Известные имена

Жексекенов З.

ZheksekenovЖексекенов Зейнелхан (1948-2020) - ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы

Зейнелхан Жексекенұлы 1948 жылы бұрынғы Большенарым ауданының Майемер ауылында туған. Көктерек орта мектебін бітірген. Алматы зооветеринарлық институтында зоотехник мамандығы бойынша оқыған. Дипломын алған жас маман 1971 жылы туған жері Шығыс Қазақстанға келіп, еңбек жолын «Жұмба» кеншарында бас зоотехник болып бастайды.

1974-1979 жылдар аралығында Катонқарағай ауданына қарасты Сарымсақты мал бордақылау кеңшарының директоры қызметін атқарды. Одан кейін Коробиха кеңшарын басқарды.

1980 жылы Зейнелхан Жексекенов «Өрел» кеңшарына бас зоотехник, 1988-1991 жылдар аралығында Глубокое ауданының «Ленин» кеңшарында бас зоотехник болып еңбек етеді.

1988 жылы Ресей Федерациясының Барнаул қаласында КАЗКСР-да етті бағыттағы Галловей асыл тұқымды ірі қара малын өсіру жөнінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атанады. 1991 жылы Катонқарағай ауданына қайта оралып, «Коробиха» кеңшарын басқарады.

Бұдан кейін Зейнелхан Жексекенұлы өзінің жемісті еңбек жолын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ретінде жалғастырады. 1995 жылы ол Шығыс Қазақстан тәжірибе шаруашылығын басқарып, кейін ғылыми зерттеу институтына басшылық етеді. 2007 жылдың тамыз айынан «Импульс ЖЗЖ» ЖШС-нің директоры қызметін атқарған.

Ұзақ жылғы еңбек жолында Зейнелхан Жексекенұлы өзін ауыл шаруашылығын жетік меңгерген білімді де білікті басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде көрсете біліп, жоғары беделге ие болды. Осы жылдар ширегінде оның омарта және марал шаруашылықтарына арналған 37 ғылыми еңбегі жарық көрді. Соның бірі-«Марал шаруашылығын дамыту технологиясы» монографиялық еңбегі.

2003 жылы ол докторлық диссертациясын сәтті қорғап, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы атанды. Сонымен қатар Зейнелхан Жексекенұлы Қазақстан және Моңғолияның ауыл шаруашылығы ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болды.

2008 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін оған «Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Зейнелхан Жексекенұлы - Парасат-пайымы терең, өз ісіне жауапты адам еді.  Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, бауырмал, қайырымды азамат 2020 жылы Өскемен қаласында дүниеден өтті.

 

З. Жексекеновтың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Статьи З. Жексекенова опубликованные на страницах периодической печати

 

Жексекенов З. Ауылдың келешегі ғылыммен байланыста [Мәтін] / Жексекенов З. // Дидар. - 1997. - 25 қаңтар.- Б.

Жексекенов З. Өнімді ауылда өңдеудің жайы [Мәтін] / Жексекенов З. // Дидар. - 1994. - 26 қараша.- Б.