Тунников Анатолий Павлович (1939) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
6 қаңтар 1939 жылы Алтай өлкесінің Рубцовск қаласында дүниеге келген. «Востокпромэлектромонтаж» мекемесінің бас директоры болып жұмыс істейді. Қазақ КСР-нің белгілі құрылысшысы.
Еңбек жолын 17 жасында «Алтайсвинецстрой» құрылыс басқармасында бастаған. Атом өнеркәсібін дамыту мақсатында 1958 жылы бірнеше құрылыс кәсіпорындары ашылып, олардың біріне Тунников Анатолий Павлович электромонтер болып еңбек етеді.
Оның еңбек жолы осы мекемеде қарапайым қызметкерден бастап бірінші басшыға дейін жеткен. Қазір жауапкершілігі шектеулі кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «Востокпромэлектромонтаж» ЖШС деп аталады. Нарықтық экономика ауысқан кезде олар жұмысшыларды, кәсіби мамандарды сақтап, мекеме жұмысын жандандырды. Оның тікелей қатысуымен қалада электромонтаж жұмыстары белсенді жүргізілді, сәулет ескерткіштері салынды және қайта жаңартылды, көшелер мен бақтар жарықтандырылды. Қалада өткізілетін қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысты.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің медальдарымен және грамоталарымен марапатталған. 2005 жылдан бастап Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
Өскеменнің Құрметті азаматы атағы 2004 жылдың 9 желтоқсанында берілді.
А. П. Тунников туралы әдебиеттер
Литература о Тунникове А. П.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с.
***
Почетных граждан прибавилось [Текст] // Рудный Алтай. - 2005. - 6 янв. - С. 1.
Чистяков М. Шагает он по городу [Текст] / Чистяков М. // Рудный Алтай. - 2005. - 1 марта. - С. 4.
Никифоров, В. Однажды и навсегда [Текст] : [о Почетном гражданине Усть-Каменогорска А. П. Тунникове] / В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2008
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Тунникова, А. П. [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный сайт Усть-Каменогорского городского маслихата : сайт. – Режим доступа : http://ukmaslihat.vko.gov.kz/ru/citizens_56.htmhttps://ru.wikipedia.org/wiki/Айдарханов,_Бике (27.09.2018)