Жиреншин Әбусағит (Әбіш) Мұсылманқұлұлы (1913-1975) - жазушы, журналист, аудармашы, абайтанушы.
1913 жылы 13 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Әкесі Мұсылманқұл (Бөкөк) (1879-1953) арабша оқыған, көкірек көзі ашық, әділ адамның бірі болған. Абаймен аталас болған, өз ортасында әділдік үшін би, шешен болған адам екен. Анасы Ұмыттық Шүкіманқызы (1884-1983) Жігітек руының белгілі адамы, қолы ашық, жомарт кісі болған екен.
Әбіш бала кезінде молдадан арабша дәріс алады. Кейіннен баланың зеректігін байқаған ағасы Құлсүлеймен Семей қаласындағы орыс мектебіне береді. 1924 жылы 11 жастағы Әбіш орыс мектебіне түсіп,оны үздік бітіріп шығады. 1928 жылы Семей ауылшаруашылығы техникумына оқуға түседі.
Қазақстанда басталып келе жатқан 1931-1932 жылғы аштық зобалаңның зардабын байқаған Әбіш өзінің әке-шеше, бауыр-қарындастарын алып Орта Азияға өтеді. Ауыр жол азабын көріп, 1933 жылдың басында Ташкентке жетеді. 1933 жылы Орта Азия геодезия тресінің орынбасары болады. Сол жылы Орта Азия университетіне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді.
1936-1938 жылы Ташкентте ғылыми-педагогикалық жұмыста істейді.
1938-1942 жылы Қазақстан Халық комиссарлар советі Ә. Жиреншинді өз елі Қазақстанға қызметке шақырады. Бұл жылдары Республика ғылыми зерттеу коғамының Ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Абайтанушы, ғалым Ә. Жиреншин: «Абай ауданы - менің кіндік кескен жерім, әлпештеп өсірген елім болғандықтан көзге елестеп, көңілге ыстық көрінеді» дей келіп, 1939-1945 жылдары ұлы Абайдың 95, 100 жылдық мерейтойын өткізу мен Жидебайдағы мұражайын ұйымдастыру, Шыңғыстау ауданы Абай атына 1940 жылы көшуіне белсенді көмектесушінің бірі болдым» дейді.
1942 жылы өмірлік жары Сайда Әрхамқызымен танысып, шаңырақ құрады. 1942-1951 жылы Қазақстан Орталық музейінде директор, сонымен қатар Қазақ ССР Ғылым академиясының өлкетану комиссиясының меңгерушісі, Қазақ Мемлекеттік Университетінің доценті қызметтерін атқарды.
1951-1954 жылдар арасында қазақ интеллигенциясы, көрнекті ғалым жазушыларының бір тобы қудалауға ұшырайды. Тарих ғылымынын докторы және профессоры Е.Бекмаханов Кенесары Қасымовтың көтерілісін тарихқа енгізгені үшін айыпталады. Осы кезде оны жақтаған жалғыз ғалым осы Ә. Жиреншин еді. Сол үшін ол Жамбыл қаласына қуғындалады. Онда жүргенде техникумде сабақ береді.
1954 жылы ғана рұқсат болып Алматыға оралады. Осы жылы Алматыдағы Көпшілік кітапханаға директор болып тағайындалады.
1959-1961 жылы Қазақстан баспа бірлестігнің бас басқармасының I-орынбасары, 1961- 1962 ж. кітап сауда бірлестігінің бастығы, 1962 жылдан бастап өмірінің соңына дейін педагогикалық жұмыспен Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында сабақ береді.
Қазақстан ғылыми-зерттеу қоғамының төрағасы міндетін атқара жүріп ел тарихы, жер тарихының қазыналы шежіресін ғылыми жүйелендіру мақсаты қатты толғандырады.
«Әбусағит аға сонымен қатар, керемет географ маман да болған. Ол талай экспедициялар ұйымдастырған»,- дейді КСРО Журналистер Одағының мүшесі Т. Қазбалинов. 1947 және 1949 жылы Семей облысының Шыңғыстау қойнауынан Сарыкөл, Текебұлақ өңіріндегі «Қалмақтас қорымдарына қазба жұмыстарын жүргізген экспедицияға басшылық жасайды.
Жазушы 1961 жылы «Абай шығармаларының бір томдық толық жинағын» баспаға дайындап, шығарушы. Ол Абайды туғызып, Абайды Абай еткен әлеуметтік қоғамдық ортаны, тарихи себептерді тереңдетіп көрсеткен. Соның нәтижесінде кемеңгер адамның қалыптасып кана қоймай, адамзат ойының биігіне көтерілуін дұрыс түсінуге мүмкіндік ашады. Ә. Жиреншин Абайдың ғалым екенін жан-жақты дәлелдей алады. Ұлы ақынның ақындық және ғылыми бейнесін мықтап сомдай білген М. Әуезовтен кейін жазып тәуекелге барған адам.
Ә. Жиреншиен - «Абай және оның орыс достары» (1949), «Абай - қазақ халқының ұлы ойшылы» (1950), «Абай және орыстың ұлы демократтары» (1959), «Қазақ кітаптарының тарихынан» (1971) атты монографияның авторы. Кітаптану ғылымының маманы. Барлығы 150 ғылыми, әдеби еңбегі жарияланды, оның ішінде 8 монография бар.
Орта Азия мен Қазақстанның көне дәуірінен бергі жазба әдебиеттерінің 1917 жылға дейінгі екі томдық тарихын жазған. 1968 жылы Ташкенттегі Азия мен Африка елдері кинофестивалінде үшінші орын алған.
Ә. Жиреншин әдебиетші, ғалым ғана емес, мәдениетті қолдаушы, оның нағыз жанашыры бола білген азамат.
Қазақтың ұлттық өнерін дамытуда ұлттық бұйымдар мен заттарды жасаушы шеберлер мен өнер адамдарын топтастырушы, олардың есімдерін әйгілеуші де болды.
Әбіш Жиреншиннің артына қалдырған мұрасы мол. Ол энциклопедиялық білімді, әрі әдебиеттанушы, сыншы, этнограф, аудармашы, педагог, ақын.
1975 жылы 18 шілдеде қайтыс болды.
Жиреншинның еңбектері жинақтап «Избранные труды А. М. Жиреншина» деген атпен 2003 ж. «Алматы» баспасынан жарық көрді.
Ә. Жиреншиннің шығармалары
Произведения Жиреншина (Жиренчин) А.
Кітаптар - Книги
Жиреншин, Ә. Дiн және Әзiрет Сұлтан (Қожа Ахмет Иассауи) [Мәтін] : қолжазба / Ә. Жиреншин. - Алматы, 1940. - 23 б.
Жиреншин, Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары [Мәтін] / Ә. Жиреншин. - Алматы : Қаз. мемл.баспасы, 1959. - 268 б.
Жиреншин, Ә. Кiтапханашы Шолпан Арықова [Мәтін] : село кiтапханашысының өмiрiнен әдеби очерк / Ә. Жиреншин, И. Нечипуренко; Алматы облыстық кiтапханасы. - Алматы : Облыстық баспа, 1959. - 35 б.
Жиреншин, Ә. Кiшкене айна [Мәтін] : новеллалар / Ә. Жиреншин. - Алматы : Қаз. мемл. көркем әдебиет баспасы, 1961. - 104 б.
Жиреншин, Ә. Сараң байдың сазасы [Мәтін] : ертегi / Ә. Жиреншин; сур. салған В.Антощенко-Оленев. - Алматы : Қаз. мемл. көркем әдебиет баспасы, 1961. - 12 б.
Жиреншин, Ә. Қазақ кітаптары тарихынан [Мәтін] / Ә. Жиреншин. - Алматы : Қазақстан, 1971. - 178 б.
***
Жиренчин, А.Абай и его русские друзья [Текст] / А. Жиренчин.- Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1949.- 126 с.
Жиреншин (Жиренчин), А.Беймбет Майлин [Текст] : биобиблиографический очерк / А. Жиреншин (Жиренчин); Министерство культуры Каз. ССР.- Алма-Ата, 1958.- 16 с.
Жиренчин, А. Библиотекарь Шолпан Арыкова [Текст] / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 35 с.
Жиренчин, А. М. Ибрай Алтынсарин [Текст] / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 18с.
Жиренчин, А. Ильяс Джансугуров [Текст] : биобиблиографический очерк / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 22 с.
Жиренчин, А. Г. М. Мусрепов [Текст] : биобиблиографический очерк / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 23 с.
Жиренчин, А. Мухтар Ауэзов [Текст] : биобиблиографический очерк / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 24 с.
Жиренчин, А. Абай и великие русские революционные демократы [Текст] / А. Жиренчин.- Алма-Ата: Казгосиздат, 1959. - 267 с.
Жиренчин, А. Алма-Ата [Текст] : краткий справочник / А. Жиренчин. - Алма-Ата : Казгосиздат, 1961. - 144 с.
Жиренчин, А. Из истории казахской книги [Текст] / А. Жиренчин. - Алма-Ата : Казахстан, 1987. - 143 с.
А. Жиреншиннің мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Жиреншина (Жиренчин) А. в периодических изданиях и сборниках
Жинақтар - Сборники
Жиреншин, Ә. Шыңғыстауынан әлем биiгiне шыққан Абай [Мәтін] : М. Әуезовтiң "Абай жолы" романы туралы / Ә. Жиреншин // Абай Құнанбаев. Шығармаларының бiр томдық толық жинағы. - Алматы, 1961. - Б. 540-549.
Мақалалар - Статьи
Жиреншин, Ә. Қазақ тарихын ешкiмге де бұрмалатпаймыз [Мәтін] : С. Асфендияров туралы / Ә. Жиреншин // Социалистік Қазақстан. - 1937. - 28 август.
Жиреншин, Ә. Батыр Сырым [Мәтін] / Ә. Жиреншин // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 25 июль.
Жиреншин, Ә. Панасыз [Мәтін] : әңгiме / Ә. Жиреншин // Қазақ әдебиетi. - 1960. - 2 декабрь.
Жиреншин, Ә. Тайыр Жомартбаев [Мәтін] : педагог жазушы / Ә. Жиреншин // Қазақстан мұғалiмi. - 1964. - 20 февраль.
Жиреншин, Ә. Абай шығармаларын тұңғыш бастырушы [Мәтін] : Кәкiтай Ысқақұлы Құнанбаевтың қайтыс болғанына 50 жыл / Ә. Жиреншин // Қазақ әдебиетi. - 1965. - 19 февраль.
Жиреншин, Ә. Абайдың ақын ұрпағы [Мәтін] : Ә. К. Ысқақов туралы / Ә. Жиреншин // Лениншiл жас. - 1965. - 26 декабрь.
Жиреншин, Ә. Абайдың тергелуi,сотты болуы жайында жаңа деректер [Мәтін] / Ә. Жиреншин // Қазақ әдебиетi. - 1966. - 11 февраль.
Жиреншин, Ә. Журналист жолы [Мәтін] : Ш. Тоқжiгiтов туралы / Ә. Жиреншин // Социалистік Қазақстан. - 1969. - 26 октябрь.
Жиреншин, Ә. Ұлы ақынның ұрпақтары [Мәтін] : Абайдың 125 жылдығына арналған : балалары Ақылбай, Әбдрахман, Мағауия туралы / Ә. Жиреншин // Лениншiл жас. - 1971. - 15 май.
Жиреншин, А. Жүсiпбек Аймауытов [Мәтін] / Ә. Жиреншин // Қазақстан мектебi. - 1989. - № 5. - Б. 65.
Жиреншин, Ә. Абайдың патшалық сотына тартылуы [Мәтін] : ұлы ақын Абайдың сотты болғаны туралы дерек : «Жұлдыздың» архивінен / Ә. Жиреншин // Жұлдыз. - 2000. - № 3. - Б.150-157.
***
Жиреншин (Жиренчин), А.Об историзме эпопеи "Путь Абая" [Текст] : рецензия на монографию Л. М. Ауэзовой "Исторические основы эпопеи "Путь Абая" / А. Жиреншин (Жиренчин) // Вечерняя Алма-Ата. - 1970.- 4 декабря.
Жиренчин (Жиреншин), А. Ильяс Джансугуров [Текст] : к 100-летию со дня рождения: о жизни и литературном. наследии поэта / А. Жиренчин (Жиреншин) // Новь Турксиба.- 1994.- 30 июня.
Жиренчин (Жиреншин), А. Отношение Абая к религии [Текст] : глава из научного труда Абусагита Жиренчина "Абай и его русские друзья", вышедшего в свет в 1949 году в Издательстве АН Казахской ССР/ А. Жиренчин / (Жиреншин) // Простор. - 2004. - № 11. - С. 173-175.
Жиренчин (Жиреншин), А. Абай и его русские друзья [Текст] / А. Жиренчин / (Жиреншин) // 7 дней. - 2015. - 11 июня. - С. 5.
Ә. Жиреншиннің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Жиреншина А.
Кітаптар - Книги
Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Жиреншин Әбусағит: б. 220.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б. - Жиреншин Абусағит: б. 41-43.
Ысқақұлы, Д. Сын талқы [Мәтін] : Жиреншин Әбусағит туралы / Д. Ысқақұлы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2005. - 416 б.
Ысқақұлы, Д. Қазақ әдебиеттанушылары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Д. Ысқақұлы. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 496 б. - Жиреншин Әбусағит: б. 193.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Жиреншин Әбусағит : б. 353.
***
Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна; Қазығұрт, 2010. - 528 с. - Жиреншин Абусагит: с. 194.
Мақалалар - Статьи
Сүйiншәлиев, Х. Жемiстi жолда [Мәтін] : Ә. Жиреншиннің шығармашылығы туралы / Х. Сүйіншәлиев // Социалистік Қазақстан. - 1960. - 30 январь.
Кәрiбаев, Ш. Мiнiн көрсету - құнын түсiру емес [Мәтін] : Әбусағит Жиреншин туралы / Ш. Кәрібаев // Қазақ әдебиетi. - 1960. - 1 апрель.
Әбжанов, Т. Бетiң қисық болса айнаға өкпелеме [Мәтін] : Ә. Жиреншиннің новеллалары жайында / Т. Әбжанов // Советтiк Қарағанды. - 1961. - 31 август.
Қанахин, Ө. Кiтап туралы кiтап [Мәтін] : Ә. Жиреншиннің «Қазақ кітаптары тарихынан» шығармасы жайлы / Ө. Қанахин // Қазақстан мұғалiмi. - 1973. - 23 февраль.
Абайтанушы [Мәтін] : Әбіш Жиреншин ақын мұраларын ғылыми зерттеудің негізін салушылардың бірі // Семей таңы. - 2003. - 6-12 маусым. - Б. 4, 15.
Матаев, Х. Абайтану ғылымының білгірі [Мәтін] / Х. Матаев // Абай. - 2003. - № 3. - Б. 37-41.
Асылбек, М. Библиограф [Мәтін] / М. Асылбек // Егемен Қазақстан. - 2004. - 3 наурыз. - Б. 6.
Қазбалинов, Т. Шаһарымыздың атақты географы [Мәтін] / Т. Қазбалинов // Семей таңы. - 2005. - 7 қаңтар. - Б. 13.
Тоққарин, Д. Географиялық қоғамның бағыты [Мәтін] / Д. Тоққарин // Ертіс өңірі. - 2008. - 30 сәуір. - Б. 12.
Омаров, А. Абайтанушы [Мәтін] / А. Омаров // Егемен Қазақстан. - 2013. - 11 сәуір. - Б. 5.
Көшеге шығып, көп мағлұмат алып қайтты [Мәтін] : [Семей қаласы Абай атындағы кітапхана қала көшелеріне библио-керуен ұйымдастырды : Жиреншин Әбусағит туралы] // Дидар. - 2013. - 28 қыркүйек. - Б. 8.
***
Суюншалиев, Х. Новая книга об Абае [Текст] : о творчестве А. Жиренчина / Х. Суюншалиев // Простор.- 1960.- № 1.- С.145-147.
Аяган, Б. Чем темнее ночь, тем ярче костер [Текст] : о жизни и научной деятельности крупного исследователя духовной культуры казахского народа Абусагита Жиренчина / Б. Аяган // Казахстанская правда. - 2004. - 29 января. - С. 6.
Султанбеков, М. Творческая мастерская Абиша Жиренчина [Текст] / М. Султанбеков // Вести Семей. - 2013. - 23 апреля. - С. 4.