Известные имена

Әбенов Ш.

Әбенов Ш. жазушы, ақын, фольклоршыӘбенов Шәкір (1901-1994) – қазақ кеңес жазушысы, ақын, фольклоршы, композитор, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1939), Ұлы Отан соғысына қатысушы.

1901 жылы 10 қаңтарда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай ауданында дүниеге келген. Ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған. Семейдегі «Приходская школада» 3 жыл оқып білім алған. Кейін өздігінен ізденіп, білім алған.
Алғашқы өлеңі "Борсықтар" деген атпен 1916 жылы "Айқап" журналында басылған. Сол кездері жас ақын көрнекті қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровпен танысады.
Шыңғыс тауларында колхоздар ұйымдастырып, Ауыл кеңесінде, колхозды басқару ісіне араласып, Жамбыл қаласында партия жұмысында қызмет атқарған.
Қоғамдық жұмыспен бірге, поэзияны қатар алып жүреді. Ш. Әбенов өткен ғасырдың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Ол халық жырларының қолжазба үлгілерін ҚазССР ҒА-ның әдеби секторына тапсырып отырған.
30-жылдары Ш. Әбенов біраз уақыт Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болған.
Өзге де зиялы қауым өкілдері іспеттес, Шәкір ақын да 1937 жылғы сталиндік қуғын-сүргінге ұшырайды. Бұл айдаудан Ұлы Отан соғысының басында ғана, айып батальонына қызмет көрсету жайлы арыз жазған соң босап шығады. Соғыстың соңында ауыр жарақат алып, туған елге оралады. Алайда, ол тағы да соғыстан кейінгі сталиндік қуғын-сүргінге ұшырайды. Сібірде айдауда болып, ақын туған жеріне тек 60-жылдары оралады.
Ақын 20-ғасырдың аяғында ғана 90 жылдығына орай ақталады. Ш. Әбенов – көптеген айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Ақын өмірі қиындыққа толы болса да, өлеңдері жалынды еді. Қаламгер туындылары бізге толығымен жетпеген, олардың бірқатары қолжазба түрінде сақталған.
Ж. Жабаев, Д. Нұрпейісова, Нартай, Шашубай, Иса, Нұрхан, Төлеу сынды суырып-салма ақындардың өнерін жалғастыра отырып, Ш. Әбенов халық ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделген өзіндік жеке сарын тапты. Байрон, Гете, Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Фет, Блок, Есенин сияқты әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқыған.
Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасын бүгінгі күнге дейін жеткізген де осы – Ш. Әбенов. Қаламгердің сатиралық шығармаларының да алар орны ерекше. Ш. Әбенов шығармаларынан "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" поэмасы айырықша көркем құндылыққа ие. Ғалым-филологтар мен зерттеушілер үшін Ш. Әбенов шығармашылығы әлі де көп ізденісті талап етеді.
Ақын «Халықтар Достығы» орденін, медальдар және өзге де марапаттарды иеленген. Оның ғасырға жуық өмірінде көрмеген азабы жоқ. Алайда ол өмірінің соңына дейін поэзиядан алыстаған емес.

1994 жылы 23 қазанда қайтыс болды.

Ш. Әбенов шығармалары

Произведения Абенова Ш.

 Кітаптар - Книги

 Әбенов, Ш. Кейпiн-Батыр [Мәтін] : поэма / Ш. Әбенов.- Алматы: Қазмемлкөрәдеббас, 1962.- 191бет

Әбенов, Ш.Қозы Көрпеш-Баян сұлу [Мәтін] : поэма / Ш. Әбенов; сур. Ю. Мингазитинов. - Алматы: Жазушы, 1965. - 115 б.

Әбенов, Ш. Ортақарал [Мәтін] : поэма / Ш. Әбенов. - Алматы, 1968.- 88 б.

Әбенов, Ш. Шыңғыстау [Мәтін] : дастандар/ Ш. Әбенов. - Алматы, 1980. - 288 б.

Әбенов, Ш. Шыңғыстаусазы [Мәтін] : дастандар/ Ш. Әбенов. - Алматы, 1985. – 112 б.

Әбенов, Ш. Дастандар [Мәтін] / Ш. Әбенов. - Алматы: Жазушы, 1991.- 336 б.

Әбенов, Ш. Шыңғыстау: толғау-термелер, өлең-дастандар, аңыздар, мысалдар мен әңгiмелер / Шығыс Қазақстан обл. әкiмдiгi.- Астана: Фолиант, 2011. - 504 б.- (Алтай - Ертiс кiтапханасы)

Ш. Әбенов жарияланымдары

Публикации Абенова Ш.

Әбенов, Ш. Мұхтар сөзi[Мәтін]: өлең / Ш. Әбенов // Абай.- 1997.- № 1.- Б. 92.

Әбенов, Ш. Тарбағатай [Мәтін]: өлең / Ш. Әбенов // Мәдениет және тұрмыс.- 1961 - № 5.

Әбенов, Ш. Тоқтамыс [Мәтін] : дастан // Абай. - 2000. - № 2. - Б. 22-35.

Шәкiрдiң шымшымалары [Мәтін] : өлең // Қазақ әдебиетi. - 2010. - 12-18 қараша. - Б. 12.

 Ш. Әбенов мақалалары

Статьи Абенова Ш.

 Әбенов, Ш. Әдiлдiк: Абайдың 125 жылдығына арналған // Семей таңы.- 1971.-23 март.

Әбенов, Ш. Абайдың 125 жылдығына арналған [Мәтін] / Ш. Әбенов // Семей таңы. - 1971. -16 апрель.

Әбенов, Ш. Көңiл күйi мен ел мүддесi[Мәтін] / Ш. Әбенов // Семей таңы. - 1971. - 9 апрель. - Абайдың 125 жылдығына арналған

Әбенов, Ш. Сөзiнiң iшi музей,сырты мүсiн [Мәтін] / Ш. Әбенов // Семей таңы. - 1971. - 9 июнь - Абай ақын туралы жыр.

Әбенов, Ш. Бұл шындық көзім көрді [Мәтін] : [Бұрын жарияланбаған өлеңдері] / Ш. Әбенов // Қазақ әдебиеті. - 1997. - 8 көкек. - Б. 10-11.

Әбенов, Ш. Сары май мен солдаттың айтысы [Мәтін] : [Жарық көрмей жатып қалған өлеңдер топтамасы.] / Ш. Әбенов // Абай. - 1999. - №1. - б. 43-51.

Әбенов, Ш. Көкбай ақын [Мәтін] / Ш. Әбенов // Семей таңы. - 2011. - 13 қыркүйек. - Б. 4.

Әбенов, Ш. Маскүнем шебер [Мәтін] / Ш. Әбенов // Абай. - 2014. - №6. - Б. 88-94.

Әбенов, Ш. Мусаннифтің зайыбы [Мәтін] / Ш. Әбенов // Абай. - 2015. - №1. - Б. 80-85.

 Ш. Әбеновке арналған өлеңдер

Стихи, посвященные Абенову Ш.

Жанғалиев, Т. Баба жайлы баллада [Мәтін] / Т. Жанғалиев // Абай. - 2000. - № 4. - Б. 71-73.

Айтұлы, Н. Шәкiрге соңғы сауал [Мәтін] : өлең / Н. Айтұлы // Қазақ әдебиетi.- 2001.- 2 ақпан.- Б. 5.

 Рецензиялар

Рецензии

 Ибраев, М. Екi дастан [Мәтін] / М. Ибраев  // Ертiс. - 1963. - 15 май.

Кiрбетов, Б. Ортақ арал [Мәтін] / Б. Кiрбетов // Семей таңы. - 1968. - 8 дек.

 Ш. Әбенов туралы әдебиет 

Литература об Абенове Ш.

Шәкiр Әбенов [Мәтін] // Қазақ әдебиетi. - 1994. - 4 қараша. - Б. 15. - Халық ақыны қазанама.

Әбенов, Ш. Некролог [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 1994. - 4 қараша.

Сейсенұлы, Д. Халық ақыны [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 1995. - 29 қараша. - Ақын Ш. Әбенов туралы.

Кәрiпжанәулетi, А. Талант қырлары [Мәтін] / А. Кәрiпжанәулетi // Сұхбат. - 1996. - 6 ақпан.- 4 б.Ақын Ш.Әбенов турал

Қадыров, А. Шәкір Әбеновтың әдеби мұрасы [Мәтін] : автореферат / А. Қадыров. - Семей : Б.ж., 1999. - 30 б.

Қадыров, А. Азаттық аңсаған ақын [Мәтін] / А. Қадыров // Семей таңы. - 2001. - 7-15 наурыз. - Шәкiр Әбеновтың 100 жылдығы қарсаңында.

Қадыров, А. Абай үлгiсiндегi эпик ақын [Мәтін] // Ұлт тағылымы = Достояние нации. - 2010. - № 4. - Б. 306-311.

Қайратұлы, Б. Ел басының өзiне бата берген ақын Шәкiр Әбенов туралы толғау [Мәтін] / Б. Қайратұлы // Астана ақшамы. - 2001. - 29 қараша. - Б. 3.

Сейсенұлы, Д. Жыр дүлдүлiнiң жүз жылдығы [Мәтін] / Д. Сейсенұлы  // Егемен Қазақстан. - 2001.- 9 қазан. - Ақын Ш. Әбенов туралы.

Бельгер, Г. Шынашақтай Шәкiр шал [Мәтін] / Г. Бельгер; ауд. З. Асабаев // Парасат. - 2002. - № 2. - Б. 7. - Шәкiр Әбенов туралы эссе.

Бiржанқызы, М. Қайсар ақынға мұражай ашылды [Мәтін] : абыз ақын Шәкiр Әбеновтiң өмiр жолына қысқаша шолу / М. Бiржанқызы // Семей таңы. - 2003. - 31 қазан. - Б. 6.

Нұрғали, Р. Кең тынысты ақын // Жетi томдық шығармалар жинағы.- Астана : Фолиант, 2005. - Т.3. - Б. 559-562. - Ақын Шәкiр Әбенов жайлы.

Мағауина, З. Шәкiр Әбенов [Мәтін] : халық ақыны Шәкiр Әбеновтiң өмiрi мен поэзиясы жайында / З. Мағауина // Семей таңы. - 2005. - 11 наурыз. - Б. 3.

Серiкбайұлы, Ш. Тайпалмас сөздiң жорғасы [Мәтін] / Ш.  Серiкбайұлы // Сыр бойы. - 2006. - 11 қараша. - Б. 3. - Халық ақыны Шәкiр Әбенов, Ержан жырау және ақын Жамал Қонақбаев туралы.

Кеңесбаева, Ш. Шәкiр Әбенов - айтыстағы дара тұлға [Мәтін] / Ш.  Кеңесбаева // Қазақ тiлi мен әдебиетi. - 2006. - № 6. - Б. 69-72.

Жарылғап, М. Шәкiр ата Ақтоғайда [Мәтін] : халық ақыны Ш. Әбеновтiң туғанына - 105 жыл / М. Жарылғап // Орталық Қазақстан. - 2006. - 11 мамыр. - Б. 7.

Кемелбаева, А. Шәкiр Әбеновтың "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны  [Мәтін] / А.  Кемелбаева // Жұлдыз. - 2008. - № 11. - Б. 175-172.

Байдәулетова, Қ. Абақтыдан жеткен сағыныш [Мәтін] / Қ. Байдәулетова // Айқын. – 2009. - 28 қазан. - Б. 8.

Сұлтанов, Ө. Халық ақыны Шәкiр Әбеновтiң 1971 жылғы Абайдың 125 жылдық тойында ақындар мүшайрасындағы беташары: беташар [Мәтін] / Ө.  Сұлтанов // Абай.- 2010.- № 2.- 9-14 б.

Тоққарин, Д. Намыс оты жалындаған жырау ата [Мәтін] / Д. Тоққарин // Семей таңы. - 2011. - 11 қаңтар. - Б. 3. - Шәкер Әбеновтiң туғанына 110 жыл толуы қарсаңында.

Қадыров, А. Шәкiр ақын [Мәтін] / А. Қадыров // Әбенов, Ш. Шыңғыстау: толғау-термелер, өлең-дастандар, аңыздар, мысалдар мен әңгiмелер / Шығыс Қазақстан обл. әкiмдiгi.- Астана: Фолиант, 2011. - Б. 5-26.

Жанғалиев, Т. Шәкiр ақын мен Әзағаң [Мәтін] / Т. Жанғалиев // Егемен Қазақстан. - 2012 . - 21 наурыз. - Б. 6. - Ақын Ш. Әбенов пен Ә. Нұршайықов туралы естелiк.

Иманғали, М Шәкiр Әбеновтiң емшiлiк, көрiпкелдiк қасиетi де болыпты [Мәтін] // Дидар. - 2014. - 30 мамыр. - 23 б. - Ақын Ш. Әбенов жайлы деректерден.

Сәрсенбина, А Шыңғыстаудың бір шыңы-Шәкір ақын : ақын Шәкір Әбеновтің туғанына 120 жыл толуына орай / А. Сәрсенбина. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 6 қазан. - Б. 8.

 ***

Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006. - 82 с.