Известные имена

Гофман А. Х.

Гофман Альберт ХаймовичГофман Альберт Хаймович (1932) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

1932 жыла 19 қазанда Смоленск қаласында дүниеге келген.

1953 жылы Ортаазиялық политехника техникумын «Гидрометаллургия» мамандығы бойынша, ал 1962 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық инженерлік-құрылыс институтын бітірді. Еңбек жолын Өскеменде Үлбі металлургия зауытында (ҮМЗ) бастады. Альберт Хаймович зауытта алпыс жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Ол ҮМЗ-ның техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысынан, бас инженер- бас технологтың орынбасарынан бастап бас директордың сапа жөніндегі орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Зауыттың бас директорының кеңесшісі болды.

1999 жылдан бастап Альберт Хаймович ҮМЗ көрме- ақпараттық орталығының директоры болып жұмыс істейді.

Тамаша ұйымдастырушы, сауатты басшы әріптестерінің арасында бедел мен құрметке ие болды. Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен үлкен ағарту жұмыстарын жүргізді.

Атом саласының дамуына қосқан үлесі үкіметтік наградалар: «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, КСРО ХШЖК күміс медалімен, «Е. П. Славский» Росатом ведомстволық орденімен, І дәрежелі «Қазақстан Республикасы Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Альберт Хаймович- КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының және В.П.Потанин атындағы зауыт сылығының лауреаты, ҮМЗ еңбек сіңірген қызметкері және зауыттың құрметті ардагері. Оған Ресей Федерациясының «Атом энергетикасы мен өнеркәсібінің ардагері» атағы берілді.

А. Х. Гофман туралы әдебиет

Литература о Гофмане А. Х.

Гофман Альберт Хаймович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 68-69