Антропов Юрий Васильевич (1937- 2003) - жазушы.
1937 жылы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Поперечное ауылында дүниеге келген. Әкесі Алтай өңірінен шыққан, бүкіл соғысты бастан өткеріп, әскери мансаптан бас тартып, Ертістің ар жағындағы ескі кен орнына старатель болған. Болашақ жазушының өмірбаянының алғашқы кезеңдері соғыстан кейінгі аш-жалаңаш балалық шағы, мектеп, еңбекке ерте араласуымен байланысты.
1954 жылы орта мектепті алтын медальмен бітіргеннен кейін Ю. Антропов Мәскеу мемлекеттік университетінің геология факультетіне оқуға түседі. Геолог ретінде елдің көп бөлігін аралап, көптегенбағыттарды жүріп өтеді, бірақ күтпеген жерден геологиядан кетеді. 1967 жылдан бастап әдебиет саласында кәсіби түрде жұмыс істей бастайды. Ол жас жазушылардың бесінші Жалпыкеңестік отырысына қатысып, шығармашылық кеңеске ұсынылады.
«Должность с эмоциями» (1968) атты алғашқы повесі көбінде автобиографияға толы. Жазушы аталған шығарма үшін Н. Островский атындағы әдеби сайыс лауреаты дипломы және медалімен марапатталады. «Присядем на дорогу», «Живые корни», «Неделя ущербной луны» повестері мен бірқатар әңгімелері бірінен соң бірі жарық көреді. Ю. Антропов 1975 ж. «Перед снегом» повесін жазады. Онда өмірден өз орнын іздеген қайсар мінезді жас баланың психологиясы сомдалған. 1977 жылы жазушы Мәскеуге қоныс аударып, Қазақстанның құрғақ даласынан су өндіретін бұрғышы мен геологтардың қажырлы еңбегі суреттелген «Перевал» романын жарыққа шығарады. «Ивановский кряж» (1977) романы да еңбек адамының рухани өміріне арналған. Ю. Антропов «Перевал» және «Ивановский кряж» романдары үшін К. Федин атындағы сыйлықпен марапатталады.
Кенді Алтай еңбеккерлеріне оның көптеген шығармалары арналған, соның ішінде 1977 жылы «Простор» журналында жарияланған «Дела домашние» повесі бар. 1980-жылдары жазылған «Год белой обезьяны», «Двадцать девятое февраля» повестері замандасымыздың рухани әлемін зерттеуді жалғастырып, махаббат, бақыт, кейіпкерлердің өмірдегі өз орнын табудағы күрделі ізденістері туралы баяндайды. 1986 жылы Ю. Антроповтың «Самосожжение» атты жаңа соғысқа қарсы романы жарық көрді. Оның повестері, әңгімелері мен романдары әлемді жақсартуға, мейірімді әрі сенімділікке ұмтылатын кейіпкерлерге бай. Ю. В. Антропов бұрын жиі туған жеріне — Лениногорск (қазіргі Риддер қаласы) және Поперечное ауылына келіп тұрған. Ауылдың орталық көшесінде жазушы туып-өскен үй сақталған.
Ол 2003 жылы Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) дүниеден өтті.
Ю. В. Антроповтың шығармалары
Произведения Антропова Ю. В.
Кітаптар – Книги
Антропов, Ю. В. Должность с эмоциями [Текст]. Присядем на дорогу : повести / Ю. В. Антропов. - М. : Советский писатель, 1968. - 246 с.
Антропов, Ю. В. Белая душа [Текст] : рассказы и повести / Ю. В. Антропов. - М. : Советский писатель, 1971. - 295 с.
Антропов, Ю. В. Перевал. Перед снегом [Текст] : роман и повесть / Ю. В. Антропов. – М. : Сов.писатель, 1977. - 390 с.
Антропов, Ю. В. Ивановский кряж [Текст] : роман в новеллах / Ю. В. Антропов. - М. : Профиздат, 1977. - 400 с.
Антропов, Ю. В. Перевал. Перед снегом [Текст] : роман и повесть / Ю. В. Антропов. - М. : Советский писатель, 1978. - 400 с.
Антропов, Ю. В. Неделя ущербной луны [Текст] : повести, рассказы / Ю. В. Антропов. – М. : Современник, 1979. - 430 с.
Антропов, Ю. В. Живые корни [Текст] : повесть в новеллах / Ю. В. Антропов. – М. : Худ.литература, 1979. - 79 с.
Антропов, Ю. В. Присядем на дорогу [Текст] : повести и рассказы / Ю. В. Антропов ; ред. А. А. Ланда. - Москва : Советский писатель, 1980. - 463 с.
Антропов, Ю. В. Год Белой Обезьяны [Текст] : повести / Ю. В. Антропов. – М. : Московский рабочий, 1981. - 478 с.
Антропов, Ю. В. Избранное [Текст] : сборник / Ю. В. Антропов; предисл. Ю. Лопусова. - М. : Художественная литература, 1982. – 575 с.
Антропов, Ю. В. Самосожжение [Текст] : роман / Ю. В. Антропов. - М. : Сов. писатель, 1986. – 410 с.
Антропов, Ю. В. Страж сыну своему [Текст] : полемическая дилогия / Ю. В. Антропов. - М. : Сов. писатель, 1991. - 553 с.
Ю. В. Антроповтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Антропова Ю. В.
Кітаптар– Книги
Писатели и поэты Восточного Казахстана [Текст] : рекомендательный указатель литературы. - Усть-Каменогорск, 1989. - 57 с.
Джолдасбекова, Б. Русские писатели Казахстана [Текст] : биографический справочник / Б. Джолдасбекова, Э. Какильбаева. - Алматы : Қазақуниверситеті, 2011. - 203 б.
Мерзімдібасылымдар мен жинақтардағымақалалар
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Немцев, М. С. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / М. С. Немцев - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2012. - 245 с.
Егорунин, А. Не изменяя теме[Текст] : [человек труда в творчестве Ю. Антропова] / А. Егорунин // Литературная газета.- 1980. - 10 сентября. - С. 5.
Тревоги и радости Комраковых [Текст] : [о повести в новеллах Ю. Антропова "Живые корни"] / С. Козырев // Литературное обозрение. - 1981. - № 2. - С. 47 – 48.
Долгопятова, Р. Геолог. Писатель. Философ [Текст] : [о творчестве писателя Ю. В. Антропова] / Р. Долгопятова // Лениногорская правда. - 1998. - 17 апр.