Известные имена

Суретшілер

Головков А. А.

Головков Александр Александрович (1908-ө.ж.б.) – суретші, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1908 жылы Вологда қаласында (Ресей) дүниеге келген. Кейін отбасы Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласына көшіп келеді. Ф.Ф.Иванчук изостудиясында оқыған. 1941-1947 жылдары фашистік Германияға қарсы соғысқа қатысады. Жауынгерлік ордень-медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Поперечное селосында балалар үйінде директор болды. Тау-металлургияы техникумында сызудан сабақ берді. Комбинат кәсіпорындарында суретші-безендіруші болып жұмыс істеді.

Кейін Украинаның Кетюха селосына көшті.

Қайтыс болған жылы және күні белгісіз.

 

 

Деректер

Источники

 

 

Немцев, М. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / М. Немцев. - Усть-Каменогорск : Изд-во «Медиа-Альянс», 2012. – Головков Александр Александрович : с. 194.

Гольман Э. В.

Гольман Эдуард Викторович – суретші, кескіндемеші.Гольман Эдуард Викторович (1965 ж.) – суретші, кескіндемеші.

1965 жылы 16 сәуірде Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауданы Ауыл станциясында дүниеге келген. Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың (Семей қ. М. Әуезов атындағы Педагогикалық колледж) көркемсурет-графика факультетін бітірген. Владимир (Ресей) қаласында тұрады және жұмыс істейді. «АРТБАТ» қауымдастығына кіреді. Қалалық, облыстық және халықаралық көрмелерге қатысты. Жұмыстары Семей, Алматы және АҚШ жеке коллекцияларында сақталған.

 

Э. Гольман туралы әдебиеттер

Литература о Гольман Э.

 

Гольман Эдуард Викторович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=341 (13.02.2018)

Гольман Эдуард Викторович [Электронный ресурс] // Художники земли Владимирской : сайт. – Режим доступа : http://www.art.vladimir-city.ru/painter/00000032/painter.htm (19.05.2020)

Дашко А. П.

Дашко Анатолий – суретші, кескіндемеші.Дашко Анатолий (1956 ж.) – суретші, кескіндемеші.

1956 жылы 27 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласында (қазір Риддер қаласы) дүниеге келген. 1975 жылы Алматы құрылыс техникумының архитектура факультетін (қазір Алматы құрылыс және менеджмент колледжі), 1982 жылы Абай атындағы ҚазПИ (қазір Абай атындағы ҚазМПУ) көркемсурет-графика факультетін бітірген.

1975-1980 жж. Алматы балалар көркемсурет мектебінде сабақ берді. 1992 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің көркемсурет-графика факультетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасында оқытушы болды.

1983 жылдан көрмелерге қатыса бастады.

80 аса халықаралық және республикалық көрмелерге қатысты: Сеул қаласындағы биеналле (Оңтүстік Корея, 1991), Бүкілресейлік шығармашылық көрме; «Montley Water» тобы.

4 жеке көрмесін ұйымдастырды.

Картиналары РФ (Мәскеу) Суретшілер Одағы, көшпелі көрмелер (Алматы), Ресей және Түркия елшіліктері (Қазақстан), Алматы, Бішкек, Мәскеу, Петербург, Араб Әмірлігі, Ұлыбритания, Голландия, Индия, Канада, Польша, Түркия, АҚШ, Чехия, Оңтүстік Корея, Жапонияның жеке галереяларында сақтаулы.

Алматы қаласында тұрады.

 

 

 

А. П. Дашконың мақалалары

Публикации Дашко А. П.

 

 

Дашко, А. П. 031840 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы үшін [Мәтін] / А. П. Дашко, Т. М. Кожагулов, А. Ж. Некисбеков. – Алматы : КазНПУ им. Абая, 2003. – 109 б.

Дашко, А. П. 050701 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы үшін [Мәтін] / А. П. Дашко, Т. М. Кожагулов. – Алматы : КазНПУ им. Абая, 2005. – 109 б.

Дашко, А. П. 050701 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы үшін [Мәтін] / А. П. Дашко, Т. М. Кожагулов. – Алматы : КазНПУ им. Абая, 2007. – 109 б.

Дашко, А. П. Тематика дипломных работ по живописи для студентов специальности «ИЗО и черчение» 4 курс с практическими рекомендациями по выполнению в различных жанрах и стилистических направлениях [Текст] / А. П. Дашко, Т. М. Кожагулов, Р. Мизанбаев. – Алматы : КазНПУ им. Абая, 2007. - 72 с.

Дашко, А.П. Практические задания по дисциплине «Живопись» [Текст] : учебная программа / А. П. Дашко. – Алматы : КазНПУ им. Абая, 2007. – 31 с.

Дашко, А.,П. Учебные программы для специальности : 5В010700 «Изобразительное искусство и черчение» по 5 предметам [Текст] / А. П. Дашко. – Алматы : КазНПУ им Абая, 2011. - 72 с.

 

 

А. П. Дашко туралы әдебиеттер

Литература о Дашко А. П.

 

Титенев, В. З. Қазақстан халқының өнері=Искусство народа Казахстана [Мәтін] / В. З. Титенев. – Алматы, 2017. –Дашко Анатолий: б. 82.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Анатолий Петрович Дашко [Электронндық ресурс] // Уикипедия – ашық энциклопедия : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/Анатолий_Петрович_Дашко (04.05.2018)

Дашко Анатолий [Электронный ресурс] // arvest.kz : сайт. – Режим доступа :   http://www.arvest.kz/artists/17.php (04.05.2018)

Горелов А. Г.

Горелов Александр Григорьевич (1946 г.) – суретші.

1946 жылы СССР (қазір РФ) Новосибирск қаласында дүниеге келген. Кейін отбасы Қырғызстанға көшп келеді. Әскерден кейін Мәскеу көркемсурет театры жанындағы студия мектебіне оқуға түседі. 1976 жылы студия мектебін бітірген соң Ресей театрларында суретші-қоюшы, Қырғыз академиялық опера театрында бас суретші, Алматыдағы М. Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театрында қызмет атқарып, Алматы қаласындағы театр-көркемсурет институтында (қазір Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы) оқытушы болды. 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына көшіп келгеннен кейін Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театрында суретші-қоюшы болып жұмыс істейді.

А. Г. Гореловтың негізгі жанры – пейзаж, шығармаларының «бас кейіпкерлері» - қала көшелері, үйлер, Ертіс жағалауы, оңаша орындар мен шағын аулалар.

 

 

 

 

А. Г. Горелов туралы әдебиеттер

Литература о Горелове А. Г.

 

 

Горелов Александр Григорьевич. Зимняя история [Текст]// Наше дело. — 2011. — 27 января. — С.9.

Нугуманова, Г. Хобби, ставшее смыслом жизни[Текст]: выставка декоративно-прикладного искусства / Г. Нугуманова // Вести Семей. — 2010. — 8 апреля. — С.3.

Шакабаев, Р. Городские пейзажи [Текст] / Р. Шакабаев // Наше дело. — 2013. — 19 сентября. — С.8.

 

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

 

Горелов Александр Григорьевич [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10792&lang=ru (07.02.2018)

Долбилкин Н. П.

Долбилкин Николай Павлович – суретші, график, КСРО суретшілер одағының мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, Ұлы Отан соғысына қатысқан.Долбилкин Николай Павлович (1923-2010) – суретші, график, КСРО суретшілер одағының мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы Риддер поселкесінде (қазір қала) дүниеге келген. Бейнелеу өнері бойынша алғашқы дәрісті изостудияда алды. 1941 жылы наурызда жас суретшінің алғашқы жеке көрмесі ұйымдастырылды. Орта мектептен кейін кеніште жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы жылдары ерікті түрде майданға аттанды. Украина, Бессарабия, Румыния, Болгария, Венгрия, Чехословакия жерін жаудан азат ету шайқастарына қатысты. Соғысты Прага қаласында аяқтады. 6-шы танк армиясы құрамында Қытайда жапон-квантун тобын жоюға қатысты.

Жауынгерлік ерлігі үшін 2-дәрежелі Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін» , «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін» т.б. медальдармен марапатталды.

1949-1952 жж. Мәскеу қолданбалы және декоративті өнер институтында монументалды-декоративті бейнелеу өнері факультетінде оқып, оқуын 1955 жылы В.И.Мухин атындағы Ленинград Жоғары көркемөнер-өнеркәсіп училищеде оқып білім алды.

1961 жылы КСРО Суретшілер Одағына қабылданды.

Комсомольск-на-Амуре және Хабаровскіде тұрып, жұмыс істеді.

Суретші туған жерінде көлемі 240 м2 құрайтын ірі «Ландшафты Алтая» мозаикасын жасады, ол Риддер қаласының тау-кен комбинаты профилакториясына ерекше рең беріп тұр.

1955 жылдан бүкілодақтық, республикалық, аймақтық, өлкелік көрмелерге қатысты. Дербес көрмелері Комсомольск-на-Амуре (1959, 1970), Новосибирск (1975), Лениногорск (1980, қазір Риддер), Өскемен (1986, 2003), Хабаровск (1967, 1969, 1973, 1975, 2005) қалаларында ұйымдастырылды.

Жұмыстары Қиыршығыс көркемөнер музейі (Хабаровск), Н. И. Гродеков атындағы Хабаровск өлкетану музейі, Бейнелеу өнері музейі (Комсомольск-на-Амуре), А.М.Федотов атындағы картина галереясы (хабаровск), Хабаровск қалалық музейі қорында сақтаулы.

Суретшінің есімі) әлемдік бейнелеу өнері энциклопедиялық сөздігі «Аllgemaines Kunsler Lexikon» (Мюнхен, 2000 , сондай-ақ, «Лучшие люди России» (2004) энциклопедиясына енген.

2010 жылы қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Долбилкин Николай Павлович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=325 (13.02.2018)

Долбилкин Николай Павлович [Электронный ресурс] // Центральная городская библиотека имени Н. Островского г. Комсомольска-на-Амуре : сайт. – Режим доступа : http://www.kmslib.ru/dolbilkin-nikolay-pavlovich-zasluzhennyy-hudozhnik-rossii (13.02.2018)

Долбилкин Николай Павлович [Электронный ресурс] // Память народа 1941-1945 : сайт. – Режим доступа : https://pamyat-naroda.ru/heroes/podvig-chelovek_nagrazhdenie35976172/ (13.02.2018)

Луцкая, Т. Долбилкин Николай Павлович [Электронный ресурс] / Т. Луцкая // Библиотека им. Оралхана Бокея : сайт. – Режим доступа : http://kitaphana.kz/ru/iskustvo/4300-dolbilkin.html (13.02.2018)