Нұрғалиев Құмаш (1925-1988 жж.) – КСРО халық мұғалімі, ағартушы-педагог.
ШҚО, Марқакөл ауданы, Боран ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысып, 19 жасында І топ мүгедегі атанды.
Қ. Нұрғалиев - Елбасының «Книга профессиональных династий Республики Казахстан» атты кітабының бірінші бетіне енгізілген педагогтар әулетінің негізін салушы. Абай атын. ҚазПИ-ды аяқтаған соң, өзі оқыған мектепте авторлық «балалықтың рухани және саналы әлемі үлгісін» жасаған. Кейін, аталған үлгі КСРО-ның Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесіне ұсынылып, Қазақстанның үздік мектептерінің бірі танылып, қола медаль иеленген. Педагог-көшбасшы болған Қ. Нұрғалиев бір ғана оқу орнын 31 жыл басқарған.
Құмаш Нұрғалиұлының мектебі ауылдың әлеуметтік-мәдени орталығы болып табылады. Бүгінгі күні аталған мектепті ұстаздың ұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Әке арманын жүзеге асыра отырып, білім саласында көшбасшы болуда. «Ең үздік мектеп 2005» атағына ие болды. Сонымен бірге, мектеп ЮНЕСКО мен республикалық білім саласын ақпараттандырудың “Қазақстан Республикасындағы ауыл мектептерін қашықтан оқыту” бағдарламасы бойынша жаңашыл-ақпараттық технологиялар орталығы болып саналады.
Құмаш Нұрғалиұлының мерейтойына орай «Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев. Педагогикалық династия» атты кітап жарық көрді. Кітапта халық мұғалімі туралы замандастарының, қызметтестерінің, шәкірттерінің естеліктері, ақын-жазушылардың өлең-жырлары жарияланған. Сондай-ақ, кітапта жартығасырлық мектеп өмірі, мұғалімдер мен оқушылар жетістіктері, Құмаш Нұрғалиұлының идеясын жалғастырушы ұстаздар династиясы туралы әңгімеленеді.
Бес баласының төртеуі мұғалім мамандығын таңдаған (Манира, Талант, Марат, Гүл). Үлкен қызы – Манира ағылшын тілінің мұғалімі, «Қайнар» университетінің доценті, шет тілдері факультетінің теориялық пәндер кафедрасының меңгерушісі. Ағылшын тілін меңгертуге арналған басылымдарды электронды нұсқаға көшірумен белсенді түрде айналысады.
Манира Құмашқызы «Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің үздігі» құрметті белгісімен марапатталған, республикалық «Жыл мұғалімі 1990» конкурсының лауреаты, жоғарғы санатты ұстаз.
Әкесінің кәсіптік білім жетілдіру идеясын кіші ұлы - Марат Құмашұлы жалғастыруда. Ол Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж ашты.
Кіші қызы - Гүл Құмашқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығының директоры.
Педагогикалық династия бүгінгі күні 36 адамды құрайды.
Қ. Нұрғалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности К. Нургалиева
Кітаптар - Книги
Әбуғалиев, М. Өлімді жеңген өмір ... [Мәтін] / М. Әбуғалиев. - Алматы : Мектеп, 1984. - 78 б.
Шегендіков, М. Құмаштың мектебі [Мәтін] : деректі әңгімелер / М. Шегендіков. - Алматы : Жалын, 1986. - 112 б.
Елубай, О. Алтайым, алтын тамырым [Мәтін] : деректі әңгіме, очерк, публицистика, толғау / О. Елубай. - Алматы : Әл-Фараби, 2000. - 181 б.
Ғабдуллин, М. Алтын жұлдыз [Мәтін] : очерктер, хаттар және күнделік / М. Ғабдуллин; құраст. С. Негимов. - Алматы : Ана тілі, 2005. - 288 б.
Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлы : педагогикалық әулет [Мәтін]. - Алматы, 2005. - 336 б.
Тоқпатаев, У. Менің замандастарым [Мәтін] / У. Тоқпатаев. - Өскемен, 2006. - Қарағайдың қарсы біткен бұтағындай еді-ау ... - [Қ. Нұрғалиев туралы]: б. 95-114.
Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін] / Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті. - Өскемен : ШҚМУ баспасы, 2006. - Құмаш Нұрғалиев: б. 418-419.
Чекетаева, Р. С. Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің қызметі мен кәсіби мұрасы : тарихи талдау [Мәтін] : тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Р. С. Чекетаева. - Астана, 2010. - 25 б.
***
Розанов, А. Первороссийские мальчишки [Текст] : документальные повести / А.Розанов - Алма-Ата : Жалын, 1988. - Хочу и творю : [о К. Нургалиеве]: с. 125.
Нургалиева, Г.К. Психолого-педагогические основы системы ценностного ориентирования личности [Текст] :[о К. Нургалиеве] / Г.К. Нургалиева. - Алматы, 1993. - 51 с.
Азмухамбетов, Ш. Соколиная судьба [Текст] / Ш.Азмухамбетов. - Усть-Каменогорск, 2006. - Восхождение : рассказ-размышление о судьбе некоронованного героя Великой Отечественной войны :[о К. Нургалиеве]:с. 98.
С Усть-Каменогорском я что-то важное утратил[Текст] : сборник очерков, стихов, корреспонденций, писем А. С. Розанова]. -Усть-Каменогорск : Шығыс Ақпарат,2009. -Полчаса и еще много-много лет : [о К. Нургалиеве]:с. 5-16.
Мақалалар - Статьи
Кітапбаев, Б. Қайран Құмаш, қайсар Құмаш [Мәтін] : [Қ. Нұрғалиев туралы] / Б. Кітапбаев // Егемен Қазақстан. - 1995. - 27 қазан. - Б. 4.
Тұрғанбаев, М. Жүзіне бүтіндердің татушы еді-ау [Мәтін] : Қ. Нұрғалиевтің туғанына 70 жыл / М. Тұрғанбаев // Дидар. - 1995. - 30 қыркүйек. - Б. 2.
Ыбырайқызы, Т. Халық мұғалімінің мұражайы [Мәтін] : [Боран орталау мектебінде Қ. Нұрғалиұлына арналған мұражай ашылды] // Дидар. - 1997. - 8 шілде. - Б. 4.
Әлімбаев, М. Ардақтымыз атаусыз қалмасын [Мәтін] : [алғашқы КСРО халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев 75 жаста] // Жас алаш. - 2000. - 2 қараша. - Б. 6.
Тұрғанбаев, М. Даралардың ішінде дана туған [Мәтін] : [халық мұғалімі Қ. Нұрғалиевтің туғанына 75 жыл толуына орай] // Дидар. - 2000. - 30 қыркүйек. - Б. 3.
Кемешев, Н. Мен Құмашты көрмесем [Мәтін] / Н. Кемешев // Дидар. - 2003. – 22 сәуір. - Б. 4.
Елубай, О. Қазақтың Құмашы қайта оралды [Мәтін] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2004. - 18 ақпан. - Б. 3.
Нұрмұхамедов, Ә. Асыл ағаны аңсау [Мәтін] / Ә. Нұрмұхамедов // Дидар. - 2004. - 8 мамыр. - Б. 2.
Зәкәрия, Х. Ардагер есімін ардақтады [Мәтін] / Х. Зәкәрия // Дидар. - 2005.- 11 қазан. - Б. 2.
Тұрғанбаев, М. Атақты ұстаздың педагогикалық қырлары [Мәтін] / М. Тұрғанбаев // Дидар. - 2005. - 27 қыркүйек. - Б. 4.
Жүсіп, Ә. Ұлы ұстаз [Мәтін] / Ә. Жүсіп // Білім әлемінде. - 2007. - № 1. - Б. 55-56.
Биғалиқызы, З. Ол біз үшін шамшырақ еді [Мәтін] : [Қ. Нұрғалиев туралы] / З. Биғалиқызы // Дидар.- 2008. - 8 мамыр. - Б. 4.
Кітапбаев, Б. Тағылған жеке-дара жұлдыз еді, Алтайдың алтын шекпен жағасына... [Мәтін] : [Қ. Нұрғалиев туралы] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 2009. - 22 маусым. - Б. 5.
Зәкәрия, Х. Мектепте жүз отыз екі балаға бал және ыстық тамақ беріледі [Мәтін] : [Қ. Нұрғалиев туралы] / Х. Зәкәрия // Дидар. - 2010. - 30 тамыз. - Б. 5.
КСРО-ның халық мұғалімі атанған тұңғыш қазақ [Мәтін] : [халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев туралы] // Дидар. - 2011. - 15 сәуір. - Б. 8.
Кітапбаев, Б. Парталас, майдандас достар едік [Мәтін] : [халық мұғалімі, соғыс ардагері Қ. Нұрғалиев туралы] / Б. Кітапбаев // Ертіс өңір. - 2011. - 18 мамыр. - Б. 10.
Кітапбаев, Б. Өтпейтін өмір, сынбайтын темір жоқ [Мәтін] : [халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев туралы естелік] / Б. Кітапбаев // Дидар. - 2011. - 14 шілде. - Б. 7.
Әбілхан, С. Құмаш Нұрғалиев мектебі жүзге толды [Мәтін] / С. Әбілхан // Дидар. - 2014. - 23 қазан. - Б. 192.
Чекетаева, Р. Елінің ер тұлғасы [Мәтін] : атақты жерлесіміз Құмаш Нұрғалиевтің 88 жылдығына орай / Р. Чекетаева // ШҚО педагогика жаршысы = Педагогический вестник ВКО. - 2014. - № 5. - Б. 75-77.
Құмаш Нұрғалиев "Халық қаһарманы" атағына әбден лайық [Мәтін] // Дидар. - 2015. - 6 ақпан. - Б. 23.
Сарқытбекқызы, Р. Ерлігі ұмытылмас ел ұлы - Құмаш Нұрғалиев [Мәтін] / Р. Сарқытбекқызы // ШҚО педагогика жаршысы = Педагогический вестник ВКО. - 2015. - № 2. - Б. 11-12.
Иманғали, М. Өскеменде тұңғыш рет "Нұрғалиев оқулары" өтті [Мәтін] / М. Иманғали // Дидар. - 2015. - 1 қазан. - Б. 19.
Елубай, О. Тағдырмен тайталасқан аңыз адам : педагог Құмаш Нұрғалиев туралы / О. Елубай. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 23 қазан (№43). - Б. 20.
Мырзахметов, А. Қ. Нұрғалиев атындағы ЖИ зертханасы ашылды : [С. Аманжолов атындағы ШҚО университетінде Құрмаш Нұрғалиев атындағы педагогикалық зертхана ашылды.] / А. Мырзахметов. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 6 қараша (№45). - Б. 6.
Аллабергенұлы, Д. Халық мұғалімінің ғасыр тойы мерекеленді : ұстаз Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойы / Д. Аллабергенұлы. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 6 қараша (№45). - Б. 13.
Интернет - сілтемелер
Интернет – ссылки
http://www.el.kz/blogs/entry/content-56849
https://www.vk.com/topic-76819397_32138967
http://www.vko-memory.blogspot.com/2014/11/blog-post_99.html
Колледж имени Кумаша Нургалиева
Тихоновская Прасковья Семеновна (1918-д.с.н.) - отличник народного образования КазССР, почетный гражданин г. Риддера.
Родилась 28 октября 1918 г. в городе Риддере.
В 1937 г. закончила школу, в 1941 г. - Алма-Атинский педагогический институт имени Абая, получала Сталинскую стипендию. Прасковья Семеновна Тихоновская – живая легенда. Она родилась почти одновременно с Ленинским комсомолом, частью которого была многие годы. В 2002 году по опросу редакции газеты «Комсомольская правда» (Казахстан), Прасковья Семеновна оказалась самой старшей комсомолкой Казахстана.
После окончания института П. Тихоновская вернулась домой в Лениногорск. Свою трудовую деятельность начала в школе № 14, через месяц – завуч, через три месяца – директор, а в июне 1942 года она возглавила городской отдел образования. В 1943 году была избрана заместителем председателя облисполкома и заведующей отделом по государственному обеспечению и бытовому устройству семей военнослужащих при исполкоме Восточно-Казахстанского областного Совета депутатов трудящихся (г. Усть-Каменогорск). Через два года вернулась в Лениногорск и снова работала в должности заведующей городского отдела образования.
Затем ее послужной список выглядел так: 1949 год – секретарь Лениногорского горкома партии, 1951 год – делегат VI съезда компартии Казахстана, в этом году назначена на должность заведующей отделом Восточно-Казахстанского обкома по вопросам образования, 1959 год – директор школы-интерната имени Ю. Гагарина, 1963 год – директор школы № 11. В 1968 г. ушла на заслуженный отдых.
Прасковья Семеновна встречалась со знаменитыми людьми: политиками, учеными, артистами, писателями, певцами и поэтами. Со многими из них она поддерживает отношения до сих пор. Видела живого Леонида Соболева (писатель, автор очерка «Счастье маленького Тулегена»), училась у М. Ауэзова, была свидетельницей поэтического айтыса между Джамбулом и Диной Нурпеисовой.
Прасковья Семеновна одна из авторов и редакторов книги «Город рабочей доблести», неоднократно публиковалась в журнале «Простор», а в «Лениногорской правде» напечатано свыше 80 ее работ о Риддере-Лениногорске, стахановском движении, о первых депутатах Верховного Совета СССР от Казахстана, о Герое Советского Союза Тулегене Тохтарове, Почетных гражданах города.
Литература:
Катаев Ю. Все остается людям: [О бывш. учителе,журналисте,общ.деятеле г.Лениногорска П.С.Тихоновской] / Катаев Ю. // Лениногорская правда. - 1998. - 23 окт. - С.
Мухамеджанова, Г. Тихоновская П. С. - краевед г. Риддера [Текст] / Г. Мухамеджанова // М?дениет жаршысы = Вестник культуры. - 2008. - № 12. - С. 11-12 : портр.
Тихоновская, Прасковья Семеновна. Живу, пока помню [Текст] / П. С. Тихоновская // Рудный Алтай. - 2009. - 7 марта. - С. 3 ; 17 марта. - С. 3

Шайжүнісов Жақия (1914-1983) – педагог, Қазақ ССР-іне Еңбек сіңірген қызметкер, Социалистік Еңбек Ері.
1914 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Күлменді ауылында дүниеге келген.
1933 жылы Семей педагогикалық техникумын (қазір Семей қ. М.Әуезов атындағы Педагогикалық колледж) бітірген соң, Көкпекті ауданының Көкпекті ауылына балалар үйіне қызметке жіберіледі. Мұнда мұғалім, тәрбиеші, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ол бүкіл саналы ғұмырын жетім балаларға қамқорлыққа арнады. Балалар үйіндегі 43 жылдық жұмысында 5687 жетім бала өмір жолына қанат қақты.
Ұлы Отан соғысы жылдары панасыз қалған балаларды тәрбиелеу ісіне қомақты үлес қосқаны үшін Жақия Шайжүнісов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 1962 жылы оған жас ұрпаққа тәрбие беруде қол жеткізген жетістіктері үшін «Қазақ ССР-інің Еңбек сіңірген мұғалімі» атағы берілді.
1968 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Жақия Шайжүнісовке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені тапсырылды. Осы жылы ол Бүкілодақтық мұғалімдер съезіне депутат болып сайланды. Кейін бірнеше мәрте облыстық, аудандық Кеңес депутаты болып сайланды.
1953 жылы Жақия Шайжүнісов Семей педагогикалық институтының (қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті) тарих факультетін бітірді.
Жігерлі жас директордың қажырлы еңбегімен жаңа корпустар, спорт залдары, клуб, шеберхана салынып, электр желісі тартылды, халық аспаптар оркестрі құрылып, жеміс-жидектер бағы өсірілді. Балалардың оқуы еңбекке тәрбиелеу, спорт секцияларында жаттығу, көркемөнерпаздар үйірмелерімен үйлесім тапты.
Жазғы демалыс және балаларды сауықтыру мақсатында Көкпекті өзені жағасында пионер лагері ашылды. Көкпекті балалар үйі Бүкілодақтық көрмеге қатысып, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағындағы үздік балалар үйі ретінде алтын медальмен марапатталды.
Зейнетке шыққан соң Шайжүнісов Жақия 1976-1983 жж. Семей қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде жұмыс істеді.
1983 жылы 2 қыркүйекте қайтыс болды.
Жақия ағаның тәрбиесін көрген жастар табысты еңбегімен ерекшеленіп, өз елінің нағыз патриоты болды. Соның бірі Социалистік Еңбек Ері Құмар Раевтың есімі Көкпекті Балалар үйіне берілген.
Жақия Шайжүнісов есімі Көкпекті ауылы және Семей қаласындағы көшелерге беріліп, тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатылған. 1992 жылы Көкпекті орта мектебіне ағартушы Ж.Шайжүнісов есімі берілді.
2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Семей қаласындағы Электрондық колледж Ж.Шайжүнісов есімімен аталады. Осы заманауи оқу орнында «Шайжүнісов биігін бағындырғандар» мектебі құрылған.
Жақия Жайжүнісовтың педагогикалық және рухани-философиялық мұрасы ғылыми еңбектерде, семинарлар мен конференцияларда зерттелуде. Халық мұғалімінің есімін мыңдаған интернет түлектері есте сақтайды. Оның ісін еліміздің оқу орындарының талантты педагогтары, балалар үйі тәрбиешілері жалғастыруда.
Ж. Шайжүнісов туралы әдебиет
Литература о Чайжунусове Ж.
Хасенов, Р. Х. Өмір өткелдерім: [Электрондық ресурс]: [Ұлағатты жерлестер, сұрапыл соғыс куәгерлері, ел азаматтары туралы.] / Р. Х. Хасенов. - Семей: [б. и.], 2010. - 355 б. с.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Шайжүнісов Жақия: б. 795.
***
История Восточного Казахстана с начала XX века до современности: хрестоматия для 9 класса общеобразовательных школ ВКО / сост. Д. И. Бралинова [и др.]. - Семей: Тенгри, 2013. - 452 с.
Мақалалар – Статьи
Сәрсекеев, М. Жомарт жүрек [Мәтін] / М. Сәрсекеев // Семей таңы. -1968. -11 маусым.
Сағынаев, Ө. Ұстаз асулары [Мәтін] / Ө. Сағынаев // Семей таңы. - 1982. - 4 мамыр. – Б. 4 ; 1982. – 10 мамыр. – Б. 4.
Сағынаев, Ө. Ұстаз мерейі [Мәтін] / Ө, Сағынаев. – Алматы : Мектеп, 1983. - 87 б.
Рамазанов, С. Ұрпаққа аманат [Мәтін] / С. Рамазанов. – Алматы : Қазақстан, 1997. - 190 б.
Рамазанов, С. Ұстаз ерлігі [Мәтін] / С. Рамазанов // Дидар. - 2004. - 1 мамыр. – Б. 5.
Асылжан, П. Ізгілік нәрін сепкен [Мәтін] / П. Асылжан // Семей таңы. - 2004. - 7 мамыр. – Б. 6.
Ильясов, М. Жапырақ жайған бәйтерек [Мәтін] / М. Ильясов // Ғұмыр белестері кіт. - Семей, 2010. – Б. 155-219.
Жанатұлы, Е. Жақсылығы жастар жадында жаңғырмақ : [Мәтін] : [Балалар үйінің директоры, ұстаз Ж. Шайжүнісов туралы.] / Е. Жанатұлы // Ертіс өңірі. - 2012. - 14 наурыз. - Б. 11.
Тайырқызы, Э. Жүрек жылуымен тәрбие берген Жақия [Мәтін] / Э. Тайырқызы // Дидар. - 2012. - 26 шілде. – Б. 21.
Қасымжанұлы, С. Халық ұстазының есімі берілді [Мәтін] / С. Қосымжанұлы // Семей таңы. - 2012. - 7 қыркүйек. – Б. 7.
Аманғазыұлы, Т. Жылы жүректі ұлағатты ұстаз : [Мәтін] / Т. Аманғазыұлы // Абай елі. - 2014. - 13 - 22 мамыр. - Б. 3.
***
Асылбек, Е. Мастер добра: (педагог, просветитель Ж.Чайжунусов) / Асылбек Е., Рамазанов С. // Казахстанская правда. - 1996. - 1июня. - С. 1.
Рамазанов, С. Педагог от бога / Рамазанов С. // Семипалатинские вести. - 2004. - 7 мая. - С. 10.
Календарь знаменательных и памятных дат Семейского региона ВКО на 2009 год [Текст]. - Семей, 2008.- С.11-127.
Павлов, В. О ком расскажут улицы города Семея? [Текст] : творческие проекты учащихся / В. Павлов // История Казахстана : преподавание в школе. - 2010. - № 7. - С. 28-37.
Шыбынтаева, М. В детдоме его звали «папой» [Текст] / М. Шыбынтаева // Спектр. - 2012. - 5 сент. - С. 8.
Кожахметова, Г. Отец большой семьи [Текст] / Г. Кожахметова // Вести Семей. - 2012. - 25 сент. - С. 5.
Пигаваев, В. Формула жизни: он не тлел, горел - как факел / В. Пигаваев // Спектр. - 2012. - 26 сент. - С. 14.
Гуляева, Е. Для многих он был просто «папой» [Текст] / Е. Гуляева // Спектр. - 2012. - 17 окт. - С. 8.
Иванченко, Я. Вечер памяти [Текст] / Я. Иванченко // Наше дело. - 2012. - 25 окт. - С. 2.
Коровникова, В. Памяти учителя / В. Коровникова // Огни Прииртышья. - 2014. - С. 6.
Касенов, Ж. Жакия Чайжунусов - больше, чем просто учитель / Ж. Касенов // Вести Семей. - 2014. - 16 мая. - С. 2.
Шыбынтаева, М. Династия Чайжунусовых: не скудеет талантами и добротой / М. Шыбынтаева // Спектр. - 2017. - 12 июля. - С. 5.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Жакия Чайжунусов [Электронный ресурс] : [биография] // Электронный колледж г. Семей : сайт. – Режим доступа : http://ekchsemey.ddns.net/CH.html (10.03.2018)
Шайжүнісов Жақия [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/Жақия_Шайжүнісов (01.02.2018)
Шайжүнісов Жақия [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімінің ресми сайты : сайт. – Пайдалану орны : http://kokpekti.vko.gov.kz/kz/news.htm?id=387 (01.02.2018)
Белякина, А. Жакия Чаужунусов. Отец тысячи сирот [Электронный ресурс] // Караван : медиа портал : сайт. – Режим доступа : https://www.caravan.kz/gazeta/zhakiya-chajjzhunusov-otec-tysyachi-sirot-77657/ (10.03.2018)
Шыбынтаева, М. В детдоме его звали «папой» [Текст] / М. Шыбынтаева // Спектр. - 2012. - 5 сент. - С. 8.