Болат Тұрлыханов (1932-1993), балуан, КСРО-ң еңбек сіңірген спорт шебері
Болат Тұрлыханов 1932 жылы Семей облысы Жарма ауданында дүниеге келген. Орта мектепті, Қазақ Мемлекеттік физкультура институтын үздік бітірген. Тәжірибелі жаттықтырушы кезінде талай-талай спортсменді баптап шығарды, олар кейіннен еркін күрес және грек-рим күресінен спорт шебері атағына қол жеткізді, солардың арасында өз ұлдары да болды. Ұлы Дәулет грек-рим күресінен жеті дүркін КСРО чемпионы, әлем, Европа чемпионы атағына ие болды, екі Олимпида, Азия ойындарының жеңімпазы болды.
Болат Тұрлыханов Жарма, Үржар, Аягөз және Таскескен аудандарының мектептерінде қызмет істеді.
Тұрлыханов 1987 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Алматы қаласында тұрып, республикалық олимпия резерві мектебінде спортсмендерді жаттықтырды.
Елімізге еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысын еске алу мақсатында Семей қаласында жыл сайын грек-рим күресінен турнир өткізіледі. Қала көшесінің бірі оның есімімен аталады.
Әдебиет
Рамазанов С. Олимп шыңына ұрпағын шығарған [Мәтін] : [Болат Тұрлыхановтың 70 жылдығына] / Рамазанов С. // Семей таңы. - 2002. - №48.- Б.4
Турлыханов Болат // Кашляк В.Н. Семипалатинск: Их именами названы.- Семипалатинск, 2006.- С. 351-352.
Материалды Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұсынған (Семей қаласы)