Шупляк Сергей Петрович (1953 ж.) – сәндік-қолданбалы өнер суретшісі, кескіндемеші, иллюстратор, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.
1953 жылы 30 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1960 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрып, жұмыс істейді.
Сурет салу өнерін 1964 жылы Өскемен қаласындағы Пионерлер сарайында, суретші және педагог Е.Н.Годовскидің балаларға арналған бейнелеу өнері студиясында үйренді.
Мәскеу мемлекеттік удизайн және технология университетінің қолданбалы өнер факультетін бітірген (1985). Сәндік-қолданбалы өнер, сондай-ақ, графика, кескіндеме және иллюстрация бағытында жұмыс істейді.
Көптеген республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан: (1987, 1988, 1989, 2005, 2007, 2009): Германия (1983), Италия (1985), Болгария (1985), Ресей (2013).
11 жеке көрме авторы: Өскемен (1997, 1999, 2000, 2001, 2006, 2008, 2012), Риддер (1998), Парыгино (2004), Зыряновск (2009), Шемонаиха (2010).
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің архитектура-құрылыс факультетінде оқытушы.
Деректер
Источники
Титенев, В. З. Қазақстан халқының өнері=Искусство народа Казахстана [Мәтін] / В. З. Титенев. – Алматы, 2017. – Шупляк Сергей: б. 260.
Быкова, Т. Дорога к себе [Текст] : [о творчестве усть-каменогор.художника С. Шупляка] / Т. Быкова // Рудный Алтай. - 1997. - 6 ноября.
Кратенко, А. Мистерии мастера, или в ожидании Воланда [Текст] : [о творчестве усть-каменогорского художника С. Шупляка и его выставке в галерее УЛПА ОБ им. А. С. Пушкина] / А. Кратенко // Рудный Алтай. - 1999. - 11 мая ; Экспресс К. - 1999. - 15 июня.
Кумаргазы, Г. Гобелены и графика Сергея Шупляка [Текст] : [о выставке "Мистерия мастера" С. Шупляка в галерее "УЛПА" ОБ им. А. С. Пушкина] [Текст] / Г. Курмангазы // Рудный Алтай. - 1999. -20 марта.
Орлова, Т. Мастер, Маргарита и другие... [Текст] : [о судьбе и творчестве художника С. Шупляка] / Т. Орлова // Рудный Алтай. - 2001. - 28 апреля. - С. 21.
Орлова, Т. "Просто класс!" [Текст] : [в детской художественной школе состоялся вернисаж работ трех художников : С. Шупляка, В. Маусумбаева, Ф. Бадожкова] / Т. Орлова // Рудный Алтай. - 2001. - 10 февраля. - С. 10.
Шавлева, Д. Тайны Сергея Шупляка [Текст] / Д. Шавлева // Рудный Алтай. - 2016. - 16 апреля. - С. 6.
Медведева, Н. Главное призвание [Электронный ресурс] / Н. Медведева // Культура Восточного Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://www.kulturavko.kz/page2.files/page18.html (14.06.2018)
Шматова, Я. Мистика и реальность Сергея Шупляка [Электронный ресурс] / Я. Шматова // Библиотека имени Оралхана Бокея : сайт. – Режим доступа : http://kitaphana.kz/ru/iskustvo/4297-shuplyk.html (14.06.2018)
Шереметьев Григорий Тимофеевич (1922-1997) – суретші, кескіндемеші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1922 жылы РФ Алтай өлкесі Сидоровка селосында дүниеге келген. 1946 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазір О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) бітірді.
Қазақстан Суретшілер Одағының Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы алғашқы өкілі болды.
Қаланың шығармашылық ұжымының қалыптасуына белсенді қатысты.
Республикалық және одақ деңгейіндегі көрмелерге қатысқан.
1989 жылы суретшінің жұмыстары Гурзуфтегі (Қырым Республикасы) Коровин атындағы шығармашылық үйде ұйымдастырылған Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер-суретшілер көрмесіне қойылды.
1974 және 1982 жылдары Алматы қаласында жеке көрмелері ұйымдастырылды. 2002 жылы – Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде суретшінің мерейтойына орай көрме өткізілді.
Суреттерінің негізгі тақырыбы – Ертіс өңірінің тыныс-тіршілігі.
Пейзаж, портрет, тақырыптық картиналар авторы.
1997 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых [Текст]. - Семипалатинск : Тенгри, 2003. - С. 160.
Шереметьев Григорий Тимофеевич [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10887&lang=ru (21.06.2018)
Шоқанов Әлібек Төкенұлы (1969 ж.) – суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.
1969 жылы 7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Жетіарал селосында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ МУ (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ) көркемсурет-графика факультетін бітірген.
1997 жылдан бері әртүрлі деңгейдегі көрмелерге қатысқан. 2004 жылы Өнер музейінде алғашқы жеке көрмесі ұйымдастырылды. Суретшінің Астана, Семей, Петропавловск қалаларында жеке көрмелері өтті. 2016 жылы Шығыс Қазақстан Өнер музейінде «Туған ауыл түтіні» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды.
Екі мәрте Белорусияда өткен халықаралық пленэрге қатысты.
Бейнелеу өнері номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының иегері.
Қазіргі күні Өнер мектебінің директоры, онда 200 ден аса жас суретшілер оқып, білім алуда.
Деректер
Источники
Құсанбаев, С. Тасына туған жердің тіл бітірген [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 21 қаңтар.- Б. 7.
Тоқанұлы, Б. Он елдің суретшілері оң баға берді [Мәтін] / Б. Тоқанұлы // Дидар. - 2010. - 8 шілде.- Б. 5.
Көпшікбаева, Ш. Шоқанов реализмі немесе Белоруссия сапарының әңгімелері [Мәтін] / Ш. Көпшікбаева // Тарбағатай. - 2010. - 24 шілде.- Б.2.
Шоқанов Әлібектің "Туған жердің тұнған бояуы" атты жеке көрмесі [Мәтін] // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2010. - № 1.- Б.11.
Шоқанов, Ә. Ғылыми жұмыстар өрісі [Мәтін] / Ә. Шоқанов // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2012. - № 4.- Б.23-26.
Иманғали, М. Картиналарынан ауылдың иісі аңқып тұрады [Мәтін] : [суретші Ә. Шоқанов туралы] / М. Иманғали // Дидар. - 2018. - 5 сәуір.- Б. 13.
***
Жиенбекова, Ж. М. "Атамекен - кең далам - Земли родной просторы" [Текст] / Ж. М. Жиенбекова // Вестник культуры. - 2007. - № 12. - С. 25.
Шавлева, Д. Эмоциональные пейзажи Тарбагатая [Текст] : [о вернисаже персональной выставки художника Алибека Шоканова] / Д. Шавлева // Рудный Алтай. - 2010. - 15 янв. - С. 8.
Денисова, Г. О любви к Отчизне в серых тонах [Текст] : [об участии художника из Тарбагатая А. Шоканова в Международном пленэре] / Г. Денисова // Устинка плюс. - 2010. - 27 мая. - С. 10.
Вторникова, Ю. И капля дождя дает вдохновение [Текст] : [о художнике Алибеке Шоканове из Тарбагатайского района ВКО] / Ю. Вторникова // Рудный Алтай. - 2010. - 1 июня. - С. 6.
Репп, М. А. Яркие краски Отчизны [Текст] / М. А. Репп // Педагогический мир. - 2010. - № 32. - С. 2.
Найманов, Б. Благодаря меценатам [Электронный ресурс] / Б. Найманов // 7 дней. - 2016. - 9 июня. - С. 2.
Шавлева, Д. Художник, что рисует жизнь [Текст] : [о художнике Алибеке Шоканове и его персональной выставке] / Д. Шавлева // Рудный Алтай. - 2016. - 22 декабря. - С. 4.
Шоканов Алибек Токенулы [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=372 (15.06.2018)
Яковлев Николай Иванович (1927-1985) – суретші, кескіндемеші, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1927 жылы Ленинград (қазір РФ Санкт-Петербург қ.) дүниеге келген. Ленинград көркемсурет Академиясында (қазір И.Е.Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық бейнелеу өнері, мүсін және архитектура институты) көркемсурет мектебінде оқыған.
1942-1944 жж. Псков облысында партизан қозғалысына қатысты. Қызыл Жұлдыз ордені, медальдармен марапатталған.
1948 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазір О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) бітірді. 1950 ж. Шығыс Қазақстан облысы Семей педагогикалық училищесінде (қазір М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі) оқытушы болды. Көркемсурет қоры шеберханаларында жұмыс істеді.
Қалалық, облыстық және республикалық көрмелерге қатысқан.
1957 жылы суретшінің жұмыстары бүкілодақтық мәндегі Чебоксары (Чуваш Республикасы) және Черновецте (Украина Республикасы) ұйымдастырылған көрмелерге қойылды.
Н.И.Яковлевтің жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі және Қазақстанның басқа музейлерінде сақтаулы.
1985 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых. — Семипалатинск [Текст] : Тенгри, 2003. - С. 158.