Плахута Алексей Егорович (1936 - 2000) – құрылысшы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы
Алексей Егорович Плахута 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Каменка ауылында туған. 1953 жылдан бері Кенді Алтай құрылыстарында жұмыс істеді. Еңбек жолын машина жөндеу шебері болудан бастаған.
1985 жылдан Ертіс құрылыс басқармасында басшылық қызметте болды. Алексей Егоровичтің басшылығымен қаладағы Спорт сарайы, Орталық Мәдениет сарайы, Протозанов (бұрынғы Набережная Красных Орлов), Славский атындағы Ертіс жағалауы көшелері, 6 мектеп, бала бақша, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар ескерткіші т.б. ғимараттар салынған.Өскемен қаласының дамуына қосқан үлесі үшін А. Е. Плахута «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Өскеменнің «Металлург» кентіндегі бір көшеге Плахутаның есімі берілген. Өскемен қаласының Құрметті азаматы (1996).
А. Е. Плахута туралы әдебиет
Литература о А. Е. Плахута
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия. \Бас ред. Б.Ө. Жақып. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- 615 б.: - Плахута А.Е. –Б. 615.
Құрмет кітабы. Өскемен қаласы. = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / идея авторы және жетекшісі Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - 208 б.
***
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с. - С. 60 - 62.
Мақалалар-Статьи
Стали Почетными гражданами // Рудный Алтай. - 1996. - 18 апреля.
Евдокимов, Н. Почетный президент и гражданин : [О руководители ИУС А. Е. Плахута] / Евдокимов Н. - Текст : непосредственный // Рудный Алтай. - 1996. - 29 июня.
Губушкин, М. К. // Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск, 2008. - С. 60-61.