Известные имена

Медицина қызметкерлері

Қозбағаров А. А.

Қозбағаров Алаш Ахметжанұлы - ҚР еңбек сіңірген дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Семей облысы  Акушер-гинекологтар ғылыми қоғамының негізін қалаған.  Қозбағаров Алаш Ахметжанұлы (1917-1996) - ҚР еңбек сіңірген дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Семей облысы  Акушер-гинекологтар ғылыми қоғамының негізін қалаған.  

1917 жылы 23 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Семей көшпелі  аурухана аумағының фельдшері Ахметжан Қозбағаровтың отбасында дүниеге келген. Қазақ медицина институтын (қазір С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті) бітірген соң, дәрігерлік дипломмен Ақмола облыстық денсаулық бөліміне жіберіледі. Еңбек жолы Шортанды ауданының КазЦИК атындағы астық өндіру совхозының учаскелік ауруханасының меңгерушісі қызметінен басталды. Кейін аудандық аурухананың хирургия бөлімінде меңгеруші, соңынан - Жолымбет кенішінің медициналық бөлімшесінде меңгеруші болады. Ұлы Отан соғысы жылдары алдыңғы лектегі армияда әскери дәрігер қызметін атқарды. Майдан даласы бөлімшелерінде дәрігер-ординатор, хирургия, өкпе ауруы бөлімінің меңгерушісі болады. Соғыстан қайтқан соң Талдықорған және Семей ауруханаларында ұзақ уақыт емделеді.      

1948 жылдан бастап Семей қаласы Затон ауданының емдеу бірлестігінің бас дәрігері болып қызмет етті. Семей медицина институтында (қазір Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті) акушерлік және гинекология кафедрасын 20 жыл басқарды. Дәрігерлік қызметін атқара жүріп, кандидаттық диссертация қорғады. Зейнеткерлікке шыққан соң ет комбинаты медсанчасінде гинекология  бөлімінің меңгерушісі болды.  

Шамамен 70-тен аса ғылыми еңбек, көптеген мақалалардың авторы.

Екінші Қызыл Жұлдыз ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

1996 жылы 16 қаңтарда қайтыс болды.

Жерлесімізді есте қалдыру үшін Семей қаласының орталық көшесінің біріне Алаш Қозбағаров есімі берілді.

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Қозыбағаров Алаш: б. 463-464.

Саған өмір сыйлаймын... [Мәтін] : [А. Қозбағаровтың туғанына 90 жыл толуына орай] // Ертіс өңірі. - 2007. - 24 қазан. - Б. 2.

***

Куттыбаева , С. Памяти врача Алаша Козбагарова [Текст] / С. Куттыбаева // Вести Семей.- 2010. - 1 апреля. - С. 3.

Силина, Э. А. Козбагаров :жизнь, отданная матерям [Текст] / Э. А. Силина // Рудный Алтай. - 2007. -  4 декабря. - С. 2.

Смирнова, Д. Алаш Козбагаров: врач, даривший людям счастье [Текст] / Д. Смирнова // Вести Семей. - 2007. - 6 декабря. - С. 3.

Гуляева, Е. Полвека счастья [Текст] : [о Козбагарове А.]/ Е. Гуляева // Наше дело. - 2014. - 4 декабря. - С. 2.

Дарю тебе жизнь…[Электронный ресурс] // КГУ "Центр документации новейшей истории ВКО" Управление архивов и документации ВКО: сайт. - Режим доступа: http://www.cdni-arhiv.vko.gov.kz/ru/publications2_22.htm (дата обращения 15.10.2016)

Кафедра акушерства и гинекологии [Электронный ресурс] // Государственный медицинский университет г. Семей: сайт. - Режим доступа: http://ssmu.kz/ru/pages/default/view?id=kaf-akush-ginek (дата обращения 15.10.2016)

Рақыпбеков Т.

Рахыпбеков Төлебай Қосиябекұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, нейролингвистикалық бағдарламалау шебері, жоғары білікті дәрігер, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті.Рахыпбеков Төлебай Қосиябекұлы (1953 ж.) – медицина ғылымдарының докторы, профессор, нейролингвистикалық бағдарламалау шебері, жоғары білікті дәрігер, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті.

1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Семей медицина институты, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университеті, 2000 жылы О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2009 жылы – Қазақ Гуманитарлық инновациялық заң университетін бітірді. Мамандығы – дәрігер, заңгер-құқықтанушы, экономист-менеджер, педагогика және психология бакалавры.

1972-1990 жылдары цехтық дәрігер, бас дәрігердің орынбасары, Шығыс  Қазақстан облысы, Лениногорск қаласында «Лениногорсксвинецстрой» тресі медсанчасінің  бас дәрігері болды.1994-1997 жылдары - Алматы қаласында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі төтенше және медико-биологиялық мәселелер бас басқармасы бастығы, Жезқазған облысы денсаулық сақтау департаменті бастығы, Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары қызметінде болды. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау комитетінің төрағасы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2002-2007 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының әлеуметтік жұмыс бойынша басқармасы бастығы.  2007 жылы - Семей мемлекеттік медицина академиясы ректоры. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, халықтың денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Комитеті Төрағасы орынбасары, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы әлеуметтік саясат және адами құқықтар бойынша комиссия төрағасының орынбасары, жұмыспен қамтуға көмек көрсету Республикалық Қорының тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды. АҚШ-та тағылымдамадан өтті «Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру» (1995 ж.), «Аурухана мекемелерін басқару» жөнінде АҚШ (1997 ж.), Ресей, Түркия, АҚШ, Испания, Германия және басқа мемлекеттерде семинарларға қатысты. Қазіргі күні «Медицинский университет Астана» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «ҚР Парламентінің 10 жылдығына» мерекелік медальдары, Туризм және спорт министрлігінің «Туризм мен спортты дамытудағы ерен еңбегі үшін» Құрмет белгісі, ҚР ҰҒА Құрмет белгісі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен мен марапатталған. Президенттің 2011 жылғы 5 желтоқсан Жарлығымен  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2016 жылы «Парасат» орденімен марапатталды. Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.

2001 жылдан бастап медициан ғылымдарының докторы, 2008 жылы профессор ғылыми атағы берілді.

Жапонияның  Шимане медицина университетінің профессоры (Professor of Clinical Medicine at the University of Shimane), Манна Университетінің профессоры (Индия). 

170 публикация авторы, соның ішінде: 6 монография, 5 оқу құралы, 17 әдістемелік құрал. 6 ғылым докторы, 19 вмедицина ғылымдарының кандидаты  және 3 PhD докторын әзірледі.



 

 

Т. Рақыпбековтың еңбектері

Труды  Т. Ракыпбекова

 

 

Рақыпбеков, Т. К. Жоғары медициналық білім берудегі құзыреттілік бағыты[Мәтін]: методические указания / Т. К. Рақыпбеков, Л.Қ Қаражанова, Ж.Қ. Смаилова. – Семей, 2011. – 84 с.

 

 

 

Т. Рақыпбековтың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Статьи Т. Рақыпбекова опубликованные на страницах периодической печати

 

 

 Рақыпбеков, Т. Шындықты айтпасам, ауырып қаламын [Мәтін] / Т. Рақыпбеков // Семей таңы. – 2011. – 26 қаңтар. – Б. 4.

 Рақыпбеков, Т. Сынақ салдарын зерттеу жалғаса береді [Мәтін] / Т. Рақыпбеков // Егемен Қазақстан . - 2013. - 10 қыркүйек. – Б. 4.

 

 

 

Т. Рақыпбеков туралы әдебиет

Литература о Т. Ракыпбекове

 

 

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б. 168.

Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б. 291-292

 

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

 

Төлебай Қосабекұлы Рақыпбеков [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедия : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/Төлебай_Қосабекұлы_Рақыпбеков (03.01.2018)

Омаров Қ. Т.

Омаров Қадыр Тоқтамысұлы – дәрігер-педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғарғы санатты дәрігер («Денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша), Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының Директорлар кеңесінің басшысы. Омаров Қадыр Тоқтамысұлы (1948 ж.) – дәрігер-педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғарғы санатты дәрігер («Денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша), Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының Директорлар кеңесінің басшысы. 

1948 ж. 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Ұранхай с. дүниеге келген. 1973 ж. Алматы Мемлекеттік медицина институтын (қазір С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген. Өзінің еңбек жолын 1973-1975 жж. Торғай облыстық ауруханасында балалар хирургі болып бастады. 1975-1978 жж. Алматы облысының Ұзынағаш ауылының Орталық аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болды. 1978 ж. бастап емдеу бөлімінде бас дәрігердің орынбасары, ал, 1979 ж. бастап - Алматы облысы Жамбыл ауданында бас дәрігер болып қызмет етті.  

1980-1987 жж. Алматы облысы Жамбыл ауданы Халық депутаттары аудандық Кеңесінің депутаты болған. 1988-1991 жж. республикалық «Ақсай» балалар ауруханасында бас дәрігер болып қызмет етті. 1988 ж. Армениядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге медициналық көмек беру бойынша «Қазақстан» санитарлық поезының жетекшісі болды. 1991-2006 жж.- Алматы қаласындағы № 5 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап Ресей медико-техникалық ғылымдар академиясының мүшесі. 2006 ж. мамыр айынан қарашаға дейін №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері. 2006-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің вице-министрі. 2008 ж. желтоқсан айынан  2009 ж. қыркүйегіне дейін Алматы қ. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің республикалық клиникалық госпиталінің басшысы. 2009 ж. қыркүйегінен 2011 ж. қазан айына дейін «Республикалық диагностика орталығы» АҚ Бас директоры болды. 2011 ж. қазан айынан бүгінгі күнге дейін «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің басшысы. Сондай-ақ, 2012 ж. қаңтар айынан бастап «Демеу-ҰМХ» ЖШС Бас директоры, 2013 ж. қазан айынан ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі Ұлттық палата президиумының төрағасы қызметін атқарады.      

1999-2006 жж. Алматы қаласы мәслихатының екі шақырылымының депутаты болды. 

Екі монография, оннан аса әдістемелік құрал, түрлі медициналық және халықаралық журналдарда жарияланған 100 ден аса ғылыми мақала авторы. Оның қатысуы және басшылығымен  «Халық денсаулығы және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісі туралы Кодексі» жобасы әзірленді.

«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан және Ресейдің мерекелік медальдарымен марапатталған.  

 

 

Деректер

Источники

Омаров Кадыр Токтамысович [Электроннный ресурс] : [биографическая справка] // Министерство зравоохранения РК : официальный интернет-ресурс. - Режим доступа : http://mz.gov.kz/ru/pages/omarov-kadyr-toktamysovich (08.12.2017)

Омаров Кадыр Токтамысович [Электроннный ресурс] : [биографическая справка] // Национальный научный медицинский центр. - Режим доступа : http://nnmc.kz/manager/1085/ (08.12.2017)

Рейш Б. Э.

Рейш Бруно Эрихович – Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген дәрігері, денсаулық саласының үздігі.Рейш Бруно Эрихович (1927-1992) – Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген дәрігері, денсаулық саласының үздігі.

1927 жылы Ростов-на-Дону қаласында дәрігер отбасында дүниеге келген. 1950 ж. Алматы медицина институтын (қазір С. Д. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті) үздік бітірген. Талдықорған облыстық денсаулық сақтау бөлімінде бас хирург болған.          

1962 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында еңбек етті. Лениногор полиметалл комбинаты (Риддер қ.) медицина бөлімшесінің хирургия бөлімінің меңгерушісі болды. 1962 ж. желтоқсан айынан бастап – облыс хирургі және облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Шығыс Қазақстанда алғаш рет жүрекке операция жасау тәжірибесін жүргізіп, жүздеген адамның өмірін сақтап қалды.

Бруно Эрихович өмірінің соңғы сәтіне дейін өз ісіне адал болды. Емделіп, дертіне шипа тапқан көпшілік дәрігердің шипалы қолын еске алып, шынайы алғысын білдіреді. 

Бруно Эрихович Шығыс Қазақстанда хирургия ісінің қалыптасуы және  дамытуға көп күш-жігерін жұмсады. Көптеген жас дәрігерлерді тәрбиелеп, жоғары кәсіби шеберлікке үйретті.

Б. Э. Рейштің Өскемен қаласы және облыс көлеміндегі қоғамдық қызметі кеңінен танымал. Ол СССР халық депутаты болып сайланды, өңір экологиясы,  облыстық диагностика орталығы құрылысы мәселелерін шешуде бастама көтерді, халық арасында ағартушылық жұмыстар жүргізді.

Ленин, Еңбек Қызыл ту ордендері, медальдармен марапатталған.

Б. Э. Рейш 30 жылдан астам қызмет еткен (1961-1992) Шығыс Қазақстан облыстық аурухана ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. 

 

 

 

Деректер

Источники

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Б. Жақып. – Алматы, 2014. – Рейш Б. Э.: с. 633.

Воронова, В. Он не давал оценки своему сердцу [Текст] : [о Рейше Б. Э.] / В. Воронова // Рудный Алтай. - 2001. - 22 сент. - С. 20.

Воронова, В. Прежде всего было дело [Текст] : [воспоминания о главном хирурге областной больницы Б. Э. Рейше] / В. Воронова // Рудный Алтай. - 1995. - 30 сент. 

Розанов, А. Главный хирург [Текст] : народный депутат СССР / А. Розанов // Рудный Алтай. - 1989. - 27 июня.

Когда звезды зажигаются не на небесах [Текст] : [история областной больницы, и о Рейше Б. Э.] // Мой город. - 2009. - 8 окт. - С. 35.

Рейш Бруно Эрихович [Текст] : [заслуженный врач КазССР; некролог] // Рудный Алтай. - 1992. - 12 декабря. - С. 2.

Түселбаев Ә. С.

Түселбаев Әскертай Слямович - танымал хирург, Шығыс Қазақстанда эндоскопиялық хирургия негізін қалаушының бірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.Түселбаев Әскертай Слямович (1946-2015) – танымал хирург, Шығыс Қазақстанда эндоскопиялық хирургия негізін қалаушының бірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

1964 жылы 7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. Чердояк мектеп-интернатын бітірген соң, Семей қаласындағы Медицина институтына түседі (қазір Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті). Хирург ретіндегі еңбек жолы Тарбағатай ауданында басталып,  кейін Өскемен қаласында жалғасты. 

Ә. Түселбаев Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет жүрекке операция жасауды тәжірибеден өткізген, есімі аңызға айналған Бруно Эрихович Рейштің шәкірті болды.

Ұстазы Б. Э. Рейш қайтыс болған соң ол Шығыс Қазақстанның бас хирургі  болып тағайындалды. 43 жыл бойы кәсіби қызметіне адал болған дәрігер білікті  дәрігерлер әзірлеп шығарды.  

Медицинада эндохирургия саласын дамытқаны үшін «Алтын медаль» және ордендермен марапатталған.

2015 жылы 7 желтоқсанда қайтыс болды. 

 

 

Деректер

Источники

Минченко, В.  Врач - это не профессия, а состояние души... [Текст] : [о Туселбаеве А. С.] / В. Минченко // Рудный Алтай. - 2004. - 29 апреля. - С. 3.

Аскертай Слямович Туселбаев : [некролог] // Рудный Алтай. - 2015. - 14 декабря. - С. 9.