Шайжүнісов Тоқан Жақияұлы (1944-2024) – Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы. Өскемен қаласы мен Көкпекті ауданының Құрметті азаматы.
1944 жылы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауылында көп балалы Халық мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтың отбасында дүниеге келген. Балалық шақтан әскери борышын өтеуге дейінгі жылдары қайсар әрі адал мінезімен көзге түскен.
Еңбек жолын 1963 жылы бастап, көшбасшылық қасиеттерін ерте танытқан. Оның басшылығымен отыз жылдан астам уақыт бойы құрылысшылардың үлкен армиясы жұмыс істеп, облысымыз бен елімізде жүздеген ғимарат пен құрылыс салынды. Өз ұжымымен бірге Армения мен Зайсандағы жер сілкінісінен кейін қала мен ауылдарды қалпына келтіруге қатысқан.
2000 жылы «Қазгипроцветметтің» – түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау жөніндегі қазақстандық бас институттың президенті болып сайланады. Ол басқарған ұжым алғашқылардың бірі болып ISO 9001 халықаралық сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алды.
Институттың жобалары бойынша кеніштер, цехтар мен зауыттар, инфрақұрылым және экология объектілері салынуда, қала мен ауылдар дамуда.
Қазақстанды үдемелі индустрияландырудың жаңа кәсіпорындарын іске қосу мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жүзеге асырылады. Ұжымның жетістіктері республикалық және халықаралық наградалармен марапатталады.
Тоқан Жақияұлы бірнеше рет «Жыл адамы», «Жылдың қайырымды адамы» атақтарымен марапатталған. Жас кезінен бастап қаланың, облыстың, елдің қоғамдық өміріне бірнеше шақырылымдағы халық депутаттары Кеңесінің депутаты, мәслихат депутаты, Шығыс Қазақстан облысының экономикалық кеңесінің, аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі өңірлік Қор Кеңесінің мүшесі ретінде белсенді қатысады. Облыстық зияткерлік спорт түрлері федерациясының негізін қалаушы әрі президенті, басқа спорт федерациялары кеңестерінің мүшесі.
Т. Ж. Шайжүнісовтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях Т. Ж. Чайжунусова
Чайжүнісов, Т. Біз Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз ! / Т. Чайжүнісов // Айқын . - 2015.- 4 маусым
***
Чайжунусов, Т. Будущее у "Саулета" есть: [Беседа с президентом ТОО"Саулет" Т.Чайжунусовым] / Т Чайжунусов. // Рудный Алтай. - 1997. - 15 марта.
Чайжунусов. Т. Движение в поддержку стратегического курса президента / Т .Чайжунусов // Рудный Алтай. - 1999. - 5 янв.
Чайжунусов, Т. В новый век - с новыми проектами / Т. Чайжунусов. А. Лоскутов // Рудный Алтай. - 2001. - 4 янв. - С. 3
Чайжунусов, Т. Казгипроцветмету - 55 лет / Т. Чайжунусов // Деловой Усть-Каменогорск http://www.aaa.kz. - 2002. - №7. - С. 10-11
Чайжунусов, Т. Мы - одна команда : [К 55-летию Казгипроцветмета] / Т. Чайжунусов // Рудный Алтай. - 2002. - 15 авг. - С. 2
Чайжунусов, Т. Приумножать достояние Родины / Т. Чайжунусов // Рудный Алтай. - 2002. - 15 янв. - С. 3
Чайжунусов, Т. Светлой памяти Аверьячкиной Надежды Максимовны посвящается: жизнь в служении людям: [некролог] / Т. Чайжунусов // Рудный Алтай. - 2009. - 4 июня. - С. 7.
Т. Ж. Шайжүнісов туралы әдебиет
Литература о Чайжунусове Т. Ж.
Кітаптар – Книги:
Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с – Т. Ж. Чайжунусов: С.106 - 107.
Мақалалар-Статьи
Наши славные земляки // Рудный Алтай. - 2004. - 13 июля. - С. 2
Казгипроцветмет - от проекта до объекта // Рудный Алтай. - 2006. - 12 авг. - С. 4
Шыбынтаева, М. Династия Чайжунусовых: не скудеет талантами и добротой / М. Шыбынтаева // Спектр. - 2017. - 12 июля. - С. 5
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Чайжунусов Токан Жкиянович [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : https://bestpeople.name/book/face/id/3310/symbol/%D0%A7
Чайжунусов Токан Жкиянович [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://oskemen.info/photo-id-3499.html