Оразбайұлы Серік (1949) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы
1949 жылы 10 қазанда Павлодар облысы, Май ауданы, Майск ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Өскемен қаласының №8 қалалық кәсіптік техникалық училищесіне слесарь-монтаждаушы мамандығына оқуға түседі. Оны аяқтағаннан кейін Үлбі монтаждау басқармасына жұмысқа орналасады. 1973 жылдан 1978 жылға дейін Өскемен қалалық ҚМК үшінші цехында өнеркәсіптік жабдықтардың слесарі болып жұмыс істейді. 1982-1996 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер органдарында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қала мен облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2011 жылдан бастап Өскемен қаласының аумақтық жергілікті өзін-өзі басқарудың төрағасы болып табылады.
«Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы 2019 жылдың 23 желтоқсанында Өскемен қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді. Атақ берілген күні: 2019 жыл 23 желтоқсан.