Козлов Аркадий Гаврилович (1929) – Шемонайха ауданының құрметті азаматы, суретші.
1929 жылы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха селосында дүниеге келген. Н.К.Крупская атындағы Мәскеу университетінің сурет және бейнелеу өнері факультетін сырттай бітірді. 1962 жылдан бастап зейнеткерлікке дейін Выдриха мектебінде сурет пәні мұғалімі болды. Ол оқушыларымен саяхаттау кезінде оларды сурет салуға үйретіп, өзі этюдтер жасады. «Самородок» халық шығармашылығы клубының мүшесі. Картиналары Мәскеудің ВДНХ, Алматы, облыс және аудандық көрмелерде ұйымдастырылды. Картиналарының бір бөлігі Шемонайха аудандық тарихи-өлкетану музейі және Выдриха селосының А.С.Иванов атындағы мектеп музейінде сақтаулы. Қазір Шемонайха ауданы Рассыпное селосында тұрады. Ұлы Жеңістің мерейтойына арналған Бүкіләлемдік халық шығармашылығы байқауының І және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
А. Г. Козлов туралы әдебиеттер
Литература о Козлове А. Г.
Мақалалар – статьи:
Шмунк, Г. Полотна сельского художника [Текст] : [о творчестве художника А. Г. Козлова] / Шмунк Г. // Рудный Алтай. - 1999. - 31 июля.
***
Шаров, Е. Е. Портрет Козлова А. Г [Изоматериал] : акварель / Е. Е. Шаров
Интернет ресурстары
Интернет ресурсы:
Козлов А. Г. [Электронный ресурс] : [биография] // КГУ Шемонаихинская центральная районная библиотека : сайт. – Режим доступа : http://shemlibrary.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=99&Itemid=56 (30.01.2017)