [Текст]: энциклопедический справочник. - Алматы: Аруна, 2010. – Муканова Роза : с. 347.

Мақалалар - статьи

Мәдібаева, Қ. Мыңдардың жүрегіндегі мұң [Мәтін] / Қ. Мәдібаева // Егемен Қазақстан. - 2004. - 20 қазан. - Б.8.

Сұлтанова, Ж. Тақырыбын тапқан талант [Мәтін] / Ж. Сұлтанова // Егемен Қазақстан. - 2014.- 11 қазан. - Б. 9.

Әбілдаханқызы, С. Ібілістің құрығы - қызғаныш... [Мәтін] / С. Әбілдаханқызы // Айқын. - 2016. - 2 маусым. - Б. 8

Әбединова, С. Ұрпақ керек... [Мәтін] / С. Әбединова // Қазақ әдебиеті. - 2016.- 10 - 16 маусым. - Б.10.

Мұқанова Р. Тарихтың айтылмаған шындағын әдебиет жария етеді. [Мәтін] : [Жазушы Р. Мұқановамен сұхбат] / Р. Мұқанова ; сұхбат. Назым Дүтбаева Н. // Қазақ әдебиеті . - 2018. - 29 маусым.- Б.4-5.