Известные имена

Шевченко А. А.

Шевченко А. А. Александр Алексеевич Шевченко (1927-2003), Суретші, Семей қаласының Құрметті азаматы

Александр Шевченко - Семей ядролық полигонын салушылардың бірі. Ол 1927 жылы Украинада дүниеге келген. Қазақстанға жедел әскери қызметке шақырылып, іс-әрекеттегі полигонда төрт жыл қызметте болады.

1951 жылы әскерден қайтып, Семей қаласында тұрып, еңбек етеді. Семей ядролық полигоны мен Чернобыль - Украина тумасы шығармашылығының басты тақырыбына айналды. Александр Шевченконың «Семей ядролық трагедиясы» циклының суреттері «Адам үлесі» деген жалпы атаумен біріктірілді.

Украиндықтардық Қазақстанға қоныс аударуы, екі халықтың достығы, қазақ халқының тарихи кезеңдері – суретші шығармашылығынан айрықша орын алған. Оның қаламынан Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уалиханов портреттері туған.

Александр Шевченко 40 жылдан астам уақыт бойы графика, сурет өнерімен шұғылданып, оның туындылары Вена, Париж, Брюссель, Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, Алматы қалалары мұражайларында көрмеге қойылған. Көптеген мұражайлар оның суреттеріне қол жеткізген.
2001 жылғы 15 тамыздағы Украина Президентінің Жарлығымен А.А. Шевченкоға «Украинаның еңбек сіңірген суретшісі» атағы беріледі.

Шебер Тарас Шевченкоға арнаған еңбектерін соның есімімен аталатын мұражай-қорыққа табыс етеді. 2003 жылы мамыр айында суретші Семей қаласының Украиналық қоғамы мен Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігінің жәрдемімен өз суреттерін аталған мұражай-қорық орналасқан украиналық Канев қаласына апарады.
Александр Шевченко былай дейді: «Әр адам өзінен кейін не қалдыратынын ойлануы тиіс. Мен қырық жылдан астам уақыт бойы қолымнан қалам мен бояуымды тастаған емеспін. Сурет өнері – менің өмірім».

Суретші Семей қаласы мен оның тұрғындарына үлкен сыйлық жасады. Ол «Семей ядролық трагедиясы» циклынан 45 сурет іріктеп алып, Невзоровтар отбасы есімімен аталатын мұражайға шын жүректен сыйға тартады.

2003 жылы қыркүйек айында атақты суретші дүниеден өтеді. Оның соңғы еңбектерінің бірі - өзінің автопортреті еді.

Әдебиет

Гузеева М. Александр Шевченко: "Мне не запретили рисовать"// Наше дело. - 2003. - 9 мая. - С. 7
Рублева Н. Кобзарь второй раз вернулся на родину// Рудный Алтай. - 2003. - 5 июля. - С. 12
Рублева Н. Он все успел в жизни// Наше дело. - 2003. - N 39 (2 окт.). - С. 2