Иманғалиев Совет Қапанұлы - қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
4 тамыз 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мырзат ауылында дүниеге келген. Шымқорадағы Жамбыл атындағы мектепті бітірген.
1967-1968 жылдары - алғашқы еңбек жолын Өскемен көлік жөндеу зауытында токарь болып бастайды.
1968-1973 жылдары Өскемен педагогикалық институтының химия-биология факультетінде оқиды. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң Совет Қапанұлы жолдамамен Катонқарағай ауданының Чернова (қазір Аққайнар) ауылындағы орта мектепте оқушылардың мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы болып еңбек жолын бастайды. Катонқарағай ауданында атқарылған көптеген игілікті істердің ұйытқысы бола білді.
1974-1979 жылдары Катонқарағай аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол кезде аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметі ірі лауазым болатын. Бүкіл ауданның кадрларын дайындау және іріктеу оңай шаруа болмаса керек.
1980-1982 жылдары Катонқарағай аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
1982-1985 жылдары Мәскеу қаласында КСРО Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында халықаралық референт мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1985-1991 жылдары Семей облыстық атқару комитетінде жоспарлау экономикалық бөлімнің жетекшісі қызметін атқарды.
1992-1995 жылдары Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан Мелекеттік университетінде сыртқы экономикалық бөлімнің басшысы қызметін атқарды.
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрлігінде сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.
1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бас консулдық басқармасында бастықтың орынбасары қызметін атқарды.
1997-1999 жылдары Моңғолия мен Қытай Халық Республикасының елшіліктерінде қызмет атқарды. Қытай, моңғол тілдерін еркін сөйлейді.
Ал 1999-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.
2001-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас консулдық басқармасына қарасты Өскемен қаласының консулдық бөлімшесінің жетекшісі қызметін атқарды.
2018 жылдан – Қазақстан Американ Еркін университетінде халықаралық қатынастар мен ақпаратты сақтау жөніндегі кеңесші қызметін атқарады.
Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы. 2021 жылдан дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Шығыс Қазақстандағы филиалының басшысы.
Марапаттары:
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл».
Төсбелгілері: «Туризм саласының үздігі», «Катонқарағай ауданына 90 жыл», «Ұлан ауданына 90 жыл», «Бейбітшілік әлемі», знак «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін».
28 шілде 2010 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Иманғалиев Совет Капанұлына Катонқарағай аудандық мәслихатының шешімімен "Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы" атағы берілген.
С. Қ. Иманғалиев шығармалары
Произведения С. К. Имангалиева
Кітаптар-Книги
Қапанов, Б. Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер [Мәтін] : очерктер / Б. Қапанов. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2008. - 703 б.
Қапанов, Б. Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров [Мәтін] / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен: ШҚМУ, 2010. - 254 б.
Қапанов, Б. Анамдай әлпештеген Асқар Алтай [Мәтін] / Б. Қапанов. - Өскемен, 2011. - 566 б.
Қапанов, Б. Болсыншы елім аман, жерім аман [Мәтін] / Б. Қапанов. – Өскемен: Либриус 2012. – 336 б.
Қапанов, Б. Шырағым менің сөнбесе... [Мәтін] / Б. Қапанов. - Өскемен: Медиа-Альянс, 2014. - 189 б.
Қапанов, Б. Генерал Жұмағұлов [Мәтін] / Б. Қапанов. – Алматы: Айтұмар баспасы, 2019. – 228 б.
Қапанов, Б. Капитан Қонырбай Құдагельдинов [Мәтін] / Б. Қапанов. – Өскемен: АРГО ШҚПК .- 2021. – 264 б.
***
Капанов, Б. Беговые дорожки «ведущие в невидимые доли» [Текст] / Б. Капанов. – Арыс: 2016. – 200 с.
С. Қ. Иманғалиевтің мерзімді басылымдардағы мақалалары
Публикации в периодических изданиях С. К. Имангалиева
Иманғалиев, С. Қ. Елдестірмек - елшіден [Мәтін] / Иманғалиев С. Қ. // Дидар. - 2004. - 7 ақпан.- Б.3
Иманғалиев, С. Қ. "Александр Невский" орденімен марапатталған комбат [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагері Қ. Боқажанов туралы. ] / С. Қ. Иманғалиев // Дидар. - 2015. - 20 сәуір.- Б.5.
С. Қ. Иманғалиев туралы әдебиет
Литература об Имангалиеве С. К.
Елубай, О. Қыр-сыры мол консулдық қызметті жете меңгерген [Мәтін] / О. Елубай //Егемен Қазақстан.-2010.-24 қыркүйек. – Б. 5
Сіләмбекова, Ж. Алтайға арнап кітап жазды [Мәтін] : [Жерлесіміз С. Қапанұлының "Анамдай әлпештеген асқар Алтай" деген кітабының тұсаукесері өтті. / Ж. Сіләмбекова // Дидар. - 2011. - 6 маусым.- Б.5.
****
Кудайбергенов, К. За первым подарком стояла судьба : [о политическом деятеле С. Имангалиеве из Уланского р-на] / К. Кудайбергенов. - Текст // Рудный Алтай. - 2011. - 17 янв. - С. 3.
Рысакова, Ш. Гордимся молодыми артистами ! / Ш. Рысакова. - Текст // Вести Семей. - 2013. - 27 декабря. - С. 2