Известные имена

Спортсмендер

Ағзамов М.

Ағзамов МұхамедоллаАғзамов Мұхамедолла Сағидоллаұлы 1951 жылы 2 желтоқсанда Көкпекті ауданы Өрнек ауылында туған. 1967 жылы Үлгілі Малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектепті алтын белгімен бітірген. Еңбек жолын осы совхозда тракторшылықтан бастап, сол жылы Қызыл Ту орденді Қазақ ауылшаруашылық институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университет) механизация факультетіне түскен. 1972-1975 жылдары Өскемендегі ауылшаруашылық техникумында методист, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі, комсомол ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды. 1975-1978 жылдары Үлбі металлургия зауытына жұмыс істеді. 1978-1988 жылдары Көкпекті, Ұлан аудандарында әртүрлі қызмет істеді. 1988-1992 жылдары- Алматы қаласындағы ғылыми – өндірістік «Казсельхозмеханизация» бірлестігінің инженері, 1992-2007 жылдары Ұлан ауданы Передовой совхозының директоры, шаруа қожалығының басшысы болып қызмет атқарды. 2007-2010 жылдары Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институының Бас директоры, 2010 жылдан «Айыртау» ауылында «Колос» шаруа қожалығының басшысы. Техника ғылымдарының кандидаты- Философия докторы (Ph.D). 27 ғылыми мақаланың , 6 авторлық куәліктің иесі. «Тыңға 50 жыл», «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалдарының иегері. «КСРО ауылшаруашылығы саласында ең үздік инженер-техникалық қызметі үшін» конкурсының жеңімпазы; Армреслингтен 7 мәрте Азия чемпионы, Әлем чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері. «Спорты дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері (Монғолия), Алматыдағы Қазақ Аграрлық Университетінің Құрметті профессоры, Шығыс Қазақстан Аймақтық Университетінің профессоры; Армреслингтен халықаралақ дәрежедегі спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, гир спортынан халықаралық дәрежедегі төреші, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ҚР Құрметті спорт қызметкері, ҚР армреслинг және гир спорты Федерациясының Құрметті Президенті, Азия (AAF) Армреслинг Федерациясының Құрметті Президенті, Бүкіләлемдік Армреслинг Федерациясының Құрметті Вице-Президенті.

Ағзамов М. туралы

Тлеухан, Айбек. Тұлға. Личность. Personage [Мәтін] / А. Тлеухан. - Семей : [б. ж.], 2011. - 228 б.
Атажұртым - Көкпекті [Электрондық ресурс] : [Көкпекті ауданының 80 жылдығына арналған.] / А. Тлеухан, Ә. Жайсан . Т. 2., 2010. - 371 б.
Бидельманов С. Е. Ұлан ауданының спорт жұлдыздары [Мәтін] / С. Е. Бидельманов. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 272 б
Елубай О. Аялайық Алтайды [Мәтін] : (Деректі әңгіме, жолжазба, очерк,толғау, мақалалар) / Елубай О. - Өскемен : [б. ж.], 2004. - 227 б.
Қасымұлы А. Арулар әлемі [Мәтін] / Қасымұлы А. - Усть-Каменогорск : Шығыс баспа, 2000. - 121 б.

Мерзімді басылым беттерінен:

Қадылбекұлы Ә. Жігері мұқалса, ол Мұқан ба? [Мәтін] : [Спортшы Мұқан Ағзамов туралы] / Ә. Қадылбекұлы // Ертіс өңірі. - 2011. - 24 тамыз.- Б.13.
Қадылбекұлы, Әлімжан. Осы спорт түрлерін республикада дамытып отырғаныма 30 жылдай болды [Мәтін] / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2010. - 7 қыркүйек.- Б.5.
Тоқпатаев У. Ар - намыстан жаралған [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2003. - 29 қараша.- Б.4
Тоқпатаев У. Арнамыстан жаралған азамат [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Егемен Қазақстан. - 2003. - 20 желтоқсан.- Б.6
Шөмшеков С. "Қаңбақ шалдан" хат [Мәтін] : [Ұлан ауданы "Масақ" шаруа қожалығының төрағасы Мұхамедолла Ағзамов туралы бір үзік сыр] / Шөмшеков С. // Дидар. - 2001. - 4 желтоқсан.- Б.3
Әліпбаев С. Мұқан Ағзамовтың әлемі [Мәтін] / Әліпбаев С. // Дидар. - 2000. - 15шілде.- Б.
Елубай О. Мұқан жасаған мәшине [Мәтін] : [Шегірткіні қыратын қондырғыны өндіріске енгізген М.Ағзамов туралы ] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 2000. – 24 наурыз.- Б.
Бота Ә. М. Ағзамов- ғылым кандиданты [Мәтін] : [Ұлан ауд. Завидное ауылының "Колос" шаруа қожалығының төрағасы техника ғылымының кандиданты] / Бота Ә. // Дидар. - 1999. - 12 қаңтар.- Б.

Тұрлыханов Б.

Болат Тұрлыханов (1932-1993), балуан, КСРО-ң еңбек сіңірген спорт шебері

Болат Тұрлыханов 1932 жылы Семей облысы Жарма ауданында дүниеге келген. Орта мектепті, Қазақ Мемлекеттік физкультура институтын үздік бітірген. Тәжірибелі жаттықтырушы кезінде талай-талай спортсменді баптап шығарды, олар кейіннен еркін күрес және грек-рим күресінен спорт шебері атағына қол жеткізді, солардың арасында өз ұлдары да болды. Ұлы Дәулет грек-рим күресінен жеті дүркін КСРО чемпионы, әлем, Европа чемпионы атағына ие болды, екі Олимпида, Азия ойындарының жеңімпазы болды.

Болат Тұрлыханов Жарма, Үржар, Аягөз және Таскескен аудандарының мектептерінде қызмет істеді.

Тұрлыханов 1987 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Алматы қаласында тұрып, республикалық олимпия резерві мектебінде спортсмендерді жаттықтырды.
Елімізге еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысын еске алу мақсатында Семей қаласында жыл сайын грек-рим күресінен турнир өткізіледі. Қала көшесінің бірі оның есімімен аталады.

Әдебиет

Рамазанов С. Олимп шыңына ұрпағын шығарған [Мәтін] : [Болат Тұрлыхановтың 70 жылдығына] / Рамазанов С. // Семей таңы. - 2002. - №48.- Б.4

Турлыханов Болат // Кашляк В.Н. Семипалатинск: Их именами названы.- Семипалатинск, 2006.- С. 351-352.

Материалды Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұсынған (Семей қаласы)

 

Рыпакова О.С.

Рыпакова Ольга СергеевнаРыпакова Ольга Сергеевна – жеңіл атлет, (1984)

Ольга Рыпакова 1984 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Шығыс Қазақстан облыстық спорттағы дарынды балалар мектеп –интернатын бітірген.
Қазақстан жеңіл атлеті, бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады. Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері.
Жаттықтырушысы - жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Алексеев Сергей Дмитриевич
О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.
Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды.
Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.
2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.
2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен ХХХ жазғы олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан өте жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, Қазақстна қоржынын 6- алтын медальмен толықтырды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды. Артынша жеңіл атлетикадан халықаралық «Бриллиант Лигасының» жеңімпазы атанды.
Қазір Алматы қаласында тұрады. ЦСКА клубында жаттығуда. Екі баланың анасы. Жолдасы Денис Рыпаков – жүгіруден чемпион, бүкіләлемдік универсиаданың күміс жүлдегері.

2023 жылы Ольга Рыпакова кәсіби мансабын ресми түрде аяқтады. Бұл туралы атақты спортшы жабық жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатының жабылуында жариялады.

 

 О. Рыпакова туралы әдебиеттер

 Литература об О. Рыпаковой

 

Шығыс Қазақстанның алтын жастары 2006 = Золотая молодежь Восточного Казахстана 2006 [Мәтін]. Т. 1. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2007. - 133 б.

 Жунусбаев, Н. Золотой Олимпийский маршрут: Лондон - 2012, Сочи - 2014 [Текст] / Н. Жунусбаев. - Алматы : Дәуір, 2014. - 360 с.

Мақалалар-Статьи

 

Қайсанова, И. Чемпионмен бетпе-бет [Мәтін] : әлем чемпионы Ольга Рыпакова №19 мектепте / И. Қайсанова // Өскемен. - 2010. - № 42.- Б.7.
Елубай, О. Жеңіл атлетшіге -жеңіл көлік [Мәтін] : [Ольга Рыпаковаға өңір басшысы Б. Сапарбаев автокөлік кілтін тапсырды] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 31 желтоқсан.- Б.11.
Рыпакова, Ольга . Мақсатым-Лондонда топ жару [Мәтін] : [Өскемендік жеңіл атлет, әлем кубогінің иегері О. Рыпакова туралы ] / О. Рыпакова // Дидар. - 2012. - 2 наурыз.- Б.23.
Қадылбекұл, Ә. Ольга Рыпакова Түркиядан табысты оралды [Мәтін] / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2012. - 12 наурыз.- Б.8.
Әбіш, Е. Алтыншы алтынды біздің Ольга әперді [Мәтін] : [Лондон олимпиадасының чемпионы О. Рыпакова туралы] / Е. Әбіш // Дидар. - 2012. 7 тамыз.- Б.1,4.
Әбіш, Е. Шымыр қыз Шығыс жұртын шаттыққа бөледі [Мәтін] : [Лондон олимпиадасының чемпионы О. Рыпакова туралы.] / Е. Әбіш ; Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2012. - 9 тамыз.- Б.1-2.
Кенжалин, Д. Рыпакова - жеңімпаз! [Мәтін] / Д. Кенжалин // Егемен Қазақстан. - 2012. - 13 маусым.- Б.1.
Елубай, О. Ольга - біздің мақтанышымыз [Мәтін] : [Лондон олимпиадасының чемпионы О. Рыпакова туралы] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2012. 7 тамыз.- Б.1,4.
Елубай, Оңдасын. Олимпиада чемпионы елге оралды [Мәтін] : [Лондон олимпиадасының чемпионы О. Рыпакова туралы] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2012. 8 тамыз.- Б.4.
Тастағанов, М. Оль-га! [Мәтін] : [Лондон олимпиадасының чемпионы О. Рыпакова туралы] / М. Тастағанов, С. Төлеуов // Егемен Қазақстан. - 2012. 14 тамыз.- Б.6.
Алексеева, В. Қызым әлем рекордын жаңартқысы келеді [Мәтін] : [Лондон олимпиадасының чемпионы О. Рыпакованың анасымен әңгіме] / В. Алексеева ; жазып алған О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2012. 17 тамыз.- Б.7.
Қазақ елінің мақтаныштары! [Мәтін] : [Лондон олимпиадасының чемпионы О. Рыпакова туралы] // Өскемен. - 2012. - 9 тамыз.- Б.21
Әсембай, Дт. Толағайлар біздің қалада [Мәтін] : Өскемен ел мақтанышы болған спортшыларды күтіп алды / Д. Әсембай // Өскемен. - 2012. - 23 тамыз.- Б.2.
Тастағанов, М. Оль-га! [Текст] / Тастағанов М. // Егемен Қазақстан. - 2012. - 14 тамыз (№ 501/509). - б. 6.

Кенжеұлы, Н. Ольга осы олимпиадада да олжа салды [Мәтін] : [Рио олимпиадасында қола жүлдегер атанды. ] / Н. Кенжеұлы // Дидар. - 2016. - 16 тамыз.- Б.1,4.

Алексеева, Л. Әкеміз Ольганы жаттығу залына үйде жалғыз қалдырмау үшін апарып жүрді [Мәтін] / Л. Алексеева // Дидар. - 2016. - 30 тамыз.- Б.8.

Аллабергенұлы, Д. Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошаметпен қарсы алды. [Мәтін] / Д. Аллабергенұлы // Дидар. - 2016. - 1 қыркүйек.- Б.1-2.

Кенжеұлы, Н. Ольга Рыпакова майор атанды [Мәтін] / Н. Кенжеұлы // Дидар. - 2016. - 3 қыркүйек.- Б.2.

Анаш, Д. Ольга Сергеевна Рыпакова [Текст] / Анаш Думан // Егемен Қазақстан . - 2016.- 27 тамыз (№ 165). - Б. 5.

Тоғызыншы күн де толқумен өтті [Текст] // Егемен Қазақстан . - 2016.- 16 тамыз (№ 156). - Б. 1,6

Сүлеймен, Ғ.Сенім жүгін арқалаған саңлақтар [Текст] / Сүлеймен Ғалым // Айқын . - 2016.- 2 тамыз (№ 113). - Б. 5

Рыпакова, Ольга . Стадионды "алақайлап" айнала жүгіргенім есімнен кетпейді [Мәтін] / О. Рыпакова // Егемен Қазақстан. - 2017. - 2 маусым.- Б.5.

Қасым, А. Стадионды алақайлап айнала жүгіргенім есімнен кетпейді [Мәтін] / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 2 маусым.- Б.5

Төлеуов, Б. Олимпиада чемпионы олжа салды [Мәтін] : Ольга Рыпакова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 9 тамыз.- Б.12

Нақтыбайұлы, Е. "ALTAY ATHLETICS" - алғашқы кәсіби клуб [Мәтін] / Е. Нақтыбайұлы // Дидар. - 2017. - 4 қараша.- Б.1-2.

Асылбек, М. Спорт мінезді тәрбиелейді [Мәтін] / М. Асылбек // Егемен Қазақстан. - 2017. - 21 желтоқсан.- Б.9.

Әли, Б. Жеке рекорд жетістік емес [Мәтін] / Б. Әли  // Егемен Қазақстан. - 2018. - 5 қараша.- Б.10

Битөре, Ә. Алтын жүлдегер атануы да мүмкін [Мәтін] / Ә. Битөре // Мәдениет. - 2018. - № 11.- Б.23.

Дорофеева Е. Н.

Дорофеева (Иванова) Екатерина Николаевна

 Дорофеева (Иванова) Екатерина Николаевна (1962–1994) – альпинист

1962 жылы 1 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы Платово ауылында (қазіргі Сарытау ауылы) дүниеге келген. 1972 жылы отбасы Күршім ауылына көшіп келеді. 1979 жылы Екатерина Ю. Гагарин атындағы №1 орта мектепті тәмамдап, кейін Иркутск политехникалық институтының геологиялық барлау факультетіне оқуға түседі.
Таулы өңірде өскен Екатерина жастайынан жартасқа өрмелеуге, альпинизмге, таулы туризмге және шаңғы спортына қызығушылық танытады. Аз уақыттың ішінде жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. 1983 жылы жартасқа өрмелеуден спорт шеберлігіне үміткер атағын және шаңғы жарысынан I спорттық разряд алады. Сегіз жылдан кейін КСРО-дағы барлық жеті мың метрлік шыңдарды бағындырып, «Қар барысы» құрметті атағына ие болады. Бұл атақ Кеңес Одағының ең биік бес шыңына көтерілген альпинистерге ғана берілген.
1990 жылдың көктемінде Еатерина «Әлем шыңына өрлеу – 1990» атты халықаралық кеңес-қытай-америкалық экспедиция құрамында Эверестті бағындыру мақсатында жорыққа қатысады. 91 күнге созылған экспедиция барысында 1990 жылғы 10 мамырда ол Джомолунгма (Эверест) шыңына, 8848 метр биіктікке көтерілді. Екатерина Кеңес Одағында Эверестке көтерілген алғашқы әйел және әлемде бұл шыңды бағындырған он бірінші әйел атанды. Спорттағы айрықша шеберлігі, ерлігі мен батылдығы үшін «Жеке ерлігі үшін» орденімен марапатталып, «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды.
Екатеринаның басты мақсаты – биіктігі 8000 метрден асатын планетадағы барлық 14 сегіз мыңдық шыңды бағындыру еді. Бұл жетістік әлемдік альпинизмдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады және бейресми түрде «Жер патшасы» деп аталады. Соңғы экспедициясына дейін ол үш сегіз мыңдық шыңға көтеріліп үлгерді: Эверест (8848 м), Манаслу (8156 м) және Шиша-Пангма (8027 м).
1994 жылы Екатерина Сергей Новиков басқарған беларусь экспедициясының құрамында төртінші сегіз мыңдық шың – Канченджанганы бағындыру үшін жолға шығады. 1994 жылғы 10 қазанда экспедиция мүшелері қар көшкіні салдарынан қаза тапты.
2012 жылы Иркутск қаласының Университетский шағын ауданында Екатерина тұрған үйге оның туғанына 50 жыл толуына және алғашқы кеңестік экспедицияның (1982) 30 жылдығына орай мемориалдық тақта орнатылды. Мемориалдық тақтадағы жазуда: «Осы қабырға ішінде геолог мамандығын меңгерген, көрнекті альпинист – «Қар барысы», КСРО-дағы барлық жеті мыңдық шыңдарды, соның ішінде планетаның ең биік шыңы – Эверестті бағындырушы, РМ-79-1 тобының студенті, «Жеке ерлігі үшін» орденінің кавалері, еңбек сіңірген спорт шебері Екатерина Иванова (Дорофеева) тұрды. 1994 жылғы қазанда Гималайдағы Канченджанга шыңына көтерілу кезінде қаза тапты».


 Е. Н. Дорофеева туралы әдебиеттер

Литература о Дорофеевой Е. Н. 

 

Тауанова, Б. Шың басында ұлықталған есім: [Эверест шыңына шыққан жерлесіміз Е. Дорофеева туралы] / Б. Тауанова // Менің өлкем. - 2014. - 19 маусым. - б. 8

Мұқатай, Ж. Эвересті бағындырған ару-Күршімнің қызы: / Ж. Мұқатай// Дидар. - 2019-. - 20 маусым. - Б. 12.; 27 маусым. - Б. 12  

*** 


Жантыкеев, Р. Вершины Дорофеевой / Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2005. - 15 сентября. - С. 4
 

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Русское географическое общество клуб альпинистов «Санкт-Петербург» // Альпинисты Северной Столицы: сайт. – Режим доступа: http://www.alpklubspb.ru/persona/ivanovadorofeeva.htm

Иванова (Дорофеева), Екатерина Николаевна // Иркипедия: сайт. - Режим доступа: http://irkipedia.ru/content/ivanova_dorofeeva_ekaterina_nikolaevna

 

Полторанин Ю.П.

Полторанин Алексей ЮрьевичПолторанин Алексей Юрьевич (1987) - лыжник, бронзовый призёр чемпионата мира 2013 года

Родился 29 апреля 1987 в г. Риддер Восточно-Казахстанской области. Казахстанский лыжник, бронзовый призёр чемпионата мира 2013 года. Заслуженный мастер спорта Республики Казахстан.

А. Ю. Полторанин дважды представлял Казахстан на Олимпийских играх: в 2006 году в Турине и в 2010 году в Ванкувере. В Турине Полторанин принял участие в гонке на 15 километров классическим стилем, заняв 39-е место. В Ванкувере Полторанин выступал в трёх дисциплинах, продемонстрировав отличные результаты. Если в гонке на 15 километров свободным стилем он занял 14-е место, то в индивидуальном и командном спринте он поднялся уже на пятую итоговую позицию.

В 2007 году на Зимних Азиатских играх в китайском Чанчуне завоевал серебро в спринте. В 2011 году на соревнованиях по лыжным гонкам на домашних Зимних Азиатских играх, который проходил в Астане и Алматы, Алексей Полторанин завоевал четыре золотые и одну бронзовую медали, став таким образом наиболее титулованным атлетом этих игр. Свою первую победу на этапе Кубке мира одержал в 2010 году, выиграв гонку на 15 км с раздельного старта на втором этапе Кубка мира в швейцарском Давосе.

Литература:

Википедия