Қамшыгер Саят (1978 ж.) – ақын.
1978 ж. 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Кезеңсу ауылында дүниеге келген.
1999 ж. Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ) үздік бітірген.
Әр жылдарда Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназияда мұғалім (1999-2000), қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп-интернатта оқытушы (2000-2004), «Қайнар» университетінде аға оқытушы (2003-2004), М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер (2001-2005), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші, (2005-2013) республикалық «Мөлдір бұлақ» журналында Бас редактордың орынбасары (2013-2018) болып еңбек еткен. Қазір «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы.
1999 жылы “Білім” баспасынан шыққан “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” атты студент ақындардың жыр жинағына, 2006 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жас толқын» ұжымдық жинағына, 2013 жылы Мәскеуден жарық көрген «Қазақ поэзиясы» антологиясына, 2015 жылы Мәскеуден шыққан «Казахстан — Россия» атты альманах-кітапқа, «Жыр — жауһар» атты 10 томдық поэзия антологиясына, сол сияқты көптеген жинақтарға өлеңдері енген. 2001 жылы “Отырар кітапханасы” сериясымен “Сары гүл” атты тұңғыш кітабы “Жазушы” баспасынан жарық көрген. 2008 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жүректегі ағыстар» атты жыр жинағының авторы. Балаларға арналған «Менің алғашқы кітабым», «Менің сүйікті әліппем», «Менің алғашқы танымым» атты кітаптары жарық көрген.
Башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың «Тастамашы, ана!» (2018), «Ертегісіз өткен балалық» (2019) атты кітаптарын аударып, бөлек-бөлек кітап етіп шығарған. «Сәуір құрылтайы. 2002 жыл» (2007), «Алматының жүрегіндей Алмалы» (2006)кітаптарының құрастырушысы. Тәжік ақындары Мумин Каноат, Бозор Сабирдің, түрік ақыны Нұруллах Генч, Али Акбаштың, әзірбайжан ақындары Ибрагим Ильяслының, Әкбар Қошалының, Ульви Буньятзаденің, татар ақыны Ленар Шаехтың, қырғыз ақындары Атантай Акбаров, Тынчтыкбек Нурманбетов, Қожагелді Құлтегін, Назгүл Осмонова, Динара Бейшеналиева, Алтынбек Исмаилов, Нұрлан Калыбеков, Калчоро Көкүлов, Нұрзат Мокенова, Ұлықбек Омокеев, Қиял Тажиева, Эрнист Талкановтың өлеңдерін қазақшаға аударған. Татар жазушысы Ркаил Зайдулланың әңгімелерін қазақ тіліне тәржіма еткен.
«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Көптеген жыр мүшәйраларының жеңімпазы, жүлдегері. Халықаралық Хазар шиир ақшамлары (Түркия), Шиир шөлені (Түркия), Достық көпірі (Қырғызстан) Түркі жас ақын-жазушылары бірлестігі (Әзірбайжан) фестивальдерінің лауреаты. Башқұртстан Республикасы Мәдениет министрі Амина Шафикованың алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының алғыс хатымен, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің алғыс хаттарымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Ақынның көптеген өлеңдеріне әндер жазылған. Ол әндерді Марат Омаров, «Шамшырақ» тобы, Ермек Меденов, Жұлдыз Мұсылманқұлова, «Сұңқар» тобы, Аллаберген Жақсыбаев, Бауыржан Өскенбеков, Асланбек Ылым, Саят Нұрғазин, Саян Бөдесов сияқты әншілер орындап жүр.
С. Қамшыгер шығармалары
Произведения Камчигера С.
Кітаптар – Книги
Қамшыгер, С. Сары гүл [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер . - Алматы : Жазушы, 2001. - 40 б.
Қамшыгер, С. Жанақ ақынның жыршылдығы / С. Қамшыгер // Орындаушылық өнерiнiң тарихы мен қазiргi кезеңдегi даму мәселелерi : халықаралық ғылыми практ. конф. жинақтары (Алматы, 20-22 мамыр 2002 жыл). - Алматы, 2002. – Б. 176-178 .
Қамшыгер, С. Жанақ, Түбек, Сабырбай айтыстарының көркемдiк ерекшелiктерi С. Қамшыгер // Академик Зәки Ахметов және руханият мәселелерi: Академик Зәки Ахметовтiң ғылыми мұрасы және қазақ әдебиеттану мәселелерi респ. ғыл.-теор. конф. материалдары, зерттеулер, мақалалар, өлеңдер.- Алматы: "Үш қиян" баспасы, 2003. - Б. 100-106 .
Қамшыгер, С. М. Әуезовтiң айтыс ақындары жайындағы көзқарасы /С. Қамшыгер // III Әуезов оқулары : жас ғалымдардың халықаралық ғыл.теор. конф. материалдары (Алматы, 26 қыркүйек 2004 жыл ). - Алматы, 2005. – Б. 108-113.
Қамшыгер, С. Жүректегі ағыстар [Мәтін] : поэзия / С. Қамшыгер. - Алматы : Жалын, 2008. - 79 б
Мерзімді басылымдардағы мақалалар
Публикации в периодических изданиях
1997-1999
Қамшыгерұлы, С. Тым құштармын дарқандыққа, кеңдікке [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгерұлы // Жалын . - 1997. - № 7-8. - Б. 160 - 165.
Қамшыгерұлы, С. Хафиз тербеністері. Қара мен бұқара қызы. Бағдаттық биші қыз. Жусан; Жалын бар менде [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгерұлы // Жұлдыз. - 1998. - № 11. - Б. 71-72.
Қамшыгерұлы, С. Сарыгүл [Мәтін] : өлең / С. Қамшыгерұлы // Жалын. - 1999. - № 1-2.- Б. 13-14.
2001-2009
Қамшыгерұлы, С. Сен бе екенсің? [Мәтін] : [өлеңдер] / С. Қамшыгерұлы // Жұлдыз. - 2001. - № 8. - Б. 63-77.
Қамшыгер, С. Түбек ақынның айтыстары / С. Қамшыгер // ҚР ҰҒА хабарлары. Тiл, әдебиет сериясы. - 2003. - № 2. - Б. 68 -72 .
Қамшыгер, С. Сабырбай мен Түбек [Мәтін] : ХIХ ғасырда өмiр сүрген айтыскер ақындар туралы / С. Қамшыгер // Қазақ тiлi мен әдебиетi. - 2004. - № 11. - Б. 96 -100.
Қамшыгер, С. Жанақтың Рүстем төреге айтқан сөзi [Мәтін] / С. Қамшыгер // Ақиқат. - 2004. - № 12. - Б. 82-83.
Қамшыгер, С. Жұматай әлемi [Мәтін] : Жұматай Жақыпбаевтың шығармашылығы туралы / С. Қамшыгер // Әдебиет айдыны. - 2005. - 24 ақпан. - Б. 9.
Қамшыгер, С. Сабырбай Ақтайлақұлы (1775-1865) [Мәтін] : ақынның өмiрбаяны туралы / С. Қамшыгер // Абай. - 2005. - № 3. - Б. 61-66.
Қамшыгер, С. Сөз бастаған бұлбылмын, топ бастаған дүлдүлмiн [Мәтін] : Сүйiнбай Аронұлының туғанына 190 жыл / С. Қамшыгер // Әдебиет айдыны. - 2005. - 15 қыркүйек. - Б. 3.
Қамшыгер, С. Бiз ақынбыз жалғызбыз. Менiң тiлiм. Жүрегiмде жұлдыз бар. Аружан [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Үн. - 2006. - № 1. - Б. 52-53.
Қамшыгер, С. БауыржанБайбосынның рухына [Мәтін] : өлең / С. Қамшыгер // Жас Алаш. - 2006. - 7 наурыз. - Б. 5.
Қамшыгер, С. Ауылға барам, сол жақта менiң құбылам. Өмiр деген. Ауылға барам [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Өнер әлемi. - 2006. - № 5-6. - Б. 28.
Қамшыгер, С. Тiлдiң туы желбiрейдi биiкте [Мәтін] : өлең / С. Қамшыгер // Денсаулық. - 2006. - № 6. - Б. 32.
Қамшыгер, С. Бұл күндерi iздеп жүрмiн аңсаумен. Сол кездегi саған ғашық өзiмдi. Менiң тiлiм. Сенi ойласам. Кездестiң қайдан маған. Тәуелсiздiк алаңы. Қазына мен ұраным [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Әдебиет айдыны. - 2007. - 19 шiлде. - Б. 10-11.
Қамшыгер, С. Батырлар мен ақындардың мекенi. Қазына мен ұраным [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // АРУ ЖАН. - 2007. - № 10. - Б. 19.
Қамшыгер, С. Сенi ойласам. Бұл күз басқа. Таң қалма. Бiз ақынбыз [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Әдемi - Ай. - 2008. - №1. - Б. 52-53.
Қамшыгер, С. Алаш десем... [Мәтін] : өлең / С. Қамшыгер // Әдебиет айдыны. - 2008. - 13 қараша. - Б. 11.
Қамшыгер, С. Жырларымыз таң нұры : Біз ақынбыз. Менің күнім. Менің жаным жұлдыздарға құмар тым [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Жұлдыз. - 2009. - № 1. - Б. 47-48.
2010 - ...
Қамшыгер, С. Мiнезiмдi жырларымнан танырсың. Алаш десем. Арыстан едi-ау Махамбет. Жырым болса. Досым келдi. Сыр. Сен, елiм. Толғау. Бақыт үшiн. Жоғалтып алдым. Әкесiз күндер. Көктем. Жоқтау [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Таң-Шолпан. - 2010. - № 3. - Б. 92-103.
Қамшыгер, С. Мен - көктемнің өлеңі [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Жұлдыз. - 2010. - № 5. - Б. 134-136.
Қамшыгер, С. Мен - көктемнің өлеңі [Мәтін] / С. Қамшыгер // Жұлдыз. - 2010. - № 5. - Б. 134-136.
Қамшыгер, С. Өзiме қатты ұнайтын өлеңiм туралы ешкiм үндемедi [Мәтін] / С. Қамшыгер // Таң-Шолпан. - 2010. - № 5. - Б. 33-36.
Қамшыгер, С. Сабырбай Ақтайлақұлының асыл мұрасы [Мәтін] / С. Қамшыгер // Ақиқат. - 2010. - № 11. - Б. 127-129.
Қамшыгер, С. Қазақ пен түрiк - көзiмнiң ақ пен қарасы... [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Жас Қазақ үнi. - 2011. - 10 қаңтар. - Б. 19.
Қамшыгер, С. Менiң кеудем домбырадай сыр тұнған. Мұқағали. Батырлар мен ақындардың мекенi. Сусамыр елдiң жайлауы. Сыйыну. Бақыт. Менiң кеудем домбырадай сыр тұнған [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Мұқағали. - 2011. - № 7. - Б. 82-84.
Қамшыгер, С. Бесiктен беласқанға дейiн немесе тәрбие бастаулары қаншалықты тұнық? [Мәтін] : Фатуллах Гүленнiң имандылық тәрбиесi жайындағы қазақша шыққан кiтабы туралы / С. Қамшыгер // Ана тiлi. - 2012. - 2-8 ақпан. - Б. 10.
Қамшыгер, С. Досым келдi [Мәтін] : өлең / С. Қамшыгер // Айқын. - 2012. - 31 шiлде. - Б. 5.
Қамшыгер, С. Көзiмде – жас. Жүрегiмде - сағыныш. Ауылға барам. Бар кезiңде. Жүрегiмде жұлдыз бар. Жарыма. Байынқол. Сағыныш. Сен кеткелi. Сенi сүю. Сыйыну. Бақыт [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Қазақ әдебиетi. - 2012. - 12-18 қазан. - Б. 8.
Қамшыгер, С. Төлеген – жыр. Сен кеткелi. Жарыма [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Айбергенов әлемi. - 2012. - № 2. - Б. 31-32.
Қамшыгер, С. Уақыттың жыршысы [Мәтін] : Е. Жеңiсұлының "Бiр жарық" атты жыр жинағы жарық көрдi / С. Қамшыгер // Қазақ әдебиетi. - 2012. - 6 - 12 сәуiр. - Б. 9.
Қамшыгер, С. Төлеген – жыр. Жарыма. Бақыт [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Өнеге. - 2012. - № 12. - Б. 46-47.
Қамшыгер, С. Майталман [Мәтін] : өлең /С. Қамшыгер // Отүкен. - 2013. - № 2. - Б. 256-257.
Қамшыгер, С. Бар кезiңде [Мәтін] : өлең // С. Қамшыгер // Денсаулық. - 2013.- № 3. - Б. 18.
Қамшыгер, С. Сенi сүю [Мәтін] : өлең / С. Қамшыгер // Денсаулық. - 2013. - № 3. - Б. 18.
Қамшыгер, С. Жарыма [Мәтін] : өлең / С. Қамшыгер // Денсаулық. - 2013. - № 3. - Б. 18.
Қамшыгер, С. Умрадан кейiнгi ойлар [Мәтін] / С. Қамшыгер // Президент және Халық. - 2013. - 13 маусым . - Б. 5.
Қамшыгер, С. Бірде жылдам, бірде баяу бұл өмір, Ертіс болып ағып жатқан сияқты [Мәтін] : [ақын, жерлесіміз Саят Қамшыгердің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, бір топ өлеңдері оқырман назарына ұсынылған] / С. Қамшыгер // Дидар. - 2013. - 24 қазан. - Б. 12.
Қамшыгер, С. Саған ұшып жетсем бе екен құс болып. Мен көктемдi сағындым. Тiрi адамға жүректен аяулы жер бар ма ?. Жырлар ұшты Шонжының аспанында. Туған елiм [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Үркер. - 2013. - № 10. - Б. 10-13.
Қамшыгер, С. Қарашаның назасын күйттеген "Министр" [Мәтін] : жас қаламгер Е.Әбiкенұлының "Министр" атты жаңадан шыққан жинағы туралы / С. Қамшыгер // Қазақстан - ZAMAN. - 2014. - 4 қыркүйек . - Б. 8.
Қамшыгер, С. Көктем келiп құлағыма сыр айтты. Бақыт. Туған елiм. Хат. Аналар. Майталман. Шығысым. Сен кеткелi [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Үш қоңыр. - 2016. - 14 қазан. - Б. 5.
Қамшыгер, С. Зиялы қазақ мектебi [Мәтін] : Алматыдағы Ш. Уәлиханов атындағы № 12 гимназияның 90 жылдығына орай / С. Қамшыгер // Қазақстан - ZAMAN. - 2014. - 23 қазан. - Б. 10.
Қамшыгер, С. ҚазҰУ - да "Түрксой" кафедрасы ашылды [Мәтін] / С. Қамшыгер // Қазақстан - ZAMAN. - 2015. - 5 наурыз. - Б. 1.
Қамшыгер, С. Үлкен ойлар туындата бiлетiн қаламгер [Мәтін] : Т. Әлжантегiнiң "Арландар апанында өлмейдi" атты кiтабы жайлы // С. Қамшыгер / Қазақстан - ZAMAN. - 2015. - 11 маусым. - Б. 11.
Қамшыгер, С. Туған елiм. Қағбаның титтей құстары. Хат. Сенi сүю. Сен кеткелi. Жанайқай. Қағбаны сағыну. Мағжанға [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Таң-Шолпан.- 2016. - № 1. - Б. 71-79.
Қамшыгер, С. Сын - бетперденi ашады [Мәтін] / С. Қамшыгер // Қазақ әдебиетi. - 2017. - 21 - 27 сәуiр. - Б. 3.
С. Қамшыгердің қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Камчигера С.
Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - 480 б.
Гальегос, Р. Донья Барбара [Мәтін] : роман / Р. Гальегос / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы : Сөздік- словарь, 2012. - 256 с.
С. Қамшыгер туралы әдебиеттер
Литература о Камчигере С.
Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – Саят Қамшыгер: б. 179.
Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Саят Қамшыгер: б. 262.
Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - Саят Қамшыгер: б. 226.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.
Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. - Саят Қамшыгер: б. 102.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Саят Қамшыгер: б. 438.
Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құраст.: М. Иманжапаров, М. Зүкенұлы . - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б. - Саят Қамшыгер: б. 311.
***
Литература Казахстана [Текст] : знциклопедический справочник. - Алматы : Қазығұрт, 2010. - 528 с. - Саят Камшыгер : с. 262.