Известные имена

Суретшілер

Иванчук Ф. Ф.

Иванчук Франц Феликсович – суретші, сәулетші.Иванчук Франц Феликсович (1892-1975) – суретші, сәулетші.

1892 жылы (11 ақпан) Ресей Империясы (қазір Ресей Федерациясы) Мәскеу қаласында дүниеге келген. 3-кластық қалалық реальное училищені бітірген соң, 1904 жылы И. Д. Сытин типографиясының сурет және литография мектебіне оқуға түседі. КСРО халық суретшісі Н. А. Касаткинаның жетекшілігімен сурет салу теориясын меңгерді. Оқудан кейін тушьпен сызылған суретті литографқа түсіруші және суретші-безендіруші болып жұмыс істеді.

1912 жылы типографияның түптеу бөлімінің аэротипті цехының басшысы болды.

1915 жылы 56-пехотаның қосымша батальонының бірінші ротасында қатардағы жауынгер болып қызмет етті (Кремль жанындағы күзет мұнарасы).

1918 жылға дейін Моссоветтің баспа комиссиясында, Сешня мен Сокольникиде қиын балаларды тәрбиелейтін балалар үйлерінде жұмыс істеді. 1919 жылы қазанда Ф. Ф. Иванчук РКП(б) (партияның (большевиктер) революциялық комитеті қатарына кірді және 1920 жылы Польша Ревкомы қарамағына жіберіліп, сонда 1921 жылға дейін жұмыс істеді. 1921 жылы Жоғарғы көркем-шеберханаға, кейін, Жоғарғы көркем-техникалық шеберханаға оқуға жіберілді. Ол өзін Валентин Серовтың шәкірті және ізбасары ретінде санайтын. Ақындар В. Маяковский және С. Есенинмен таныс болды, КСРО халық суретшілері   В. М. Куприянов, П. Н. Крылов және Н. А. Соколов (Кукрыниксы) .

1928-1932 жж. Жоғарғы көркем-техникалық институтта оқыды, кейін, оқу орны Жоғарғы архитектура-құрылыс институты болып қайта құрылды. Институттан кейін инженер-архитектор, Мәскеу Өнеркәсіптік аудандар құрылысы бөлімінің басшысы, бітірген институттың аспиранты болды.

Ф. Ф. Иванчук қуғын-сүргінге ұшырап, екі рет партия қатарынан шығарылды. Дегенмен, архитектура саласындағы беделі арқасында Франц Феликсович лагерьден босап, партия қатарына қайта қабылданды. Ол 1939 жылы Мәскеуден біржола кетіп, саяси тұтқын ретінде Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласына (қазір Риддер қаласы) жер аударылды.

Лениногорскіде (қазір Риддер) тұрған алғашқы айларда Ф. Ф. Иванчук бейнелеу өнері студиясын ұйымдастырды, оның қала өміріндегі ағартушылық, мәдени мәні жоғары болды. Студия бүгінгі күні де Франц Феликсовичтің қызы Марина Петрачкованың еңбегі және таланты арқылы шәкірттер тәрбиелеуде.

«Алтайполиметалл» комбинатының жоба бөлімінің бас сәулетшісі болып жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы жылдары жаңа өнеркәсіп алаңдары, цехтар жобалаумен айналысып, қоныс аударушыларға арналған тұрғын-үй құрылысына басшылық етті.

1956 жылдан бастап – комбинаттың бас сәулетшісі. Мәдениет сарайы, орталық қалалық кітапхана, қала сыртындағы үй, қалалық кітапхана, Крольчатниктегі балабақша, пионер лагері, Лениногорск полиметалл комбинатының демалыс аймағы, шипажайды көркем безендірумен айналысты. 1950 жылы Тәуелсіздік даңғылы бойын желекжолмен көріктендіру идеясын ұсынды.

Портрет, табиғат көріністерін бейнелеп, өнер тарихы бойынша лекциялар жасады.

1961 жылы қаңтарда Ф. Ф. Иванчук зейнетке шыққанымен, изостудияны басқару жұмысын жалғастыра берді. 1966-1967 жж. Франц Феликсович отбасымен бірге Өскемен қаласына көшіп келіп, Құрылыс-жол институтында (қазір Д.Серікбав атындағы ШҚМТУ) архитектура-көркемсурет өнерінен дәріс оқыды.

«За доблестный труд в годы великой отечественной Войны (1941-1945гг.)» медалімен марапатталды.

1975 жылы 5 ақпанда қайтыс болды.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

 

Иванчук Франц Феликсович [Электрондық ресурс] // Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві және оның филиалдары : сайты. – Пайдалану орны : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/Page/Index/1750/ridder (24.02.2018)

Кратенко, А. Взял на карандаш [Электронный ресурс] / А. Кратенко // Экспресс К : сайт. – Режим доступа : https://express-k.kz/news/kultura/vzyal_na_karandash-93491 (24.02.2018)

Немцев, М. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / М. Немцев. - Усть-Каменогорск : Изд-во «Медиа-Альянс», 2012. – Иванчук Франц Феликсович : с. 196-197.

Путинцева, Е. 125-летие со дня рождения Франца Феликсовича Иванчука. Архитектура – это искусство, в котором мы живем [Электронный ресурс] / Е. Путинцева // Риддерский городской портал : сайт. – Режим доступа : http://infor.kz/stati/ih-imena-vpisalis-v-istoriyu-riddera-leninogorska/arhitektura-yeto-iskusstvo-v-kotorom-my-zhivem.html (24.02.2018)

«Риддер қ. ИЗО студиясы – 80!» кездесу [Электрондық ресурс] // Риддер тарихи-өлктану музейі : сайты. – Пайдалану орны : http://riddermuseum.kz/kz/newss/327-ridder-izo-studiyasy-80-kezdesu.html (24.02.2018)

Резонтова, М. М. Истинный художник, любящий больше всего искусство, никогда не удовлетворен собою и старается идти все дальше [Электронный ресурс] / М. М. Резонтова // Восточно-казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа : http://etnografiavko.kz/etno9_files/kulturanar5.html# (24.02.2018)

Ильясова Д. А.

Ильясова Диляра Алтынбековна – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.Ильясова Диляра Алтынбековна (1972 ж.) – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

1972 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген.

Полотносы қарапайым және ашық. Суретші Қазақстанның түрлі аймағының пейзажын салады.

Омск педагогикалық институтының ізденушісі, жастар шығармашылығының «Шабыт» (2001) Халықаралық фестивалінің лауреаты.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрады.

 

 

Деректер

Источники

 

 

Ильясова Диляра Алтынбековна [Электронный ресурс] // Искусство Восточного Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://hearth.kz/dilara.php (20.02.2018)

Калинин В. Е.

Калинин Виктор Евгеньевич – суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.Калинин Виктор Евгеньевич (1973 ж.) – суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.

1973 жылы 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. №2 Кәсіби-техникалық (ПТУ) училищені электрмонтер мамандығы бойынша бітірген. Бала кезінде мультипликатор болуды армандап, сүйікті мультфильмдерден суреттер, кластастары мен мұғалімдерге достық әзіл суреттер салған.

Ол 1995 жылы КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Николай Павлович Аштеманың студиясына оқуға барады. 1995 жылдан бейнелеу өнерімен айналысады. Пейжаз, портрет, фэнтези жанрларында жұмыс істейді.

Виктор Калинин – республикалық, облыстық және қалалық көрмелерге қатысқан. «Шабыт» (Астана, 2006) фестивалінің дипломанты. Жас суретшілер конкурсында (Семей, 2007) екінші орын алды. «Менің Қазақстаным» (Өскемен, 2012-2013) Шығыс Қазақстан сурет көрме-конкурсының бірінші жүлдесінің лауреаты.

Автордың 6 көркем полотносы және 1 графикалық жұмысы Шығыс Қазақстан өнер мұражайы қорында сақтаулы.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Калинин Виктор Евгеньевич [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=195 (20.02.2018)

Мустафин, С. Мечтатель и реалист Виктор Калинин [Текст] / С. Мустафин // Рудный Алтай. - 2006. - 23 нояб. - С. 22.

Оркушпаева, Н. От пейзажа до фэнтези [Текст] : [о художнике Викторе Евгеньевиче Калинине. ВКО] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2017. - 12 октября. - С. 12.

Сухова, Д. Все возрождается вновь! [Текст] : [шестеро местных художников получили удостоверения членов Союза художников РК] / Д. Сухова // Өскемен. - 2009. - 16 дек. - С. 12.

Шавлева, Д. В творческом союзе [Текст] : [шестеро местных художников получили удостоверения членов Союза художников РК] / Д. Шавлева // Рудный Алтай. - 2009. - 22 дек. - С. 6.

Шавлева, Д. В центре счастья Виктора Калинина [Текст] : [o персональной выставке Виктора Калинина] / Д. Шавлева // Рудный Алтай. - 2008. - 31 дек. - С. 6.

Шматова, Я. Виктор Калинин: "Важен сам процесс рисования..." [Текст] / Я. Шматова // Деловой Усть-Каменогорск. - 2004. - № 1. - С. 42-43.

Исин Б. К.

Исин Болат Кәрімұлы – суретші, кескіндемеші.Исин Болат Кәрімұлы (1952 ж.) – суретші, кескіндемеші.

Болат Кәрімұлы Исин 1952 жылы 10 қазанда Семей облысының Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Батыс Украинада В. Касиян атындағы Косовский халықтық-сурет өнері техникумын тәмамдайды. Ағашты көркем өңдеу мамандығы дипломын алып шығады. Көптеген жылдар бойы декоративті-қолданбалы өнер саласында еңбек етіп, көркем туындылардың авторы ретінде танылды.

1989 жылы Солнечногорскі қаласы «Синеж» КСРО Суретшілер кеңесінің Шығармашылық үйінде өткен жас монументалистер симпозиумына қатысқан.

1992 жылы Франциядағы Қазақстан күндері Болат Кәрімұлы мен Күләш Ақашқызының туындылары париждіктерді тамсандырды.

Болат Исиннің жетекшілігімен Ұлы Абайдың Мұражай-үйі безендірілді.

2002 жылы суретшінің жеке көрмесі ұйымдастырылды.

Алматы қаласында өткен «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты (Алматы,1988), «Тау Түрген» Шығармашылық үйінде өткен суретшілердің халықаралық симпозиумының лауреаты (1993, 1995), «Мастер-класс Казахстан 2000» Халықаралық фестивалінің лауреаты (Алматы, 2000), облыс Әкімі сыйлығының лауреаты атанады.

Исиндер отбасы ұзақ жылдар бойы «Терме» өндірістік кооперативінде еңбек етіп, ұлттық киімдер тігу және дизайнымен айналысты.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Воронова, В. Пять дней по "Шелковому пути" [Текст] : своеобразное путешествие во времени совершили наши художники Аштема Н., Исин Б., Макаров Г., став участниками первого международного фестиваля искусств "Мастер класс Казахстан" / В. Воронова // Рудный Алтай. - 2000. - 11 нояб. - С. 5.

Жапишева, Л. Многоцветная палитра Булата Исина [Текст] / Л. Жапишева // Рудный Алтай. - 2007. - 22 ноября. - С. 2.

Кумаргазы, Г. В новый век - с новыми силами и надеждами [Текст] : из истории развития изобразительного и декоративно-прикладного искусства города и области / Г. Кумаргазы // Деловой Усть-Каменогорск. - 2002. - № 9. - С. 24-25.

Кумаргазы, Г. Многоцветие Болата Исина [Текст] / Г. Кумаргазы // Деловой Усть-Каменогорск. - 2002. - № 11. - С. 24-25.

Орлова, Т. Шелковый путь Булата Исина [Текст] : [о жизни и творческом пути художника Булата Исина] / Т. Орлова // Рудный Алтай. - 2001. - 6 февр. - С. 4.

Сидорова, Н. Шедевры, пронизанные музыкой [Текст] : [персональная выставка художника-земляка Болата Исина] / Н. Сидорова // Рудный Алтай. - 2002. - 12 ноября. - С. 4.

Шварева, Е. Сколько полотен - хороших и разных! [Текст] / Е. Шварева // Мир искусства.- 2005. - 27 ноябр. - С. 4.

Керимова О.

Керимова Ольга – суретші.Керимова Ольга (1973 ж.) – суретші.

1973 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка селосында (қазір Қалба ауылы) дүниеге келген. 2004 жылы Павлодар көркемсурет колледжін «Графикалық дизайн» мамандығы бойынша, 2007 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Дизайн» мамандығы бойынша аяқтады.

1900-1996 жж. Алматы қаласында республикалық теледидардың «Әнші балапан» бағдарламасында жұмыс істеді. 1997 ж. – суретші-декоратор, Шығыс Қазақстан облысы ұжымдарында модельер болды. Би ұжымдарына арналған костюмдер әзірлеумен айналысты.

«Мисс Востока» конкурсының «Ұлттық киім және «Кешкі киім» (Өскемен, 2015) номинациясы бойынша (1 орын) алды.

Павлодар облыстық көркемсурет музейіндегі М*арт жобасы көрмелеріне қатысушы.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Титенев, В. З. Қазақстан халқының өнері=Искусство народа Казахстана [Мәтін] / В. З. Титенев. – Алматы, 2017. –Керимова Ольга: б. 128.