Коротин Сергей Викторович (1952 жылы туған) - Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, қалалық мәслихат депутаты, белгілі меценат.
1952 жылы 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. №15 орта мектепті аяқтағаннан кейін, Германияда Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен
Өскемен құрылыс-жол институтының (қазіргі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті) инженер-механик мамандығын бітірген. Еңбек жолын Өскемен қаласы Комсомол қалалық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Октябрь аудандық партия комитеті партия комиссиясының төрағасы болып бастаған. Жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. «Востокгражданстрой» біріккен кәсіподақ комитетінің төрағасы, Магадан облысы Чукчи автономиялық округінің «Провидения» теңіз порты бастығының орынбасары, Магадан қаласының саяхат және экскурсия бюросының директоры, «Прогресс» қауымдастығының ШҚ филиалының директоры болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта – «Фирма «НКГ» ЖШС және «Oreol LTD» ЖШС директоры. ШҚО ҚХА меценаттар клубының төрағасы, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, мүгедек балаларға арналған жаңа жылдық мерекелерді ұйымдастыруда қайырымдылық көмек көрсетеді. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысады.
2014 жылы С. В. Коротинмен басқарылған «Ореол» БПҰ 100 адамға дейінгі «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауында 1-ші орынды иеленді.
2015 жылы С. В. Коротинге «Ардагерлерге қамқорлығы үшін» номинациясы бойынша «Алтын Жүрек» қоғамдық ұлттық сыйлығы табысталды.
2018 жылы Өскеменнің сауда саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін С.В. Коротинге «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
2023 жылдың ақпан айында облыстың дамуына қосқан зор үлесі үшін Сергей Викторович Коротинге «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.
С. В. Коротин туралы әдебиет
Литература о Коротине С. В
Лучшие люди Казахстана = Қазақстанның үздік адамдары [Текст] : энциклопедия. Вып. 1. - Алматы : [б. и.], 2009. - 568 с.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалар
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Коротин, С. Годы, которые не зачеркнуть [Текст] / С. Коротин // Устинка плюс. - 2013. - 24 октября. - С. 12 – 13.
Интернет ресурстары
Интернет ресурсы
Коротин С. В. [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс Усть-Каменогорского городского маслихата: сайт. – Режим доступа : http://ukmaslihat.vko.gov.kz/ru/citizens_81.htm (11.01.2019)
Коротин С. В. [Электронный ресурс] : [биография] // 100 новых лиц Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://100esim.el.kz/ru/bio/sergei_korotin (11.01.2019)
Коротин С. В. [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс Усть-Каменогорского городского маслихата : сайт. – Режим доступа : https://kmvko.kz/about/ (11.01.2019)